АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Жамбыл облысы әкімінің орынбасары неден қайтыс болғаны аталды[:]

[:kz]

 

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің неден қайтыс болғаны аталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұлан Жазылбек тыныс алу жетіспеушілігінен қайтыс болды», — деді баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің қайтыс болғаны хабарланған еді. Ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Баспасөз қызметі ауыруға коронавирус себеп болуы мүмкін екенін айтты. Кейінірек ол ұзақ уақыт ауруханада жатқаны белгілі болды.

 

Ол 58 жаста болған. Әр жылдары «Қорғас» ШЫХО-да, Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

[:]