АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Көне Египет мәдениеті

Жоспар

 

  1. Көне Египет мәдениеті
  2. Қолданылған интернет-сайттар және әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көне Египет мәдениеті

 

 Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті де мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — парғауындарды кұдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдай-лардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.

 Перғауынның жеке — дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, соңдықтан да болар — көне Египеттің

мәдениетінің ең басты ерекшслігі ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық,  мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша аткарды.

 Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады,  сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылганда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге кайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсіншіні «санх», яғни «өмірді жасаушы» деп атады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандыру деп санап, бүл кәсіптерін ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде сиқырлы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына «егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады» деген түсінікті сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатьш, жеңіл шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына өз таңба-сын салды.

 Адамдар санасында калыптасқан аруаққа табыну — перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай — патшалардың (перғауындардың) қүрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі — құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән-салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржы ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті.

Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.

 Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының. қағидаларына сүйенсек, патшалар мен всльможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш-«Ра-ға» (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ, қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы — кене Египст қоғамымыздағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады.

  Б.з.б. III—II ғ. құдай — патшаларға арналған құрылыстар — пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жүмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу — халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және т.б.) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді.

 «Құдіретті құдай» — фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері — пирамидалар көргенді де, көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, «әлемнің жеті кереметі» аталған өнер туындыларының бірінен саналады. Ерекше атап өтетін бір жай, Египет сәулеішілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын, шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғима-раттарды салған сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін белгісіз күйінде қалды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы — перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі — осы ащы шьшдықтың айғағы болса керек. Оның сәулетшісі — Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Ол сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы кезеңінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен астасып жатқан. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екіжарым мың жыл өткенде гректер оған «медицинаның құдайы» ретіндс табынғаи. Оның мүсіні, сірә, ғалымдарға орнатылған алгашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.

 Джосер пирамидасы кеп сатылы күрылыс, ол ұзыннан-ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі 60 м. Болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік,
одан да аумақты. «Сонда осындай алып құрылыстарды салу неге  
қажет болды екен? — деген ойға еріксіз келесіз. Біздің ойы-
мызша, жиналған байлықты қоғам өзінің билеп-төстеушілері
арқылы аспан мен жер үстіндегі өктемдігін жүзеге асыру ісіне
хүмсаудан басқа амал таппады. Сонымен бірге жұмыр басты
пенденің ой-қиялын оазис табындырып кою үшін тірі кұдай — перғауын о дүниеден тыныш орын алмақта болған шығар. Бас-
қаны былай қойғанда, пирамидалардың өте биік етіп салынуы өзін құдаймен қатар қойған төкаппар да, мансапқор перға-
уынның қарапайым халықтан артықшылығын көрсету мақсаты-
нан да туған сияқты. Әйтеуір, қалай болғанда да Египет (Мы-
сыр) мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз
еліндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат
болып қала береді.

Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен-жексен болды, мейірімсіз де қатал уақыттың сынына шыдай алмай керрметтер («Әлемнің жеті кереметі») бірінен соң бірі жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша ғимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызыктай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде қала бермек.

Б.з.б. бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды. Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, ал мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспейтін болды. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сапсыз мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египетгің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті кұдай, яғни құдайлардың құдайы — Күн кұдайы «Ра» болды. Одан кейінгі басты орынға — өлім құдайы «Осирис» шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Осирис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі — Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналса, ал Маат — шындық пен тәртіптің құдайына айналды.

Көне Египетте кеңінен орын алған мүндай көп құдайға табынушылық мемлекетті орталықтандыру ісіне нұқсан келтіріп, басқарушы өкіметті одан әрі әлсірете түсті, тіпті мұндай жағдайда басып алған тайпаларды бағыныштылықта ұстаудың өзі қиындықка соқты. Міне, осындай сындарлы кезеңде харих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (б.з.б. 1419—1400 ж. аралығында билік жүргізген) шықты. Оның басты мақсаты — бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рст көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдай «Атоп» деген ат берілген Күн шарын жариялады. Осы күннен бастап көп қүдайға табынушылық жойылып, осыған байланысты олардың ғибадатханалары жабылып, олардьщ иелігіндегі дүние-мүліктер тәркіленді. Бұл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын IV Аменхотеп өз атын құдай атына сәйкестендіріп «Эхнатон» деп («Атан рухы» деген мағына береді) өзгертіп, Египеттің астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған «Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді. (Бұл қаланың орнында қазіргі уақытта Амарн атты шағын қыстақ тұр, сондықтан да Египет тарихының Эхнатонға байланысты барлық кезеңі «Амарндық» деп аталады).

Эхнатонның жүргізе бастаған реформаларының абыздар тарапынан жойқын қарсылыққа ұшырап, өмірінің қысқа болуына қарамастан сол дәуірдің мәдениетінің даму барысына, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ең бастысы — өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартушылық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән беру құбылысының алғашқы нышандары белгілі бола бастады. Атап айтқанда, «Амарн өнері» деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы — баға жетпес мәнді мәдени қүбылыстар болып табылады.

Ойымыз дәлелді болу үшін ата-анасының алдында жұмсақ жастыққа отырып, қанен-қаперсіз ойынға кіріскен Эхтонның қыздары — кіп-кішкентай жалаңаш ханшалар бейнеленген суретті алайық. Рахатта, бейғам өмірдің құшағындағы осы бір бейкүнә сәбилердің шаттық өмірін бейнелейтін бүл сурет шын мәнісінде Египеттің асқаралы өнеріндегі бұрын кездеспеген жайлар болаты.

Не болмаса Эхпатонның әйелі Нефертитидің портретін көз алдыңызға елестетіңізші. Ғажайып та, сымбатты бұл бейненің даңқы бүгінгі заманға дейін жетіп отырған жоқ па? Әйелге тән нәзіктік пен сұлулык, тек әйел атаулыға тән аналық пәк сезім мен ішкі жан тебіренісі, ой тереңдігі мен табиғи тәкаппарлығы ғажайып бейнеден ап-айқын боп көрініп түрғанын қалайш мойындамасқа! Ендеше, Нефертити портретінің барлық әйелдердің ішіндегі ең тамашасы дегеп атаққа ие болуы да — осы бір ерекше қасисттердің құдіретті бейне бойынан табылуы болса ксрек.

Бұл дәуірден кейінгі кезеңдерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 ж. дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонның мұхият жасырылынған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс — ағылшын археологы Г. Картердің «Патшалар алқабындағы ұзақ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын. Эхиатонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атаққа ие бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелері арқылы біздің заманымызда ерекше даңққа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутанхамонның қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған.

Египет мәдениеті — сан-салалы мәдениет. Солардың бірі — біздің заманымызға келіп жеткен Египетгің ең көне жазу текстері. Олар — кұдайларға кұлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Б.з.б. екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұра-лар болғандығы ақиқат. Өкінішке орай, олар біздің заманымызға дейін келіп жетпеген. Египеттің көркем әдебиетінің түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз балаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және т.б. Кене Египет әдебистінің тамаша туындыларының бірі — «Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады. Өмірден қатты түңілген бұл адам өлімге
бет бұрады. Бірақ, оның жаны бұл әрекетке барынша қарсы-
лық жасап, бұл өмірдің қызығы мен рахатын көруге кеңес беріп,
оны өлімнен сақтандырады.   

Иероглифтер — көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да,олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай ез жазба дәстүрлерін сақтап қалған).

 Ерекше атап ететін бір жәйт, Египет жерінде салынған ғиба-датханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс — Египет әміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынган. Ол осы уақытқа дейін Хефреи пира-мидасын күзетіп тұр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан отыз есе үлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді.

 Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аңғаруға болатын сияқты. Б.з.б XXI ғ. аяғы мен XIX ғ. басында шардың жоғарғы жағы үлкен дәлдікпен есептеліп шығарылды. Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар — су және күн сағаттарын алғаш жасаушыларда осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында тамаша табыстарға жетті. Адам организміндегі мидың атқаратын қызметі анықталды, сонымен катар әртүрлі ауруларға байланысты қөз, тіс және т.б. дәрігерлері пайда болды.

Б.з.б. екінші ғасырдың аяғы бір мыңыншы жылдықтың басынан бастап Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойындағы құл иленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Б.з.б. ҮІ — ғ. Египетті парсылар жаулап, ал олардың үстемдігі б.з.б. 405 ж. дейін созылды. Одан кейін де Египет мемлекетінің тәуелсіздігі ұзаққа созылған жоқ, біздің з.б. 332ж. македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александр Македонскийдің, (б.з.б. 356—323 ж.) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады. Египет абыздары Македонскийді құшақ жая қарсы алып, оны «Құдайдың  ұлы»  деп атады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Новый иллюстрированный энциклопедический словарь. М., Большая Росийская энциклопедия 1999-54-59 бет
  2. Серия Poliglott / Путеводитель Пет Сфранц Country – guides. City guides. Париж- Москва, 1995-1999,95-113 бет
  3. Туристический атлас мира – 97 Кирилл и Мефодий, М., 1997, 41 бет
  4. Малая энциклопедия стран. Москва,2002-100-134 бет
  5. Все столицы мира. Москва,2001-66-75 бет
  6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы-32-47 бет
  7. Ерусалимский Г.Б., Фомичев Д.А. Страны мира такты и цифры. – М.: Санкт-Петербург. б: Норинт,2000.-36-40 бет
  8. Е.И. Тамм, А.Х. Абунов, Ю.Н. Александров   Энциклопедия туриста – М: Большая Российская энциклопедия,1993-25-115-118 бет
  9. Организация международного туризма. Учебник – М: Финансы и статистика, 1999-101-150 бет
  10. Журнал. Неисчерпаемые сокровища Египта/под. ред .Министерства туризма Египта – Каир, 2006 г

 

 

Қолданылған интернет-сайттар:

 

  1. www.trade.egypt.travel.ru
  2. http:// ru.wikipedia.org/wiki
  3. http://www/countries.ru
  4. www.egypt.com
  5. www.alinur.kz
  6. http://www.egypet.org.ua