[:kz]
5 мың теңге ұялы бірлік түрінде сый алған инспектор басшылыққа бұл жағдай туралы дереу хабарлаған.
Атырауда 5 мың теңге көлемінде ұялы бірлік жіберген тұрғынға 500 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz.
31 жастағы атыраулық әйелге инспектордың туған күніне орай оған 5 мың теңгені ұялы телефонына бірлік ретінде салып жібергені үшін 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бас бостандығынан шектелген ол пробация қызметіне келген күні инспектордың туған күні жайлы естіп қалады. Соны ескере отырып, ертесі күні құттықтау сөздер жазып, 22 жастағы инспекторға бес мың теңгені ұялы бірлік қылып аударып жіберген. Алайда, тәртіп сақшысы сыйдың бұл түрінен бас тартқан көрінеді.
«5 мың теңге ұялы бірлік түрінде сый алған инспектор басшылыққа бұл жағдай туралы дереу хабарлаған. Нәтижесінде, азаматша әкімшілік жазаға тартылып, оған 507 мың теңгелік айыппұл салынды»,- деді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Нұрлан Отарәлиев.
Еске саларлық жайт, бұл пробация мекемесінде 667 адам тіркеуде тұр. Олардың арасында кәмелет жасына толмағандар да бар көрінеді.
[:]