АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Не сұмдық»: Айқын Алакөлге лас су ағызғандарды қатаң сынға алды (видео)[:]

[:kz]

Әнші Айқын әйгілі Алакөлді ластап жатқан тұрғындарды сынға алды. Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында көлге лас судың ағып жатқан видеосын жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

 

Әншінің желіге салған видеосынан Алакөлге құбыр арқылы лас судың ағып жатқанын анық көруге болады.

«Алакөлге шомылуға барғанда түкіруге батпайсың. Мынау не сұмдық? Өздерін асырап жатқан көлді қалай ластайды??? Септик деген қайда? Мен сол жерде болсам, бітеп қояр едім», — деген жазба қалдырған ол.

Бұны көрген желі қолданушылары, бейнежазбаға жарыса пікір қалдырып, табиғатты ластаушыларға шара қолдану қажеттігін жазған.

«Көлге обал болған екен», «Экологтар қайда қарап отыр?», «Табиғатты ластаушыларды жазалау керек», «Алакөл ең таза көл еді, мынадан кейін ластанатын болды» деген пікірлерін жаудырды желідегілер.

Ал Tengrinews.kz басылымының мәліметінше, Алматы облысы әкімдігі көлге байссейн суын ағызған»Көктем гранд» қонақүйіне айыппұл салынады екен.

Облыс билігі мұндай әрекеттер алдағы уақытта қайталанбас үшін, тиісті шаралар қолға алынатындығын мәлім еткен.

 
  

[:]