АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мьянмадағы рохинджа халқы гуманитарлық көмек алатын болды [:]

[:kz]

 

Мьянма билігі Ракхайн штатындағы рохинджа халқына халықаралық гуманитарлық көмекті жіберуге уәде берді. Бұл туралы оңтүстік-шығыс Азия елдерінің саммитінде Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак мәлімдеді. Оның айтуынша, Мьянманың мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжи мұндай ұсынысты оң қабылдаған. Сондай-ақ ол Бангладешпен рохинджа босқындарын кері қайтару жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізді. Соңғы мәлімет бойынша Мьянмадағы зорлық-зомбылықтан Бангладешке қашқан босқындардың саны 800 мыңнан асқан. Айта кетейік, ахуалдың ушығуына тамыз айының соңында осы ұлт өкілдерінен құралған қарулы топтардың полиция бекеттеріне шабуыл жасауы себеп болды. Осыдан кейін үкімет күштері көтерілісшілерге қарсы әскери операция бастап, рохинджа ұлтының өкілдері көрші елге үдере көшкен. Ал жалпы қақтығыс жергілікті биліктің рохинджа халқын «келімсек» деп, қудалауынан туындап отыр.
24.kz

[:]