[:kz]
2019 жылы қанша грант бөлінді? Оған қалай ие болуға болады? Жеңілдіктер туралы. Бүгінгі үкімет отырысы ҰБТ мен медициналық көмектің жаңа жүйесіне арналды.
Үкімет басшысы Асқар Мамин су жаңа министрлерді таныстырды. Жаңа министрлер халық пен Президент алдында ант берді. Олар: Білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
ҰБТ қашан, қалай өтеді?ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: – Биыл ҰБТ 20-сы мен 30-ыншы маусым аралығында барлығы 169 тапсыру пунктінде өтеді, – деп хабарлады.
Асхат Аймағамбетов / Сурет informburo.kz
ҰБТ-ға қанша адам қатысады?ҰБТ-ға қатысу үшін – 117 242 адам өтініш берді, соның ішінде:
ҰБТ қалай ұйымдастырылып жатыр?
ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. Неге?– Бұл оқушыларға психологиялық қысымды төмендетуге және маусым айында өтетін ҰБТ-ға дайындалуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, бұрын бітірушілер тестілеуді тек маусым айынан бастап ғана тапсырса, биыл түлектер қаңтар айында, наурыз айында ҰБТ-ны тапсырды. Сондықтан, осы тестілеуге оқушыларымыз жақсы психологиялық дайындықпен келіп отыр, – деді. Министрдің айтуынш,а 2019 жылы қаңтардағы тестілеуге 35 мыңға жуық, ал наурызда 80 мыңдай оқушы қатысты. Осы екі ҰБТ-да жалпы мектеп бітірушілердің 78%-ы қамтылды. Олардың 70 пайызы кәзірдің өзінде ақылы негізде оқуға түсе алады. Енді осы оқушылардың грантқа түсем дегендері маусым айында тестілеуге қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндіктері бар. IELTS сертификаты барлар «Шет тілінен» тест тапсырмайды– Оларға пән бойынша максималды балл (40 балл) автоматты түрде беріледі. ҰБТ-ға қатысушылардың арасында мұндай балалар саны – 708, – деді министр. Шекті бал
2019 жылы ҰБТ мен кешенді тест біріктірілді. Дегенмен әр санаттағы талапкерлер әр топқа бөлінеді және сынақты бір күнде тапсырмайды. Әр талапкерге ақпараттық парақ беріледіМинистрдің айтуынша, әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ берілетін болады. Онда мамандықтар тізімі, оған сәйкес бөлінген грант саны, сондай-ақ өткен жылғы грант конкурсының нәтижелері, яғни өту балы көрсетіледі. Бұл талапкерлерге болашақ мамандығын дұрыс және алған балл деңгейіне сәйкес таңдауға мүмкіндік бермек. Министрдің ұсынысы – Үкімет басшысының тапсырмасыҰБТ-ның жоғары деңгейде өтуі үшін жергілікті әкімдіктердегі әріптестерге келесі мәселелерге назар аударуын сұраймын:
Осыған орай Асқар Мамин Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ҰБТ-ның сәтті өтуіне бірлесе ат салысуды тапсырды. ҰБТ кезеңдеріБірінші кезең: 20 маусым мен 5 шілде аралығында алдын-ала өтінім беріп, тест тапсырады. Білім беру топтарын қалай таңдайсыз (мысал)?Бірінші жағдайда: Мысалы маусым айындағы ҰБТ кезінде сіз «Биология» + Химия» бойынша сынақ тапсырсаңыз, бұл пәндерге тиесілі 16 топ белгіленген. Оның ішінен әр түрлі жоғарғы оқу орындарынан төрт білім беру тобын таңдай аласыз. Әрине, ҰБТ-да таңдаған пәніңізге сай келуі керек. Сізде мынадай таңдау болуы мүмкін: 1. Химия пәні мұғалімі; Сіз осы көрсетілген төртеуін ғана емес, «Биология + Химия» пәндеріне қатысты басқа білім беру топтарын да таңдай аласыз. Екінші жағдайда: Шығармашылық мамандыққа тапсыратын талапкерлер грант байқауына қатысу кезінде тек бір ғана білім беру тобын таңдай алады. Мысалы, «Аудиовизуал құралдар мен медиаөндіріс» таңдағанда екі шығармашылық сынақ тапсырады. Білім беру топтарынан төмендегі мамандықтарды таңдай алады: 1. Операторлық шеберлік; Бейінді пәндер комбинациясы:1. Математика – Физика (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 25). Мамандық оқу орнына түскен соң таңдаладыГрант білім беру топтарына бөлінеді. Ал білім беру бағдарламасын (бұрын бұл «мамандық» деп аталған) жоғары оқу орнына барған соң таңдайсыз. Мысалы, «Химия пәнінің мұғалімі» бойынша грантқа ие болсаңыз, жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларын қарайсыз. Айталық, ЖОО-да «Химия» немесе «Химия-Биология» деген білім беру бағдарламалары (мамандығы) болса, біреуін таңдайсыз. Оқуға қабылдау кезеңі 10-25 тамыз аралығында, он күнге созылады. Оқуға түскені жайлы бұйрық нақты білім беру бағдарламасына қарай шығады. Кейін оқу бітіргенде сол бойынша диплом беріледі. 2019 жылы қанша грант бөлінді?2019 жылдан бастап тест қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өтеді. Әр кезде әртүрлі пән таңдап тест тапсыруға болады. ҰБТ-2019 сертификаты жылдың соңына дейін жарамды. Осылайша, жоғары оқу орнының ақылы бөліміне құжат тапсырған кезде қалаған пәні бойынша шекті балл жинағанын растайтын сертификатты ұсынасыз.
ҰБТ тапсырып шекті балл алған соң, білім беру грантын тағайындау байқауына қатыса аласыз. Өтінімдер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Құжат тапсыру барысында ЖОО мен 4 білім беру тобын көрсетесіз (қалай таңдау керектігін жоғарыда түсіндірдік). Шетелдегі қандастарымызға да 4% квота бар– Биыл да бұрынғыдай жеңілдіктермен Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түсе алады, – деді Асхат Аймағамбетов. Министр шетелдегі қандастарды оқулықтар және басқа да оқу құралдарымен қамту мәселесі де ойластырылып жатқанын еске салды. ҰБТ: Есте болар жағдайлар2019 жылдан бастап ҰБТ-ны төрт рет – қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында тест тапсыра алады. ҰБТ тапсырған сайын пәнді өзгертіп тұруға да болады. Тек 20 маусым мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсырып, шекті балл алған талапкерлер ғана білім беру гранттары байқауына қатыса алады. Биыл ҰБТ мен КТ біріктірілді. Тест тапсыру орындары тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында бар. Мектеп бұрынғыдай түлектерді тест тапсыру орнына апарып, алып келуге жауапты емес. 2017-2018 оқу жылында жоғары оқу орнына түсу сынағы мектеп бітіру емтихандарынан ажыратылды. Енді ҰБТ-ның мектеп бітіру сынағына қатысы жоқ. Тест нәтижесі мектеп рейтингіне әсер етпейді. ҰБТ – талапкерлердің жеке жұмысы. Мектеп бітірушілер тест тапсыру үшін онлайн немесе жазбаша тіркеліп, ЖОО-на барады. Мектеп ҰБТ тапсыратын күні оқушыларды оқу орнына тасымайды, мұғалімдер тест тапсыратын бала санын өткізбейді. |
[:]