АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Дүниежүзілік нәсілдер құрамы

Кіріспе

 Адамдар ең негізгі өзіндік белгілері бойынша: яғни терісінің түсіне, бет бейнесіне, дене құрылысына, шашына және көздерінің бітіміне қарай үш улкен нәсілге: еуропоеидтерге, манголойдтерге және негроидтерге бөлінеді. Бұл нәсілдер өте ертеде пайда болған және олардың атаулары да олардың шыққан жерлеріне сәйкестендіріліп берілген. әрбір нәсілдерден олардың кейбір белгілері жөнінен бір-бірінен айырмашылықтар жасайтын жеке тармақтар пайда болды. Мысалы : еуропеоидтерге екі тармаққа- солтүстік және оңтүстік, манғолоидтер екі тармаққа- азиялық және америкалық, негроидтер екі тармаққа-африкалық және австралиялық болып бөлінеді, ал кейбір әдебиеттерде австралоид атауымен жеке нәсіл ретінде беріледі.

    Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты.

   Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты.

    Дүние жүзінің белгілі бір халықтарының құрамында әр нәсілдік топтың өкілдері болуы немесе бірнеше ұлттардың бір-бірінен ерекшеленген антропологиялык айырмашылығы болмауы да мүмкін. Мысалы, Қытай, Тибет тіл жанұясында  сөйлейтіе халықтардың барлығы да монғолоидтер,

( қытай, тибет, дұнған,  чжуан, бирма т.б. халықтар).

     Ислам филасофиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз — әлемді байланыстыратын күш, Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзінше ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлігі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі болады. Бірінші жағдайға байланысты оның тотемизм, анемизм, натуризм, шаманизм, фетешизм, политеизм (бір тәңірлі ), монетим,(бір тәңірлі ), деизм (әлемді жаратқан соң  оның одан дамуына араласпайтын,белгілі бір тұрпа күйінде емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім ) т.б. түрлері пайда болды. Діннің тайпалық – халықтық (мыс, иудаизм ) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі.

 

І Тарау Дүниежүзілік нәсілдер құрамы

1.1 Жалпы сипаттама. Нәсілдер құрамы

      Нәсілдер шығу тегі мен дене құрылымының тұқым қуалау белгілері бойынша тарихи тамыры ортақ адамдар тобы. Адамдар ең негізгі өзіндік белгілері бойынша: яғни терісінің түсіне, бет бейнесіне, дене құрылысына, шашына және көздерінің бітіміне қарай үш улкен нәсілге: еуропоеидтерге, манголойдтерге және негроидтерге бөлінеді. Бұл нәсілдер өте ертеде пайда болған және олардың атаулары да олардың шыққан жерлеріне сәйкестендіріліп берілген. әрбір нәсілдерден олардың кейбір белгілері жөнінен бір-бірінен айырмашылықтар жасайтын жеке тармақтар пайда болды. Мысалы : еуропеоидтерге екі тармаққа- солтүстік және оңтүстік, манғолоидтер екі тармаққа- азиялық және америкалық, негроидтер екі тармаққа-африкалық және австралиялық болып бөлінеді, ал кейбір әдебиеттерде австралоид атауымен жеке нәсіл ретінде беріледі.

    Ғасырлар бойғы қарым-қатынас нәтижесінде үлкен нәсілдердің қабысу шегінде нәсілдік жағынан әр түрлі ауыспалы типтер пайда болып отырды. Негізінен, бұл өтпелі және аралас формалардың қалыптасуының үш кезеңін бөліп көрсетуге болады: ежелгі дүниеде, орта ғасырда, жаңа кезеңде пайда боғандар. Африкада ертеде оңтүстік еуропалық және негроидтық нәсілдердің арасынан судандық және эфиопиялық өтпелі типтер қалыптасқан. Бұлар бет бейнесі жағынан еуропалықтарға келсе, шаштары бұйра, ал өңдері қара түсті болып келеді. Ал Үндістанның оңтүстігінде ауыспалы форма-веддоидтік тип пайда болды. Сол сияқты австралоидтер мен манголойдтер арасынан-Индонезия, Малай, Филиппин халықтары қалыптасты. Осы тәріздес аралық формаларға жапондықтарды, полинезиялықтар мен микронезиялықтарды жатқызуға болады, бұлардың түр тұлғасында үш нәсілдің де белгілері бар. Орта ғасырлар мен одан берігірек жаңа кезкңде-жер шарының әр бөлігінде ертедегі ауыспалы формалар мен нәсілдер өкілдері арасынан аралас типтер қалыптасты. Мысалы олардың қатарына- Орта Азиялық және Оңтүстік Сібірлік типтер жатады. Оның құрылуына еуропеидтік қоныстанушылардың жергілікті бушмен және готтентоттар мен т.б. араласуынан түрлі-түсті топтар пайда болды. Латын Америкасы еліндегі мулатта, самболар мен метистер де аралас формаға жатады. Индонезиядан Мадагаскар аралына қоныс аударған оңтүстік манголоидтер жергілікті негроидтермен алаласып, өзге мальгаш атты антропологиялық типті таратты. Көптеген елдердің халық санағында олардың нәсілдік құрамын есепке алмайды. Сондықтан бір жеке нәсілдердің сандық мәліметтері туралы деректер жоқ.

    Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты.

    Дүние жүзінің белгілі бір халықтарының құрамында әр нәсілдік топтың өкілдері болуы немесе бірнеше ұлттардың бір-бірінен ерекшеленген антропологиялык айырмашылығы болмауы да мүмкін. Мысалы, Қытай, Тибет тіл жанұясында  сөйлейтіе халықтардың барлығы да монғолоидтер,

( қытай, тибет, дұнған,  чжуан, бирма т.б. халықтар). Ал Алтай және семит-хамит тіл семьясына келсек, мұнда нәсілдік типтердің айырмасын көреміз. Мысалы, монғол, якут, буряттар- таза монғолоидтер; ал қазақ, қарақалпақ, қырғыздар өтпелі монғолоидтер; түрік, әзірбайжан, гагауздер- оңтүстік еуропоидтер; өзбек, түркімендер, татарлар-өтпелі еуропоидтер. Немесе семит-хмит тіл семьясы бойынша, араб пен еврейлер-еуропоидтер, ал амхара мен судандықтар-негроидтік типке жатады. Үнді еуропа тіл емьясы халықтарының бралығы дерлік еуропалықтар. Банту тіл семьясы түгел негроидтер, ал америкалық үндістер тек монғолид нәсіліне жатады. әрбір үлкен нәсіл өкілдерінің сан мөлшері, планетамыздағы пайыздық үлес салмағы мен таралу географиясы төмендегідей. а) еуропоидтер- 2млрд 200млн адам. (дүние жүзі халқының-42%-нан астамы). Олар еуропа дүние  бөлігі халқының 99%-ын, Австралияның 75%-н, Американың 52%-н, ал Азия халқының 30%-н құрайды. ә) монғолоидтер-бір миллиардтан аса адам. (дүние жүзі халқының 20%-н құрайды), осы нәсілге жататындар: Азия халқының 31%-н астамын, ал Америка континиентінің 6% тұрғынын құрайды; б)негроидтер-400 млн-н аса адам. (Жер шары халқының 7,5%-ы ), бұл нәсілдің негізгі өкілдері-Африка материгі халқының 54%-ы , Америка құрлығының 7%-н астамын құрайды; в) ал енді аралас және өтпелі нәсілдік типтерге келсек, олар дүние жүзі халқының 1\3-інен астамын құрайды. Және үлес салмағы жөнінен Азия 39%, мен 35% құрлықтарында жетекші орында.

    Қазіргі адамзаттың дені үш нәсілге жатады. Экваторлық нәсілге терісі қара, бұйра шашты-негроидтар, шашы толқынды, денесі түктілеу, прогматизмді, жақ сүйегі біршама шығыңқы, жалпаққ мұрынды, қалың ерінді болып келетін-негро-австролоидтер:

    Еуропалық нәсілдер-терісі ақ, шашы толқынды, денесі түкті, артоганотизмді, бет сүйегі мен мұрын қыры өте шығыңқы, еріндері жұқа;

    Монғол нәсілдері- терісі сарғыш, шашы тік, қайратты, денесінде түгі аз, мезагнотизмді, бет сүйегі өте шығыңқы, таңқы мұрын, еріндері біршама қалың, эриантусты, қиық көзді, қалың қабақты болып келеді.

    Нәсілдер бас пішіміне, дене бітіміне, ал еуропалық нәсіл үшін, сонымен қатар шаш пен көздерінің түсіне қарай отызға тарта нәсілдік тармаққа бөлінеді.

     Адамдардың  нәсілідік пайда болуын – олардың шыққан тегі арқылы, физиалогиялық белгілері арқылы білеміз. Олар негізгі үш нәсілден тұрады – еуропалық (еуразиялық), монғолоидтық (азия – американдық), негроидтар (африкалық) және аралас нәсілдер. Кейбір аймақтарда өтпелі нәсілдермен қоса аралас нәсілдер де кездеседі. Аралас нәсілдердің шығу тегін ажырату қиын, оларды екі нәсілдердің араласуы нәтижесінде пайда болғанын көрсетуге болады немесе олар қазіргі кездегі нәсілдердің пайда болуынан бірнеше уақыт бұрын пайда болған.

 

1.2 Негроид нәсілі

      Негроид нәсілдерінің – шаштары бұйра, қара болып келеді, қызыл – қоңыр көзді, терісі қара, таңқы мұрын болып келеді. Терісі ыстыққа шыдамды. Еріндері қалың болып келеді. Негроид нәсіліне тән халықтвң басым көпшілігі Африка континиентінде мекендейді. Сахараның оңтүстігіне таман «негрлер» деп аталатын халық мекендейді. Сонымен қатар оларға Орталық Африка пигмейлері, олар негізінде азиялық негроидтарға ұқсас келеді. Оңтүстік Африкалық бушмендер мен гаттеноттар да осы негроид нәсіліне жатқанымен, олардың монғолоидтық нәсілдерге тән белгілері бар. (түсі сарғыш, беті жалпақ, эпмкантус).

    Адамдардың  нәсілідік пайда болуын – олардың шыққан тегі арқылы, физиалогиялық белгілері арқылы білеміз. Олар негізгі үш нәсілден тұрады – еуропалық (еуразиялық), монғолоидтық (азия – американдық), негроидтар (африкалық) және аралас нәсілдер. Кейбір аймақтарда өтпелі нәсілдермен қоса аралас нәсілдер де кездеседі. Аралас нәсілдердің шығу тегін ажырату қиын, оларды екі нәсілдердің араласуы нәтижесінде пайда болғанын көрсетуге болады немесе олар қазіргі кездегі нәсілдердің пайда болуынан бірнеше уақыт бұрын пайда болған.

    Негроид нәсілдерінің – шаштары бұйра, қара болып келеді, қызыл – қоңыр көзді, терісі қара, таңқы мұрын болып келеді. Терісі ыстыққа шыдамды. Еріндері қалың болып келеді. Негроид нәсіліне тән халықтвң басым көпшілігі Африка континиентінде мекендейді. Сахараның оңтүстігіне таман «негрлер» деп аталатын халық мекендейді. Сонымен қатар оларға Орталық Африка пигмейлері, олар негізінде азиялық негроидтарға ұқсас келеді. Оңтүстік Африкалық бушмендер мен гаттеноттар да осы негроид нәсіліне жатқанымен, олардың монғолоидтық нәсілдерге тән белгілері бар. (түсі сарғыш, беті жалпақ, эпмкантус).

1.3. Еуропоид нәсілі

  Еуропоид нәсідеріне тән белгілер – шаштары бұйра немесе тік, түсі түрліше; сі ақшыл.

     Оңтүстік Батыс Азия, Солтүстік Америка және Оңтүстік Еуропада үш негізгі топқа бөлінеді: Оңтүстіктегі еуропоидтарға тән блгілер – терісі ақшыл, шаштары қара, көздері қара, қыр мұрынды, еріндері жінішкелеу келеді. солтүстүк бөліктегі европоидтерге тән белгілер терісініңк түсі ақшыл ,көздері көкшіл, жирен және ақшыл түсті шаш тән. Оңтүстік европоидтерді таралу ареалына байланысты  жерорта теңкіздік-үнді нәсілі деп атайды.  Жерота теңіздік нәсілді батыста — үнді африкалық, ал шығыста адриатикалық немесе диинарлық, азиялды, арменоидттер және памир-феерғаналақ (Тәжіктер, өзбектердің бір бөлігін жатқызамыз. Аралас нәсілдерді келесі топтарға жіктейміз. Олар альпілік –Швейцария, Франция, ФРГ, Австрия және Италияға жуық жатқан аудандардың халықтары жатады. Ортаеуропалық нәсілдерге-оңтүстіктегі немістер, Австриялықтар, Венгрлер, чехтер, словактар, батыс украйндер, оңтүстік беларусстер, лиитвалықтар жатады. Шығысеуропалық нәсілдерге-орыстар, солтүстік украиндер және белерусс халықтары жатады. Кейбір ғалымдар ақшыл еуропоидтерді солтүстік батыс(атлант-балтық құрамына жататын- Ұлыбббритания, Нидерланды солтүстік ГФР, скандинавиия елдері Латвия, эстония, батыс Финляндия елдерінің халқын) және солтүстішығыс (ақ теңіз балтық құрамына жататын орыстар т.б)  ажыратады. Шығыста еуропоидтер ерте замандардан бері моғолоидтармен шатысуы нәтижесінде солтүстік шығыс сібірде және қиыр шығыста оралдық нәсіл-ханттар, монсейлер т.б пайда болды. Монғолоидтар мен еуропоидтар араласуы нәтижесінде бет пішіні жіңішке, аққұба, үлкен жалпақ мұрынды нәсілдер пайда болды. Сонымен қоса лопоноид (саам ) нәсілі, ол жайында кем айтылған. Бұл нәсілге удмурд, ком, марий, морт  топтары жатады. Орал және енесей аймақтары арасынрда монғолоидтармен еуропоидтардың қосылуы нәтижесінде оңтүстік сібірлік нәсіл пайда болды. Орта ғасырларда орталық және орта азияда еуропоидтармен монғолоидтардың араласқан популяциясы — өзбектер, ұйғырлар, саларлар пайда болды.  

1.4. Монғолоид нәсілі

 Монғол нәсілдері- терісі сарғыш, шашы тік, қайратты, денесінде түгі аз, мезагнотизмді, бет сүйегі өте шығыңқы, таңқы мұрын, еріндері біршама қалың, эриантусты, қиық көзді, қалың қабақты болып келеді. көзптеген белгілер бойынша оларға американдық үнділер тән. Азиялық монғолоидтар екі негізгі топқа бөлінеді: тынықмұхиттық және континенттік. Континенттік монғолоидтар солтүстүк азиялық нәсілге (эвенктер, эвендер, ююкагирлер, якутьтер, бурьяттар, негидальдер, орохтер) және ортаазиялық нәсілге (монғолдар, буряттар, якуттер, тувииндер, оңтүстік алтайлықтар ) ажыратылады.  Солтүстік топқа кіретін үндімұхиттық монғолоидтарға —  солтүстік қытайлықтар, солтүстік тибеттіктер мен кәрістер жатады. Континенталдық және тынықмұхиттық монғолоидтықтардың арасынан эскимостық нәсіл ( эскимостар, алеуттер )    жалпақ бетті және тар танаулы нәсілдер пайда болды. Оңтүстікке қарай тынықмұхиттық монғолоидтармен бірге өтпелі оңтүстік азиялық малай нәсілі тән. Оңтүстік азиялық нәсілге – оңтүстік қытайлықтар, Вьетнам халқы, Тайланд, Бирма, малайлықтар, Индонезия, Филиппин ( яванцтар, тағалдар, бисапалар) халықтары жатады.  Австралоидтар терісінің түсі  қоңыр, кең танаулы , қалың ерінді келуі оларды негроидтармен жақындатады.

    Нәсілдер генетикалық құрамына қарай екі топқа ажыратылады: батыс және шығыс. Шығыстық нәсілге – еуропойдтық, австропоидтық, негроидтық нәсілдер тән. Ал шығыс топқа – монғолоидтар тән.

    Шетелдік Еуропаға. Шетелдік Еуропаға тән халықтардың түгелі дерлік еуропоид нәсіліне жатады. Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Нидерланд, ГФР аумақтарында солтүстік еуропоидтық – атлант балтық нәсілдері жатады. Пиреней түбегінің, Оңт. Шығ. Франция, Оңт. және орт. Италия Оңт. Греция, Жерортатеңіздік аралдардың халқы – жерортатеңіздік нәсілге, ал Югаславия, солт. Греция,  Оңт. Еуропаның кейбір аудандарында мекендейтін халықтарға оңт динарлық нәсілдер тән. Еуропа халқының қалған бөлігі аралас нәсілдерге тән болып келеді.     

1.5. Аймақтар бойынша нәсілдердің таралуы

     Шетелдік Азия. Еуропоидтарға жататын — нәсілдер: жерортатеңіздік, үнді – ауғандық, пмиро – ферғандық түрлері Оңтүстік батыс Азия және Солтүстік Үндістан аймақтарында таралған. Азиялық монғолдар – Солтүстік және Шығыс болып бөлінеді. Оңтүстіктегі монғолоидтарға – Оңтүстік қылайлықтар, Индонезия, филиппин, үндіқытай халқы жатады.

    Африка. Африка материгінің 54% халқы негроидтық нәсілге тән.  Олар оңтүстік Сахара аудандарында мекендейді. Оңтүстік еуропоидтықтар Африканың 74% құрайтын нәсілдер болып табылады. Олар солтүстік континенттен Сахараға дейінгі аралықты жайлаған. Оларға аврлармен берерлердің басым бөлігі кіреді. Ал материктің қалған бөлігінде аралас нәсілдер мекендейді. Африкаға эфиопиялық нәсілдер ерте кезден бастап – ақ тән болатын. Елдің шығысына қарай батыс Судандық аралас нәсілдер жайлаған. Арабтармен күрес кезінде материкке араб тілдес оңтүстік еуропоид нәсілдері енді. Оңтүстік шығыс Азиядан келген монғол тектестер мен еуропоидтық нәсілдердің араласуынан Мадагаскарда малагаси типіне жататын нісілдер пайда болды.

        Америка. Мұндағы ерекше нәсілдік құрамы бар халықтың шығу тегі үлкен үш нәсілдің қатысуымен пайда болды. Абаригендік халық – үндістер, эскимостар мен алеуттер, Мексика тау қыратының, Аннд және ооңтүстік Американың ішкі аудандарында біркелкі аз тараған. Олар монғолоидтық аралас нәсіл типіне жатады.

        Қазіргі таңда Американың 90% халқы европоид нәсіліне кіреді. Америка халқының екінші қатарында метистер, үндіеуропалық  типке жататын нәсіл тән. Олар Американың біраз бөлігінде тараған. Айта кетсек Мексика, орталық Американың бірқатар республикалары, Венесуэла, Чили, Парагвай т.бмемлекеттерінде тараған. Еуропалықтар мен Африкалықтардың   араласуы нәтижесінде пайда болған мулаттар АҚШ-тың территориясында тараған. сонымен қатар афро американдық мулаттар Бразилия, Куба, Венесуэла мемлекеттерінің территорияларында тараған. Сонымен қоса бұл аймақтарда үнді-негритяндық(самбо) және үнді негритияндық-еуропалық нәсілдер тараған.

    Американың негроидтық нәсілдері Африкадан келген құлдармен араласуы нәтижесінде пайда болған. Негроидтардың еөпшілік бөлігі Бразилия және АҚШ, Гаити,Ямайка тұрғындарды құрайды.

    Австралия және Океания елдері. Бұл аймақтардағы халықтың басым көпшілігі еуропоид нәсілдерінің келуіне дейін, жергілікті нәсілдер екіге бөлінген. Олар – австралоидты және папуасско – малинезейліктер.

    Шығыс және Солтүстік Океания елдерінде Полинезия мен Микронезия аймақтарында ірі үш нәсілден құралған халық қоныстанған. Австралия және Жаңа Зеландияда еуропоид нәсілінің саны   аз кездеседі. Океандықтар мен еуропомдтардың араласуы Азия, Полинезия, Микронезия және Фиджи, сондай – ақ Калледониядан келген келімсектермен араласуы нәтижесінде метистер пайда болды. Халықтың 77% — н еуропоидтар құрайды. Маленезиялықтар мен папуастар -16,5% — н құрайды. Полинезиялықтар мен микронезиялықтар жергілікті халықтың 4,2% — н ғана құрайды. 

 

 

 

ІІ Тарау Дүниежүзілік дін топтары

2.1 Дін туралы жалпы түсінік

     Дін араб пайымының бүкіл әлем мен болмысққа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл ойы мен сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; Адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік – мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі – адамның ақыл ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам филасофиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз — әлемді байланыстыратын күш, Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзінше ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлігі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі болады. Бірінші жағдайға байланысты оның тотемизм, анемизм, натуризм, шаманизм, фетешизм, политеизм (бір тәңірлі ), монетим,(бір тәңірлі ), деизм (әлемді жаратқан соң  оның одан дамуына араласпайтын,белгілі бір тұрпа күйінде емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім ) т.б. түрлері пайда болды. Соның ішіндегі тарихы тұрғыдан діннің неғұрлым ертедегі, ең алғашқы көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Діннің тайпалық – халықтық (мыс, иудаизм ) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы ислам дінінің сунниттік, шеиіттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б.  Діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы имандылық. Дүние жүзі халқының дені , негізінен әлемдік үш дінді ислам, христиандық, будда діндерін ұстанады. Сонымен қатар, диалект және тарихи материализмді филасофия негізіне айналдырған маркстік атеиз және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталады. Таралуы мен алатын орнына барлық дін дүниежүзілік және ұлттық дін болып бөлінеді. Дүниежүзілік діндерден ең көп тарағаны – христиан дінін (ол католиктік, протестанттық және проваславиелік деп аталатын үш тармақты қамтиды) көбіне Еуропада, Америка мен Австралияда тұратын 1 млрд – тай адам ұстайды. Сенушілердің саны жөнінен (80 млн адам) екінші орынды ислам (мұсылман) діні алады. Ол негізінен дүние жүзінің Азия мен Африкада орналасқан 30 елінде дерлік мемлекеттік дін ретінде жарияланған. Дүниежүзілік діндердің ішінде үшінші орынды Орталық және Шығыс Азияда таралған буддизм (250 млн адам) алады.

    Үндістандағы индуизм, Қытайдағ конфуцийшілдік, Жапониядағы синтоизм және т.б. ұлттық діндерге жатады. өте ежелдегі ұлттық діндердің бірі – иудаизм де кең таралған, оның көптеген қағидаларын христиан діні қабылдаған.

    өзгермелі жағдайларға бейімделе отырып, дін адамдардың мінез – құлқына, әдет – ғұрпына, жеке өміріне, олардың отбасындағы қарым – қатынасына зор ықпал етуде. Атап айтқанда ол халықтың ұдайы өсуіне әсер етеді.

    Діни қарама – қайшылықтар көбіне нәсілдік және ұлттық қарама – қайшылықтарға ұштасып, ұзаққа созылатын « шиеленісті нүктелердің » пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, Солтүстік Ирландиядағы (Ольстардегі) саяси шиеленіс  ұзақ жылдарға созылып отыр. Онда халықтың байырғы, бірақ неғұрлым кедей бөлігін құрайтын католиктер мен экономикалық және саяси өмірдегі түйінді жерлерді ұстап отырған протестанттар (Ұлыбритания мен Шотландиядан шыққан қоныс аударушылардың ұрпақтары) арасындағы діни алауыздық басылмай отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Әлемдік діндер

     Ислам діні – дүние жүзіне кең таралған төрт әлемдік дінердің бірі. Мұсылмандар ислам дінін ұстанушылар. Әрбір әлемдік діндерде өзіне тән ұстанатын қағидалары болады. Осы ерекшеліктеріне қарап оларда өзара айырмашылықтар бар екендігі айқын байқалады.  Мұсылмандар ұғымында бұл дін құдай тарапынн ең алғашқы адамның ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзат баласына және барлық заманға жіберілген ең соңғы өсиет болып саналады. Сонымен бірге ислам – Құран  кәрімде есімдері аталған барлық пайғамбарларға бұрын жіберілген өсиеттерді түгел қамтиды. Себебі, бүкіл әлемнің жаратушысы бір Алла (Аллах) Ислам  дінінің таралған аймақтары Орталық  және онтүстік батыс Азия, Оңтүтік Шығыс Азия аймақтарында тараған. Сонымен қоса Африканың солтүстік бөлігі мен  шығыс бөлігінде тараған. Ислам дінінің тармақтарына – сунниттер мен шииттер жатады. Ислам дінінде адамдардың нәсілі, тілі, әлеуметі және әлеуметтік мәртебесі шыққан тегіне артықшылық берілмейді, барлық адамдар тең дәрежелі, үстемдік тек имандылықта, рухани қасиеттерде, тақуада, яғни Алланың өсиеттерін шын ниетпен орындап, тиым салған әдеттерден аулақ болып, кәміл мұсылан болуда. Ислам діні жамағатты, яғни бүкіл адамзаттың саналы  және үйлесімді қауымдастыққа бірігуін уағыздайды. Ислам дінінің қағидалары тек дұрыс ұйымдасқан жамағат болғанда ғана жүзеге асырылады. Жамағат болып ұйымдасқан мұсылмандар бірін –бірі әбден танып, бірін – бірі жақсы  көріп, бірін – біріне көмек беріп, ынтымақтастықта болады. Намаз, қажылық зекет сияқты көптеген ғибадаттар адамдардың қауымдасуына жамағат болып бірігуіне ықпал жасайды. Ислам дінінің негізіен қалаған Мекке қаласында туған пайғамбарлардың ең сонғысы Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) болған. Ислам дінінің орталығы Араб еліндегі Мекке қаласында орналасқан. Онда бүткіл мұсылмандар қауымы Аллаға құлшылық етуге барады. Онда қасиетті тас Қағба орналасқан.  Ислам дінінің парыздарының бірі болып саналатын – намаз, қажылық, зекет сияқты көптеген ғибадаттар адамдардың қауымдасуына, жамағат болып бірігуіне ықпал жасайды. Алладан келген хақ дінді шын көңілмен ұстанып, пәнилік өмірінде көп ізгілік, жақсылық жасаған адамдар ахиретте жәннәтта болады. Алла тағала адам баласын өзіне құлшылық ету және ізгілік жасау үшін жаратқан. Ислам діні адамның барлық іс  — әрекеттерінде шектен шықпаушылықты уағыздайды. Ислам дінінің негізгі қағидалары өзгермейді. Алайда ислам діні – ижтихады деп аталатын, діннің негізгі қайнар бастауларына сәйкестікті сақтай отырып басқару құқық, өсиеттердің жүзеге асырылуы, экономикалық мәселелер бойынша пайда болған мәселелердің бойынша шешімін табу үшін ақылмен ойласуды шектемейді. Барлық мұсылмандар қауымының басшысы еркін сайлау арқылы қызметке келеді. ислам құқығында БИҒАТ деп аталатын дауыс беру – азаматтардың ерікті түрде ризашылық білдірмеумен жасалады. Ислам тарихында Мұхаммед пайғамбардан (ғ.с) кейінгі дәуірлерде мұсылмандар арасындағы саясат, құқық, сенім мәселеріне байланысты бір — бірінен  өзгешелеу көзқарастар ұстанған адамдар мен мектептер пайда болды.

 

     Христиан діні – ислам және буддизммен бірге дүние жүзіне кең тараған діни конфессиялардың бірі. Христиандардың жартысынан көбі католицизм ағынында, қалғандары проваслав шіркеуі және протестант шіркеуіне бол

Інеді. Христиан діні б.з. І ғасырында Рим империясы билігіндегі Полестинада дүниеге келді. Оның қалыптасуына сол заманда өмір сүрген Филон Александрискийдің діни танымдық көзқарастары ықпал етті. Хтистиан дінінде Исус Христос мессияға теңеліп құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады. Біріншісі – інжілдер: матфей, марк, лука, ионн. Екіншісі апостолдардың арнаулы хаттары; үшіншісі – христос шәкірттерінің істері туралы жазбалары: төртінші ақыр заман туралы өсиет. Б. Зз бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды . сонымен қатар І ғасырда империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антик тәртіптің дағдарысы жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге мтермелейді. Сиқырға, митраға, исида, осириске, т.б сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген христиан діні жан біткеннің барлығының құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең. Христиан діні негізгі үш тармаққа – православие, католик, протестантизм болып бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдары мен тармақтары, бағыттары пайда болды. Бұдан басқа несторияндық, монофезиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан.

    Христиан дінінің таралған негізгі аймақтары – Еуразияның солтүстігінде – православиялықтар, Еуропа материгінде, Солтүстік Американың солтүстігі мен оңтүстігінде, шығысында   католиктер басым. Австралияда азын – аулақ кездеседі. Протестанттар – Солтүстік Америкада, Еуропаның солтүстігінде, Аустралияда кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Будда діні – б.з.б VI ғасырда будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап, солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өзені бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім – танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жұзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша будду дінін І млрд – қа жуық адам ұстанады. Будду діні фәни өмірдің азаптары – ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті – нәпсінің тілегіне, өлімнің қорқынышы мен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек.

    Буддизмнің негізгі армақтары  — махаянистер. Бұл дін тармағын – халқа монғолдары, тибеттіктер, жапондар, кәрістер ұстанады. Тхеравадинттер – дде   будда дінінің тармағына кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

        Ғасырлар бойғы қарым-қатынас нәтижесінде үлкен нәсілдердің қабысу шегінде нәсілдік жағынан әр түрлі ауыспалы типтер пайда болып отырды. Негізінен, бұл өтпелі және аралас формалардың қалыптасуының үш кезеңін бөліп көрсетуге болады: ежелгі дүниеде, орта ғасырда, жаңа кезеңде пайда боғандар. Африкада ертеде оңтүстік еуропалық және негроидтық нәсілдердің арасынан судандық және эфиопиялық өтпелі типтер қалыптасқан. Бұлар бет бейнесі жағынан еуропалықтарға келсе, шаштары бұйра, ал өңдері қара түсті болып келеді. Ал Үндістанның оңтүстігінде ауыспалы форма-веддоидтік тип пайда болды. Сол сияқты австралоидтер мен манголойдтер арасынан-Индонезия, Малай, Филиппин халықтары қалыптасты. Осы тәріздес аралық формаларға жапондықтарды, полинезиялықтар мен микронезиялықтарды жатқызуға болады, бұлардың түр тұлғасында үш нәсілдің де белгілері бар. Орта ғасырлар мен одан берігірек жаңа кезкңде-жер шарының әр бөлігінде ертедегі ауыспалы формалар мен нәсілдер өкілдері арасынан аралас типтер қалыптасты. Мысалы олардың қатарына- Орта Азиялық және Оңтүстік Сібірлік типтер жатады. Оның құрылуына еуропеидтік қоныстанушылардың жергілікті бушмен және готтентоттар мен т.б. араласуынан түрлі-түсті топтар пайда болды. Латын Америкасы еліндегі мулатта, самболар мен метистер де аралас формаға жатады. Индонезиядан Мадагаскар аралына қоныс аударған оңтүстік манголоидтер жергілікті негроидтермен алаласып, өзге мальгаш атты антропологиялық типті таратты. Көптеген елдердің халық санағында олардың нәсілдік құрамын есепке алмайды. Сондықтан бір жеке нәсілдердің сандық мәліметтері туралы деректер жоқ.

     Адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік – мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі – адамның ақыл ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам филасофиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз — әлемді байланыстыратын күш, Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзінше ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлігі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады.