АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ІІ- ші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

І ТАРАУ.  ІІ- ШІ  ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК  СОҒЫС КЕЗІНДЕГІ

ТҮРКІСТАН  ЛЕГИОНЫ

1.1 Түркістан  легионының  құрылуы.

1.2 Легионшылардың  соғыс қимылдарына  қатысуы.

 

ІІ ТАРАУ.  ІІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН  КЕЙІНГІ

ТҮРКІСТАН  ЛЕГИОНЫ

2.1 Батыс зерттеушілерінің  Түркістан  легионы.

2.2. Отанына  оралған  легионершылар

2.3 М. Шоқай  және Түркістан легионы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

СІЛТЕМЕ ТІЗІМІ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарихының  кеңестік кезеңі  бүгінгі мемлекет өмірімен  де  ұрпақ өмірімен де  тікелей байланысты болғандықтан,  бұл салада  объективтік пікір  әлі тыңғылықты  түрде қалыптасып  біткен жоқ. Ол, әсіресе, кеңестік  тоталитаризм  тарихында  ХХ ғасырдың  40 жылдарындағы  тарихи оқиғалар  мен саси  қайраткерлер  қызметіне байланысты.  Кеңес үкіметі тұсында, коммунистік – тоталитарлық  идиология  үстемдік  құрған кезде  Түркістан легионы тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуді  былай қойғанда  көпшілікке арналған  әдебиет, тіпті ой қозғау, оның бетпердесін  ашу мүмкін.  еместін.

Екінші дүние жүзілік  соғыс кезіндегі  тұтқындардың жағдайы  туралы айта  келе жалпы кеңестік  тарихнамада  өз дәрежесінде  зерттелмеген.  Ал Қазақстанда   бұл мәселені  тек заманымыздың  аса білікті  қайраткері  М.Шоқайдың  есімін қаралау  мақсатында  Түркістан легионымен   байланысты ғана сөзболды.  Қазақ топырағында дүниеге келіп,  әлемдік ауқымды саяси  қайраткер дәрежесіне  көтерілген  М. Шоқай  есімін  халық зердесінен  өшіру үшін  “сатқын”, “пантюркизм ” насихаттаушы деген айдарлар тағылды.  Азамат атын ақтау үшін  соғыс тұтқындары, Түркістан легионы  туралы мәселені  жалпы кеңестік тоталитарлық  жүйенің идиологиясымен  іс -әрекеттеріне  балта шауып объективті, шынайы  зерттеу жұмысын жүргізу  жұмысының негізгі  өзекті мәселесі.  Легионерлердің  қилы тағдыры мен  қызметін жан жақты  зерттеу. Бұл мәселе жөнінде  жазылған еңбектерді  талдау.  Бұл жерде назар  аударатын нәрсе – сол жарияланған  материалдардың  көпшілігін жазғандар  кәсіби тарихшы  мамандар емес. Әрине,  біз оларды  бұл үшін кіналаудан  аулақпыз.  Негізгі мәселе  сол  жарияланған дүниелердің  объективтік тұрғыдан  қалай жазылуында.  Жоғарыда айтылғандардан  біріншіден  Түркістан легионы  тақырыбы көп  жылдар бойы ғалымдардың   назарынан тыс қалғаны,  екіншіден,  бұл тақырыптың  тарих  ғылымында теориялық  және практикалық  зор маңызы  бар  зерттеулерді күтіп тұрған мәселе  деген қорытынды  жасауға болады.  Бұл зерттеліп  отырған  тақырыптың  өзектілігінің айғағы.

Тарихнамасы: Түркістан легионы  тарихы туралы  көптеген зерттеулер жүргізіліп бірқатар еңбектер жарық көрді. Кеңкестік кезеңде 1970 жылдары  Х.Әміровтың “Легионның күйреуі”  оның алдында шыққан  С. Шәкібаевтың “Үлкен Түркістанның күйреуі”  зерттеулерінің  ерекшелігі бұрынғы коммунистік идеология тұрғысыныан  емес, екінші бір жағына  ауытқушылық тұрғысынан жазылған. Мысалы  соғыс тұтқыны болып легионға кірген  бір жауынгер жақсы бір қызмет лауазымына жеткендей , партизан  қозғалысын  басуға қатысқан  Еуропа елдерінде  саяхатта жүргендей  етіп жазады.  Э. Хоскенстің  “История советского союза” еңбегінде  Түркістан легионына енген  жауынгерлердің ұлттық құрамы туралы  көптеген  деректер  береді. Бұл жөнінде біздің  Туркиядағы әріптестеріміз де зерттеулер  жариялап жүр. Солардың бірі Әбдіуақап Қараның  жазбаларында  шығыс  министірі Розенберг   бұйрықтарымен              М. Шоқайдың  легионшылармен  қарым – қатынастарын көрсетеді.

Бақыт Садыкованың “История Туркестанского легиона в документах” деген еңбегінде  түркістан легионынының құрылуы мен легионшылардың  қызметін құжаттар негізінде баяндайды. И. Гилязов  “Пантюркизм пантуранизм және  Германия:этнографиялық  шолу”  мұнда Германияның екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы  түрікшілік идиология тұрғысынан жазылған. Амантай Какен “Түркістан легионы ”  еңбегінде  немістер түрік тектес  және басқа халықтар есебінен  шығыс легиондарын  құруын,  солардың бірі Түркістан легионы  құрылымының  қалай өмірге келгені оның себеп салдары сол әскери құрамда болған  боздақтардың  қилы тағдыры туралы мәліметтер береді.  1998 жылы “Түркістан” № 21, 22 санында  Бакыт Садыкованы “Түркістан  легионы: Жазылмайтын жарасы”  атты мақаласында  Гитлердің түріктік легиондарды құру туралы  анықтамалық құжаттар жайлы деректер береді.

История Казахстана: белые пятно  Алматы 1991,  301 бетінде тарихшы ғалым  Беланның  советтік республикалар есебінен  мұсылман пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың белгілері туралы жазған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Екінші дүниежүзілік  соғыс кезінде  антифашистік Германияның  шығыс легиондары оның ішінде “Түркістан легионын”  құрудың басты себептерін мақсатын  ашып көрсету  және тұтқындар есебінен  легиондар құру,  легионшылардың қилы тағдырын құжаттар негізінде көрсеттім,  шетелдерде қоныстануындағы  қиындықтар мен “соғыстан кейінгі соғыстың” яғни  коммунистік  идиологияның ықпалынан қайта қысым  көруінің  басты  себептерін ашу. Күрделі тарихи кезеңнің   оқиғаларын  қазіргі заман талаптары тұрғысынан жаңа методологиялық  әдіс арқылы  объективті және субъективті  пікірлердің факторларын толық ашып көрсету.  Мұстафа Шоқайды Түркістан легионын құрушы  деген  пантүріктік және пантуранистік  көзқарастардың  дәлелсіз  ешбір құжаттарға сай  келмейтінін ашып көрсету.  Осы мақсаттарды  іске асыру мақсатында  мынадай міндеттер қойылды.

— Екінші дүниежүзілік  соғыс  қаурсаңындағы  фашистік германияның 

  түрлі шығыстық  легиондарды  құру себептерін  анықтау.

— Легионерлердің  соғыс қимылдары  мен екі державаның арасындағы 

   саяси байланыстарды  құжаттар негізінде талдау.

— Легионерлердің  соғыстан кейінгі  тағдырына  қорытынды жасау.

— Осы кездегі М.Шоқайдың  қоғамдық -саяси  қызметін айқындау, оның

   шығыс легиондарын  құруда ешқандай  қатысы жоқ екендігін  деректер

    арқылы дәлелдеу.

Зерттеу деңгейі. С. Шәкебаевтың “Үлкен  Түркістанның күйреуі” екі томдық кітабында неміс авторының  кітабы – рейх  мұрағаттарынан  алынған. Деректі мәліметтермен  екінші дүниежүзілік  соғысқа қатысушылардың  куәліктеріне сүйене отырып объективті  түрде жазылған  ғылыми зерттеу жұмысы. Екінші кітапқа  келсек автор  тарихи деректерге  сүйене отырып  жазған  болғанымен, большевиктік  идиологияның  саясатына икемделіп

 

І  ТАРАУ. ЕКІНШІ  ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС КЕЗІНДЕГІ  ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЫ

 

1.1  Түркістан легионының құрылуы.

 

Кеңес  одағына өз үстемдігін  орнатып,  бас салуға  фашистік  рейх мұхит  дайындалды. Большевизмнен ұлтшыл социолистік  Германияның ең басты  дипломатиясы  сонау отызыншы  жылдардың аяқ шетінен  бастап -ақ  болашақ қарсылаасы жөнінде  деректер жинай бастады.  Сол себепті  пактуранизм  мен  пантюркизмге  қызығушылық таныту  кездейсоқтық  еместін,  өйткені рейх  большевиктерге уқарсы  күресте КСРО – ға саны көп  түрлі халықтар өкілдерін  қатыстыруды  көздеген болатын. Бұған қоса  “Түркі картасын” жобалап, германия  Туркияға қысым  көрсетуді де ойластырған  сыңайлы. /1/

1941 жылы көктемде  Германия сыртқы істер  минстірлігі  жанынан  Ресей  мәселесіне қатысты  істер жөніндегі  комитет құрылды.  Ол совет – Герман басшыларымен шығыс  министр  восына  өзгертііледі. Оны Альферд  Розенберг басқарады.  Қызметкерлер арасында  белгілі лингивист  -профессор, КСРО- ғы  түркі халықтары  жөніндегі маман  Герхард фон Менде  бар еді.  Осылайшы,  Совет -герман  соғысы қарсаңында  түркі халықтары мен пантюркизм жөніндегі ақпараттарды  жинау дипломатиялық  каналдар арқылы  (баяндамалар  мен Германияның  Туркия мен КСРО- ғы елшілігінің хабарламалары)  және Фон Менде  тәрізді   ???  ғалымдар мен  түрік -татар  эмигранттарының көсемдерін осы іске  тарту арқылы  екі бағытта  жүргізілді.

Осы орайда  Мұстафа Шоқайдың  зайыбы Мария  Горина Шоқайдың  естеліктеріндегі  Германияның совет  одағына  тұтқиылдан соғыс  ашу күні  яғни, 22 маусымда  М.Шоқайдың  тұтқындалып,  басқа да “кепілдікке алған құрметті  зиялылармен” компьень  қорғанына қамалғандығы туралы жазбаларының  астарында жатқан  саяси  іс -әрекеттің  мәні  түсінікті болатындай. Дегенмен неміс  рейхіне қолдау көрсету мәселесі жөніндегі пікірлердің  бір орынға тоғыспай, екі  айрылғанын атап  өткен  жөн тәрізді.

М.Шоқай  Мехмет Элин  Ресульзаде,  Гаяд  Исаки,  Ахмед – Зеки  Велиди,  Рашид Ризмати,  Абдул -Гани  Усман,  Джафар Сейд Ахмед тәрізді  “Прометей” лигасына біріккен  басқа да, түркі халықтары ұлтының  қозғалысының  көрнекті  қайраткерлерімен  бірге Рейхтың  сыртқы істер  министрлігінің  “қара тізіміне ” енгізіледі.  Бірақ большевиктік идиологияға  қаншама қаны  қарайған өшпенділігі  болғанымен, бұлар Гитлердің  диктаторлық  тәртібін  қолдауға мүлде  құлықты еместін /2/.

Бұдан әрі қарай өткен оқиғалар ужелісі  төмендегідей  1941 жылы  25 шілдеше  Германияның  түркиядағы елшісі  Франц Фон  Папен  өз елінің сыртқы істер министірлігінің назарын  немістердің  КСРО -ға  қарсы соғыстағы  жетістіктері автоматты  түрде Пантурандық  қозғалыстың кең қанат  жайып,  қарқын алуына  жағдай жасайтындығына  аударады.

Осы жылдың бесінші наурызында  ол алдыңғы материалдарға қосымша  Туркиядан  сыртқа істер  министлігіне пантюркизм мен  оның  көсемдері  туралы анықтама  құжаттарын жібереді.  Сана саналық көп адамадар тізімінің  ішінде Нури патша есімі де  аталады. Германия сыртқы  істер министірлігіне  Нури патша  тұлғасы қызығушылық туғызып,  қыркүйек айында, дәлірек айтсақ  11, 18, 25 күндері сыртқы істер  министірлігінің  мемлекеттік  хатшысы  эрнест  Вермани  онымен  тиянақты түрде келіссөз  жүргізеді.  И. Гилязов  атап өткендей, Герман  дипломатиясының   ??? шылығының  ең үлкен қателігі. Туркиядағы  пактюрдық қозғалыстың  күш қуаты  жөніндегі бағалауда  ол тек  нури патша тәрізді  жекеленген саясаткерлер  пікірене ғана  арқа сүйеген еді. Түрік тілді және ислам  дініндегі әскери  тұтқындарды  бірінші дүниежүзілік  соғыс кезеңінен бері  өмір сүріп отырған  Вюнсдорфтағы  лагерь  үлгісіндегі жеке  лагерьлерге бөлек орналастыру  керек, бұл орындалса  пан турандық  ???? көрсетуші  әскери құрылымдар  ретінде пайдалану  мүмкіндігін  қарауға ұсынатын  болады. Германия  жаулап алған территорияларда  түрік және мұсылман халықтарын  басқару  түріктердің өздерінің  құзырына беріліп,  сегіз парақтан тұратын  сұхбатты толық  жазбасында  Нури патшалық паунтурандық  идеалар мен пікірлердің  маңызын жан жақты  баяндап  түрік үкіметінің  КСРО мен  Германияға қатысты  ұстанып отырған  сыртқы саяси  бағыты  туралы айтқан  пайымдаулары  да бар.

1941жылы қазан  айында елші Фон  Поленнің  қолдау және  дәнекерлік көрсетуімен  екі түрін  генералы қырым жарты  аралы  ауданындағы  совет -герман майдан даласына  баруға әрекет жасайды. Бұлар  Туркия әскери академиясының  бастығы  Ал -фуад  эрден мен  бұл кезде зейнеткер  Хосию Эмир  Менде еді.  Олардың осы сапары , Герхард  Фон Менде  пікірінше, легионды құруға  итермелеген соңғы  іс -әрекет  болғандай.  Ал, түрік  зерттеушісі  Зехра Ондер  шығыс легионын құру  идеасының  авторы  Нури – патша  екендігін көрсетеді /3/.

1941 жылы желтоқсан  айында Альфред  Розенберг  Гитлерге  түріктік легиондарды құру  идеасын  қолдайтындығы  туралы  есептік -анықтамалық құжат  жолдайды.  Гитлер  бұл идеаны  толық  қуаттайды.

1942 жылы  қаңтарда сыртқы  істер мианистірі  Иоахим Фон Риббентрон пантурализмді  белсенді түрде  қолдау туралы  нұсқау береді міне,  сол кезден бастап қана  вермахт легион құру туралы  жоспарды тікелей  іске асыру  жоспарларына  кірісе бастайды.

Шығыс легиондарын  әскери тұтқындардан  ғана емес орыс, украин,  кавказ және  түрік татарлардан  шыққан  ұлт өкілдерінен де құрылды.

Профессор  П. Фон  Мюлен  көрсеткендей  мұндай  эмигранттардан  түскен арыздың көп болғандығы  сондай 1941 жылы 1 шілдеде  бұл мәліметтерді тіркеу орталықтарын ашуға байланысты  нұсқау  ғана шығады.  Өйткені,  немістер  жағы ақгвардияшыларды майданға қалу  совет тұрғындарына  кері әсер етіп,  КСРО  тарапынан көрсетілетін  қорлықтың күшеюінен қорққан  еді.

Легионның алуғашқы  құрылымдары жаулап  алынған  Польша  территориясында  құрылды әрі оың   штаб пәтері де  сонда  орналасады.

1942 жылы  наурызда  бұл құрылым  жаулап алынған  КСРО -ның  территориялық  аймақтарында  да пайда  бола бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  немістер түрік тектес  және басқа  халықтар есебінен  түрлі шығыс легиондарын  құрды.  Соның бірі  — “Түркістан легионы”. Легион қашан және  қандай жағдайда  деген сауалға  жауап беруге  ынта көрсеткен  авторлардың  ойы әр түрлі. Мысалы Ә. Байшуақұлы  “1941 жылдың  күзінде  Гитлер  Шығыс Пруссияға  келген  кезінде генерал Эркилеттің  ұсынысын  мақұлдап  сол жылы  30 қарашады  Түркістан  легионын құруға  шешім қабылдады Оны  жалақтау  162- ші  жаяу әскер  дивизиясына  тапсырылды”/1/.

Ал тарихшы  ғалым Белан мынадай деректер  келтіреді.  1941 жылы 18 шілдеде  түрік бас штабы  академиясының  бастығы  А.Ф. Эрден  неміс елшісі  папенмен  сөйлескенде  кавказда  “жергілікті халықтардың федерациясын”, ал, каспийден шығысқа  қарай  “Тәуелсіз тұран”  мемлекеттін құру туралы  идеяны ұсынады. Берлиундегі түрік елшісі  гереде  осы пікірді  сол қалпында сыртқы  істер министірінің  шенеунігі  Вайцзеккерге  жеткізген.  1941 жылдың  қыркүйек айында  пантүріктік бірден – бір идеолог нури -патша  Папен  арқылы  рейх  басшыларына  ирандық Әзербайжан, Орта Азия, Қазақстан, Башқұртстан, Дағыстан, Қырым түбегін  қамтитын советтік  республикалар  есебінен  мұсылман пантүріктік  мемлекеттік құрылымды  ұйымдастырудың  қажеттігін айтқан.

Осы мәселені  зерттеп жүрген  ғалым Бақыт  Садықовтың еңбегінде, 1941 жылдың желтоқсан  айының басында Альфред Розенберг  Гитлерге  түріктік легиондарды  құру идеясын қолдайтындығы туралы  естелік анықтама құжат дайындайды (жолдайды)  Фюрер  идеаны толық  қуаттайды.  Осыған орай 1942 жылдың  қаңтарында сыртқы  істер министірі  Иоахим фон  Риббентроп пантуранизмді белсенді  түрде қолдау  жөнінде  нұсқау береді.  Міне,  сол кезден бастап  қана Бермахт  легион құру  туралы  мәселені тікелей  іске асыру  жоспарын қолға  алу керек.

Бұл мәселе жөнінде  орысша, немісше  жарық көрген  көптеген  материалдарды  сараптай келіп  Искандер  Гилязов  1941 жылдың  күзінде  Германияның әскери және  саяси  басшылығы  КСРО ның  шығыс халықтарымен  жұмысты өз түсінігімен  жүргізсе кейінрек, қарашаның  орта кезінде  бұл ұмтылыс ресми  директиваға  ұласты:  Гитлер Түрік легионын  құруды қолдайды.  Бұл шешім  негізінде кейін Польша  жерінде Түркстан, армиян,  грузин және кавказ  мұсылман, (кейінрек Әзербайжан және солтүстік  кавказ болып бөлінеді)  төрт легионды құру туралы  1941 жылы  22 желтоқсанда  ОКВ – ң бұйрығы шығады.  Шығыс министрлігінің комиссиясы  Еділ бойы және  жайық жағалауының  халықтарын басқа   әскери тұтқындардан  баста бөлсе де  Еділ -татар  легионын құру  жөніндегі  бұйрыққа  1942 жылы 15 тамызда ғана қол қояды.

Енді мемлекет қауіпсіздігі  органдарындағы  қылмыстық іске тағы да оралайық. Мұнда 1942 жылы эрнекке, кейін  генерал -майор  Хайгендорф  басқарған  “Түркістан легионы ”  құрылды делінген. Штаб бастығы болып  неміс армиясының офицері  Робель  тағайындалады.  Батальон  командирлері  қызметіне де тек неміс  офицерлері  бекітіледі.  Орта  және  кіші командирлік  қызметтерге  өзге ұлт өкілдерін  қоюға рұқсат етіледі. Аталған қызметке  Қызыл Армиядағы  атақ – дәрежесіне  қарамай тек  “лайықтыларды” ғана бекіту  қатаң ескертілді.

“Түркістан ұлттық  кеңесі ” президенттің  орынбасары Баймырза райт  былай дейді: “Тұтқындарды  өз мемлекетіне қарсы қою халықаралық  қағидаларға  қайшы”  болатын.  Сондықтан  да бұл  тұтқындардан  бұл қадамға өз еркімен бағындыратын  айғақтайтын  қолы қойылған екі нұсқа  қағаз алынатын. Осы  құжаттың бір нұсқасы Женеваға  жіберілетін. Екіншісін  өз  еркімен  Түркістан  құрамасында  кеңестерге қарсы  соғысуға  дайынмын деп  ант ішемін  деп көрсетіледі және онда Түркітан легионы  немістердің ұйғаруынша  бұған қазақтар,  өзбектер, түркмендер, тәжіктер,  қырғыздар, ирандар,  дүнгендер,  қарақалпақтар  және  шығыс татарлары  енді.

     Түркістан легионын құру дәуірін 3  кезеңге  бөлуге  болады:

      Бірінші  кезең – Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауына дейінгі Кеңес республикалары халықтарының идеялық-әлеуметтік татулығының дәрежесі, соның ішінде РСФСР-ға «тең келетін» алғашқы ұлттық республикалардың арасындағы қатынас айқындалған уақытта аяқталды. Осы мақсатта неміс басшылығының назары кеңестік түріктерге қатысты үш мәселеге ауды:

— жалпы түріктік идея қаншалықты күшінде;

— нантуранизмдік идеяның таралу дәрежесі;

— исламның әсер ету ауқымы.

     Екінші кезең КСРО-ның бөлшектену жағдайының    «жеңілісіне» қатысты, онда КСРО-дан Түркіменияның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстан мен Қазақстанның бөлініп шығуын қарастыру қажет болды. Бұл жағдайда аталған республикалар өздеріне ұсынылған ұсыныстардан бас тартар еді. Сондай-ақ, осы республикалардың әрқайсысы өзін-өзі басқарудың  жеке құрылымына ұмтылады. Дамудың мұндай жағдайында  Үндістан, Ауғанстан, Иран мемлекеттері тарапындағы ағылшындардың КСРО-ға  көмек көрсетеміз деген сылтаумен келіп, қауіп төндіруі мүмкін еді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін Вели Каюм  аталған республикаларды Германияның  өз қамқорлығына алуын және  олардың саяси құрылуын, атап айтқанда Түркістан Кеңесінің (гремиумының) тезірек құрылуын қарастыруды ұсынды, ол қажет болған жағдайда Түркістанға шұғыл аударылуы мүмкін болар еді. Бұл Кеңес әскери тұтқындар мен эмигранттардың қатысуымен КСРО-ның берілген нүктесіне өз іс-шараларын алдын-ала жоспарлауы тиіс болды.

      Үшінші кезең — жасалған ғылыми-практикалық талдауға сүйене отырып  шешім қабылдауға қатысты болды.

     1941 жылғы тамыздың аяғында Шығыс министрлігінің арнайы комиссиясы өз жұмысын бастады, ол түрік әскери тұтқындарын  (Поволжье, Орта Азия, Кавказ  халықтарының өкілдерін) басқалардан  бөлді. Іріктелген әскери тұтқындар Польшаның, Прибалтиканың, Белоруссия мен Украинаның оккупацияланған  жерлеріндегі   арнайы лагерлерге орналастырылды. Әскери қалыптастыру  бойынша алғашқы эксперименттердің бірі  түрік мұсылман халықтарына жасалды, олар немістердің    пікірі бойынша кеңестік билікке қарсы  еді. ОКН (Oberkommando des Heeres —     құрлықтағы әскерлердің Жоғарғы  командованиесі) 1941 жылы 15 қарашада «Оңтүстік» армияның әрбір дивизия тобын «түркістандық және кавказдық» әскери тұтқындардан құруға бұйрық береді, олар кейінірек  Запорожье түбіндегі 444-ші дивизияға, Түркістан полкіне біріктірілді. Полктың базасында 444-ші түрік батальоны құрылды. Полк қорғаушы қызметте пайдаланылды. Алайда,  бұл полк та, сол кезеңде  майор Андрас Майер-Мадердің қол астындағы 450-ші түркістан жаяу әскер батальоны мен Теодор Оберлендердің қол астындағы «Бергман» («Горец») батальоны да 1942 жылдың басында құрылған Шығыс легионы  құрамына енген жоқ және олар жеке-жеке әрекет етті .

     OKW (Oberkommando der Wehrmacht —  Герман әскери күштерінің Жоғарғы командованиесі) Түркістан легионын түркімен, өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ және тәжіктерден, ал кавказ — магометан легионын әзірбайжан, дағыстан, үңгіш, лезгин және шешендерден құру туралы 1941 жылғы 22 желтоқсанда бұйрық берді (166).

     Польша территориясында  Легиондарды құру 1942 жылғы жаз-күз айларында аяқталды (167).

     Осы кезеңде,   дәлірек айтқанда 1942 жылдың қаңтар айында  өзбек эмигранты Вели Каюмды  Шығыс министрлігі Түркістан Ұлттық Комитетінің президенті етіп тағайындайды, және оны қалыптастыруға белсене кіріседі. Неміс зерттеушісі Патрик фон цур Мюленнің мәліметтері бойынша, Түркістан легионының қатарында  110-нан 180 мыңға дейін түркістандықтар болды (168). Бұл сан Түркістан Ұлттық Комитетінің құрамында әскери министр болған Баймырза Хаит көрсеткен 181 402 түркістандыққа  жуықтайды (169).

     1944 жылғы 1 қаңтарда легионға  жаңа қызметтер енгізумен және кейбір бұрынғы қызметтерді жоюмен байланысты құрылымдық өзгерістер жасалды (170). Арбайтсгемайншафт Түркістан Интитуты (Arbeitsgemeinschaft Turkestan)  құрылды, ол Түркістан Ұлттық Комитеті мен Түркістан легионын бақылаушы орган болды. Аталған институтты құрғанға дейін оның қызметін РСХА-дағы Ваннзеес институты мен рейхтің басқа ведомствалары атқарды. Осылайша,    құрылымдық кешен қалыптасты, оған төмендегілер енгізілді:

— Арбайтсгемайншафт Түркістан институты, бұл пантюркизмнің формальды түрде ұсынылған саяси Орталығы болды және СС басшылығына қойылды (171);

— Түркістан Ұлттық Комитеті;

— вермахтқа формальды бағынатын Түркістан легионы;

    Барлық үш құрылым да біртұтас бүтіндікті көрсетті.

«Арбайтсгемайншафт Түркістан — Түркістан Ұлттық Комитеті – Түркістан легионы» құрылымдық кешені барлық түркістан легионерлерінің қызметін  тотальдық бақылаумен қамтамасыз  ету үшін ойластырылды.  Арбайтсгемайншафт Түркістан бақылаушы орган ретінде Түркістан Ұлттық Комитеті арқылы әрекет етті.  Түркістан Ұлттық Комитетіне уақытша түркістан үкіметінің рөлі тапсырылды, ал Түркістан легионына – Түркістанның болашақ армиясының рөлі тапсырылды 

Түркістан легионын құрылу жөнінде  Мәскеудегі  бұрынғы одақтық  қорғаныс министірлігінің  және бас штабының  архивтерінде  де ешқандай  мағлұматтар кезікпеді. Мұстафа Шоқайдың  түркістан  легионын  өз белсендігімен  “ұйымдастырғаны”  жөнінде неміс,  ағылшын,  американ құжаттары да  табылған жоқ.  Олай болса,  М. Шоқай осы уақытқа дейін  Түркістан легионының  белсенді ретінде  айтылған пікірі негізсіз, дәлелсіз.  Ол туралы  Әбдуақап қара, Стамбулдағы Милар Сенан университеттің докторы шоқайтанушы  былай дейді.

“Шоқайдың түркістан легионына қатысы жоқ, ол тіпті оған қарсы  болған адам  түркістан легионы  1942 ж наурызда  құрылған болатын. Мұстафа болса 1941 жылы 27 желтоқсанда дүние салған болатын.  Тек оны легион  жұмысына тартқысы келгендер  болды. Оның дәлелі мынау. М. Шоқай  қайтыс болар алдында  тұтқын лагерін  аралаған кезде,  нацистік  Алмания  басшылығына  түркістандық  жастарды соғыс  шептеріне жіберудің  орнына,  оқуға  жіберілуі көбірек тиімді  болатын. Мұстафа өзі соғысқа  қарсы жан еді. Ол сонымен қатар  Гитлерге де оның наистік партиясымен  фашистік идиологияға да  қарсы болған адам.  Оны  Мұстафаның   соғыс қарсаңында  “Прометей” журналында жарық көрген  мақалаларынан  оны байқауға болады. Ол тұтқын лагерлерін аралап  жүрген  кездің өзінде, егер нацистер кеңес одағын  жеңіп,  Орталық Азияны қолға түсіретін  болса,  он большевиктерден  де  әрмен талан – таражға салатынын біліп  жүргені байқалады ” /5/.

Ол түркістан легионы  жобасынан  бас тартып  Парижге қайтар  алдында, Берлинде  дүние салды.  Қорыта айтқанда, М. Шоқай түркістан легионы  жобамен келіспей, нацистерге көмек  беруден  бас тартқаны үшін  құрбан болды.  Алайда ең  өкініштісі  осының бәріне қарамастан, кеңестік  үгіт – насихат  құралдары, оның  фашистермен істскен сатқын  ретінде  көрсетуге  тырысып жала жабумен  болды емес пе?

Ұлы түрік ғалымы  Абдуақап  Қараның  мұндай қорытындыға  неге келгенін  сөз етсек, бұған  негізгі арқау  болған түркістан  легионында  қызмет атқарып, артынан толық ақталған  белгілі ақын  Хамза  Абдуллиннің  “Мұстафамен  Мағжан  -тұран елінің  дарындылары ” еңбегінде  Мұстафа Шоқайды  Шығыс  министірі  Розенбергтің бұйрығымен Уәли Қаған у беріп  өлтірді деген  құпия тарады. 

Легион байрағының үстіңгі жағы қызыл, асты жасыл түсті матадан жасалды, онда ақ түсті садақ пен оның жебесі, ал ту сабының төменгі жерінде жарты ай мен жұлдыз бейнеленді.

Ерікті құраманы азық-түлік және  киім-кешекпен қамтамасыз ету неміс әскерінің нормасына сай белгіленді. Мысалы, Польшада (легионның құрылған жері) әрбір он күнде  ақшалай үлес рота командиріне — 72, взвод командирі мен оның көмекшісіне — 45, бөлімше командиріне — 42, оның көмекшісіне — 36, легионерге — 15 бзлотых еріліп тұрды.

Күнделікті алатын азық-түлік мөлшері мынандай: 400 гр. нан (соғыс жағдайында 600 гр), бір литр тары немесе ет (өте сирек) сорпасы, 20-35 гр. шұжық, 20-25 гр. сары май, 3 сигарет. Кейде 50-100 гр. коньяк, әрбір үш күн сайын 5 конфегг берілетін.                                                                

Легионерлер бір-бірімен өзара тек ана тілінде түсінісетін, ал орысша сөйлесуге тиым салынды. Бұйрық тек немісше айтылады.

Мұрағат құжаттары легионерлердің моральдық-саяси жағдайы аса жоғары бола қойған жоқ деп баяндайды. Олардың біраз бөлігі бас сауғалап, тірі қалу үшін келгендер, дегенмен шын сырын тіс жарып сыртқа жая қойды дейсіз бе? Солай болған да шығар. Алайда, «елім, туған жерім» деп, егіліп, не де болса алаш жұртын большсвиктік бұғаудан босатуға шын жүрегімен, бар ынта-ықыласымен кіріскслдер аз болған жоқ.                                                                    

Легион командирлерінің, «ТҰК» басшылығының және діни қызметкерлердің қатысуымен өткізілетін салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі «Құран Кәрім» алдындағы екі қылыш айқастырылған күйдегі Түркістан байрағы астында берілетін. Оның мазмұны мынандай: «Герман әскеріне қызметке кірген мен қолымдағы қаруыммен қасық қаным қалғанша большевиктермен және Қызыл Армиямен күресемін. Егер бұл антты бұзсам, мен Алла және герман командоваииесі алдында жауап беремін». Бұдан соң ол қолын кеудесіне ұстап, даусын қаттырақ шығарып, үш рет «олла-білля» («Алланың атымен ант етемін») деп қайталайтын. Міне, осыдан кейін легионерге тиісті киім-кешегі берілетін.

Мұрағат құжаттарына қайта үңілейік. Ерікті құрамалардың сандық құрылымы, олардың әскери құралдармен жарақтануы, легионерлердің жай-күйіне назараударып көрейік.

1942 жылдың аяғына таман «Түркістан легионы» құрамына әрқайсысы 1100-1200 адамнан тұратын 9 батальон және «Түркістанның жеке СС ротасы» (270 адам) кірді. Бұдан басқа «Тимур атындағы Түркістан батальоны», «СС-ың шығыс мұсылман дивизиясы», «СС полкы», «СС-тің д ла ротасы», қазақтың «Алаш» отряды, түркі тектес халықтардың бригадасы сияқты ірілі-ұсақты құрылымдар да болған көрінеді.

Әскери бөлімшелер қалай жарақтанды десек, батальондардың бір-бірінен айырмашылығы болмаған. Олардың әрқайсысы 3 атқыш, 1 қару-жарақ ротасы және штаб ротасы бар яғни әрқайсысы шамамен 170-190 адамнан тұратын 5 ротадан тұрды. Әрбір атқыш ротасында 4 атқыштар зводы, танкігс қарсы қарулы топ, сонымен бірге 3 елу метрлік миномет бол-ды. Ауыр кару-жарақ (пулемет-миномет), штаб роталарын сөз етсек, олар тиісінше былай жарақтанды: “Максим” жүйесіндегі 10-12 станкілік пулемет пен 4-82 миллиметрлік миномет; 45 миллиметрлік 3-4 зеңбірек, 50 миллиметрлік миномет, байланыс взводы және сапер взводы. Мұнымен қатар әрбір батальонға радиостанция, 2-3 жүк машинасы, ал кейбіреулеріне бронемашина берілді.

Міне, осылай жарақтанған еріктілер әскери қимыл-әрекетке қатыспады десек, шындықтан алшақтап кеткен болар едік. Бірақ совет әскерлерімен болған қиян-кескі күрестс «Түркістан легионы» керемет бір шешуші күш бола қойған жоқ, әрине. Қайта, керісінше, олардың пайдасынан зияны көп болғандай. Мысалы, NN1, 3, 4, 6, 8 батальондар ретін тауып, Қызыл Армия жағына шықты, кейбіреулері қару-жарағын тастап, соғыс алаңынан қашып кеткен. Донбасс аймағында болған N5 батальон қорғаныстың екінші шебін салуға пайдаланылды; траншея қазып, сым қоршаулар жасады, екі арадағы соғыста түгелдей қырылды. Ал Варшава түбіндегі N 9 батальон темір жол торабын күзетті, тікелей әскери операцияларға қатысқан жоқ.                                

Фактілер көрсетіп отырғанындай, легионерлердің көпшілігі жат жұртқа қызмет көрсетуге онша ынта-ықыласы бола қойған жоқ. Шамалы мүмкіндік болса Қызыл Армия жағына өтіп, елге қалай да қайтуды қарастырғандар аз  емес.

1944 жылдың тамыз айында Батыс Украинада «Түркістан легионының» қолында қару-жарағы бар 100-ден астам әскери қызметші бөлімшені тастайды да өздерін партизанбыз деп жариялап, неміс әскерлеріне қарсы шығады.

Осыған орай бір шетел ғалымының пікіріне назар аудара кетудің реті келген сияқты. Француз тарихшысы, профессор Клод Дельпла былай дейді: «Менің деректерім бойынша, Түркістан легионы құрамында кемінде 6 батальон болған, оның екеуі бізге көбірек танымал, себебі, олар Францияда Тулуза қаласының шүбіне орналасқан еді. Легионшшарға немістер көп сене бермейтін. Олардың неміс армиясында тек қарын тоқтығын іздеп, жанын сақтап қалу үшін жүрген адамдар екеніне немістердің көзі толық жеткен еді.

Арьеж төңірегіндегі түркістандыктардыц француз партизан бөлімшелеріне қосылғандары жөнінде мен әзірше нақты мысал келтіре алмаймын, бірақ Гаронна өзенінің жоғарғы жағындағы аймақта партизандарға өткен түркістандықтардың саны одан да көп. Бұл бізге белгілі оқиға.

… Әрине, қазіргі жағдайда түркістандықтардың Францияда болған кезеңдері жөнінде баға беру керек екендігі сөзсіз. Олардың арасында фашистермен ауыз жаласкандары да болды. Бірақ олар аз. Елу шақты адам (сатқындар) әскери кылмыскерлермен бірге әскери трибуналға тартылып, сазайын тартты. Алайда, түркістандыктардың басым көпшілггі неміс армиясына өмірлерін сақтап қалу үшін ғана барған адамдар. Көп нәрсені түсінбегендіктен, оларға әрбір тыныш өткен күн Алланың сыйындай еді. Соғыс біткен соң түркістандықтар кеңес солдаттарының қатарына қайта қосылды. Өйтксені, Францияға оларды еліне кайтару үшін совет миссиясы келген еді.

Біз болсақ түркістандыктардың мәселесін жаңа ғана біліп отырмыз. Байкасақ, олардың тағдыры алдын ала шешіліп койған сияқты. Тұжырымдап айтқанда, Түркістан легионшыларын не сатқын, не қаһарман деп айтуға келмейді, себебі, бұл майдан олардың соғысы емес болатын.

Әрине, бұл пікірге келісе қоймайтынлар да бар. Дегенмен француз ғалымының ой-өрімдеріңде кейбіреулерге ұнай қоймайтын шындықтың жоқ еместігін естен шығармағанымыз дұрыс емес пе?                                                                   

Жауласқан екі ел арасында қашанда болсын барлау, қарсы барлау істері өрістей түсетіндігі мәлім. Өйтксні қандайд  да мәселені тиянақты шешу үшін жан-жақты хабар-ошар керек. Соның бір көзі — барлау ісі. Мұның легионға да қатысы болды, әрине. Вали Каюмханның тікелей араласуымсн 1942 жылдың сәуір айында немістің «Цеппелин» барлау органы Легиною деген жерде «СС-тің Түркістан ротасы» деген атпен жамылған арнайы мектебін ұйымдастырды. Мұнда бір мезгілде неғұрлым сауатты және денсаулығы жақсы деген 200-ге дейін легионерлер оқиды. Осындай арнаулы оқу орыңдары басқа аймақтарда, атап айтқанда, Люкенвальд пен Освитц (Герман ия), Воломино (Польша), Теппель (Чехословакия) және Тавель (Қырым) сияқты жерлерде де  қоныс тепті.

» Үлкен Түркістан» мемлекетің құрудың жоспары жасалған. Мұрағат құжаттарында көрсетілгеніндей, бұл ұлан-ғайыр елге болашақта КСРО-дан бөлінеді деп есептелген Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан,Түрікменстан, Қарақалпақстан, Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кавказ, Әзірбайжан мен Қырым аймағы, сонымсн бірге Синьцзян (Солтүстік Қытай) Ауганстан мен Иранның солтүстік өңірі кіругс тиіс болатын.                                                                                 

Сөйтіп, шығыс батальондары соғысқа қатысты деген аты болмаса көпшілігі неміс әскери басшылығының үмітін ақтай алмады. Сондықтан да 1943 жылдың он бойы олар партиззандармен күресте, темір жолды, елді мекендерді қорғауда, кеден қызметін атқаруда, сол сияқты тылдағы басқа жұмыстарда көбірек қолданылды. Оларды осылайша пайдаланудың ауқымы тіпті молайып кетті.

Мысалы, 1943 жылдың көктем-жазында партизан қозғалысына қарсы жұмсалады деген ниетпен Украинаға бірнеше  әзірбайжан, еділ татарлары, грузин және түркістан батальондары жіберілді. 1943 жылдың орта кезінде Львов аймағына шоғырланған шығыс легиондарының саны 31 мыңға жетті. Бірақ тәртіптің нашарлауы, соғысты жүргізуге ешқандай ынта-ықыластың көрсетілмеуі, легионерлердің партизандар жағына өтіп кетуінің жиілеуі, «жау насихатының» күшейе түсуі неміс басшыларын «сенімсіз» деген бөлімшелерді бұл жерден қуып, орнына басқаларды әкелугс мәжбүр етті. Алайда, жаңадан келгендер дс осындай «әдіске» көшті. Сондықтан да шығыс легиондары Украинадан біртіндеп түгелдей кетірілді.                                                                             

1943 жылдың аяғында неміс саясаткерлері мен неміс әскерилерінің легион құру жөніндегі бұрынғы қуанышы түсінбеушілікке, тіпті түңілген жағдайға айналды. Мынандай сұрақ тікесінен қойылды: өздеріне жүктелген міндетті қызметін орындай алмаған құрылымдармен алдағы уақытта  не істеу керек? Қызыл Армияның жеңісті шабуылы Шығыс легиондарының «әскери қабілетіне» едәуір әсер етгі, ал мұның өзі неміс басшылығын осы әскери және идеологиялық «қауіптен» шығыс легиондарын алыстату идеясына итермеледі. Ақырында жалтақ, бейтарап шешім өмірге келді легиондар Шығыста ештеңе бітіре алмады екен, олай болса оларды қашықтау жерге Атлантика толқыны деп аталған аймақты қорғауға — батыс соғыс театрына жіберу ұйғарылды. Сонда «большевиктермен күрес», «отанды азат ету» идеясы Шығыста жүзеге асырылмай, легионерлер үшін тек құрғақ қиял болғанда, сонау Батыста мұндай мақсат-міндет олардың «үш ұйықтаса түсіне ене қомайтындығын» осындаи ой-пікірдің авторлары түсініп-білді ме екен? Батыс майданда олар не үшін қан төгуі керек?

1943 жылдың 29 қыркүйегінде Гитлер барлық шығыстық еріктілерді Шығыстан Батысқа ауыстыру жөнінде жарлық шығарды. Бұл Шығыс легиондарды Польша территориясынан Францияға жіберіп, оны «Батыс» армия тобы қолбасшысының қарамағына аттандыру туралы герман бас шта-бының 1943 жылдың 2 қазанындағы бұйрығында көрініс тапты. Шығыс легиондарының басшылығы қараша айының соңында оңтүстікке, Мийо қаласына жетті, ал барлық алты легион (яғни олардың командирлері және негізгі лагерлер), офицерлер мектсбі және аудармашылар мектебі -бәрі 21 қарашадан бастап осында болатын.

Легионсрлерді тасымалдау өте асығыс қолға алынды. 1943 жылғы қарашаның бірінші жартысында қоныс аудару негізінен аяқталды: 1944жылдың 1 наурызына дейінгі ресми деректер бойынша «Батыс» армия тобының қарамағына 61439 шетелдік және шығыс еріктілері кірген.

Батыс Европаның әртүрлі елдері мен аудандарында айқасқан шығыс батальондары Атлантикалық толқынды қорғауға ғана емес, Шығыстағыдай партизаидармен де күресуі  тиіс еді.

Франциядағы Шығыс легиондары бұрын Украинада көрсеткен іс-әрекетін тағы да байқатты: біреуін неміс басшылығы «тамаша, әскери қабілеті күшті құрамалар» (Шербурді одақтастар әскерінен қорғаудағы 795-ші грузин батальоны) деп атап етсе, екіншісі сснғысуға құлық көрсетнеді, партизандарға етті (мысалы, 797-ші грузин батальоны мүлде күйреді, Брест түбіндегі ұрыста 800-ші солтүстік кавказдық батальоннан 203 адам қашып кетті). Х.В. Нойленнің дерегі бойынша тек Францияның өзінде одақтастар әскері 30000-дай шығыс еріктілерін тұтқынға алған. 1945 жылдың 6 сәуірінде қолындағы қару-жарағымен одақтастар жағына шығамыз деп немістерге қарсы шыққан голландия жеріндегі Тексель аралыңдағы 822-ші грузин багальонының көтерілісі — елеулі оқиға. Осы ереуіл кезінде 565 грузин, 117 голландық азамат, 800-ге жуық неміс қаза тапты.
ІІ ТАРАУ. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ  ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЫ

 

2.1  Батыс зерттеушілерінің  көзқарастары.

 

Түркістан легионы – ХХ ғасырда  дүниені білуге  таласқан  екі идиологияның  шиеленісуінен туды деуге болады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  еуропа елдеріне  тұтқындар ретінде  отандастарымызды апарып төкті. Сондықтан легион  тарихы Евроупа елдеріне  барған түркі тілдес  азаматтардың  хикаясы  болып табылады. Гулжауһар Көкебаеваның легионерлер  жөнінде халықаралық  құжаттар  негізінде мынадай  түсіндірме жүргізілді.  Онда, қанша  ерсі  көрінсе де соғыс  жүргізудің белгілі бір  тәртіптері  әсіресе  тұттықндарға келгенде  соғысып жатқан  екі жақ  қол қойылған құжаттарға  сүйену қажет.  І Дүние жүзілік  соғыс кезінде  осындай  құқықтардың  бірі БААГА келісімі болған.  Оған Европа елдері  тегіс қол  қойған.  Кейін 1129 жылы  бұл келісім қайта  қаралып, толықтырылып  “Женева Конвенциясы ” деп аталды. Оны 47 ел танып  қол қояды. Кеңес үкіметі құжаттардың  бірін де мойындамайды.

Екінші дүниежүзілік  соғыс кезінде  Фашистік тұтқынға  түскен әр түрлі  елдер өкілдерінің  ішінде сан  жағынан  ең көбі. — кеңестік тұтқындар.  Олардың жалпы саны 5,7 млн  соның 3,8 млн алғашқы  айда қолға түскен. Әрине бұл жағдайды тұтқиылдан басталуы  іспетті сылтаулармен түсіндіруге болар еді.  Алайда  соңғы жылдарда  белгілі болған  мәліметтерге қарап, себептер әлде қайда тереіңде жатқанын  байқауға болады.

Женева келісміне қайта оралар  болсақ  КСРО ны батыс елдерінің  өкілдерімен салыстырғанда  погославтар  мен поляктардың  жағдайы  әлдеқайда нашарлау еді. Алайда олар  халықаралықө  құқықтар  жүйесін пайдаланып, қызыл крестен көмек алып отырады, сондықтан жаппай қыруға  ұшыраған жоқ.  1914 жылы 17 шілдеде  Кеңес одағы  Швед үкіметі  аруқылы Гитлерге  екі жақтың  тұтқындарына  қатысты  мәселеде БААГА  келісіміне сүйену туралы  ұсыныс жасайды.  Бұл ұсынысты  алғашқы жеңістерге мастанған фашистік үкімет  қабылдамайды.  Ал кейін  кеңес тұтқынындағы  немістердің  саны көбейген кезде  Германия екі  жақтың Женева  келісімінің  қолдану туралы  ұсыныс жасайды, бұл ұсынысты  Сталин  қабылдамайды.

Кеңес үкіметі  тұтқындағы  өз азаматтарын  қорғау орнына  “сатқындар”  деп  айыпталды.  1941 жылы  16 тамызда  КСРО халық  қорғаныс комисарының  кеңесі  әскеріне тұтқынға  түспеуді бұйырған, ал тұтқындарға түскендердің  туған туысқандары  құралатындығы  айтылған жарлығы шығады.

Көп ұзамай ақ  сол жылдың  8 қыркүйегінде  фашистер  кеңестік тұтқындарға  өте қатал қарау  аймақ туралы  бұйрық береді. Бұл туралы қызыл  крес өкілі  ЖЮНО естеліктерінде қатар  тұрған ағылшын  және кеңес тұтқындарының  арасындағы айырмашылықтың  басты себебін  КСРО Женева  келісіміне қол  қоймағанын  тілге тиек етеді. Міне  қысқаша айтқанда  кеңес тұтқындарының жағдайы осындай болатын. Бұл жәйтті неміс зерттеушісі, профессор  Патрик Фор  Цур Мюлень олар туралы  жазған кітабын  “Свастика мен кеңес жұлдызы  ортасында қалғандар” — деп атау  арқылы дәл  көрсеткен.  Сарылып конслагерде қамалған жүздеген  мың отандастарымыздың  жан ұшырып тұйық  тіршіліктен  шығу жолдарын іздей бастады.

Өзінің жазғандарын тұжырымдай келе  ол былай деді:  “Тұтқындардың  көбі легионға  баруға ұмтылды.  Неге дейсіз ғой?  Ең алдымен  кімде болса  лагерлерден өз басын   құтқару үшін  амал іздеді,  өйткені аш жалаңаш  жазықсыз адамдар  сан алуан қорлық көрді.  Тіпті жаны ауырып   қорлық көргендерді  атып тастады”. Кейбіреулер легионнан қашып не өз армиясына, не Батыс  Европа елдеріндегі  партизан  қосылатын жағдай  табам ба?  деп үміттенді.  Түркістан елдерінің  аузаттығы үшін күресті  жалғастырмақ болғандардың  саны  аз емес еді.

Тұтқында болып аман қалған  И.А. Дуғас пен  Ф.Я. Черонның парижде  жарық көрген  естеліктерінен  соғыстың алғашқы  айларында  фашистер  кеңестік Азия  өкілдеріне  басқалардан гөрі  қаталырақ қарағанын,  соның салдарынан  1941 жылдың күзі мен  1942 жылдың  қысында Польша  жерінде лагерлерде  болған 130 мың түркі  тектес тұтқындардың  122 мыңға жуығы қаза тапқандығы туралы  мәлімет кездестірдік.  Неміс зерттеушісі  Г.Нойленнің  деректерінде  Ченситохау  лагерінде  1941 жылдың  қараша айынцда  32 мың түркістандық болғанын саны 4 айдың ішінде 262 адам ғана  тірі қалғанын  көрсетеді. Х. Штрайттың зерттеулерінде мынадай  тың мәлімет көрсетілген. Фашистік Германия  кңес одағына қарсы  соғысқа қызу дайындық  жүргізіп жатқан  кезінде,  блашақта қолға түскен  кеңестік әскерлерге  қалай қарау керек екендігі  туралы нұсқаулар  берілген.  1941 жылдың мамырндағы нұсқауында кеңестік соғыс тұтқындарына өте сақтықпен қарау  керек екендігін  ескерте келіп  “Әсіресе Қызықл Армияның  азияттық өкілдері  ерекше зұлым  бізге  түсініксіз  және  сезімсіз адамдар” деп бағалаған. Гитлер шығыс легионерлерінің  80 мың қарудан айырып,  шахталарға ауыр  жұмысқа салуға  бйрық берген.  Осыдан кейін көп ұзамай -ақ шығыс легиондарын Батыс майданға  ауыстыру басталған.  Франция жерііне  бірінші кезекті  түркістан және кавказ легиондары  жіберілген.  Бұл жағдай фашистік  Германияның  Батыс майдандағы  қолбасшысына  хабарланбай қалып,  немістер легионерлерді  келген бойда  тұтқындап,  қаруларын  тартып алып Атлантия бекінісінің  құрылысына салған.  Сол кезде Түрік легионерлерінің  бір қатары  қашып, француз қарлы асу  қозғалысына қатысып  елге оралды. Әр алуан деректер бойынша  1942 жылдың көктемінде  құрылған Түркістан легионы  құрамында болғандардың саны  180 мыңнан  250 мыңға  жетіп,  бұл әскери құрылым  шығыс легиондарының  арасында  ең үлкені болыпты.  Деседе Мұстафа Шоқай  мұндай әскери құрылымды  қажет деп таппаған, тіпті қарсы болған.  Өйткені оның  пікірінше, фашис лагерінде зұлмат  айуандықтан зардап шеккен  жандарды қайтара  қанды соғысқа  айдап салу адамгершіліке  жатпайды. Керісінше  ол кісі  саяси ілімі таяз  адамдарды Германиядағы  фабрика,  заводтарға жіберіп,  болашақ Түркістанға  маман  кадрларды дарлауды  ұсынған.  Бірақ 1941 жылы 27 мартта қайтыс болып бұл оы жүзеге  аспай Француз  тарихшысы  профессор  Клод  Дельпла  былай дейді.  Менің деректерім боуйынша  Түркістан легионы  құрамында ең кемінде  6 батальон  болған.  Оның  екеуі  бізге көбірек танылып,  себебі олар  Францияда уруза  қаласының түбінде  орналасқан еді.  Легионшыларға  немістер  көп сене бермейтін. Олардың неміс армиясында  тек  қарын тоқтығын іздеп,  жанын сақтап  қалу үшін  жүрген адамдар  екеніне немістердің көзі толық жеткен еді.  Бұған дәлел ретінде  протоколдардың бірін  мысалға келтіруге болады.

Гестанның  бір  тыңшысы өзін антифашист  полякпын  деп  түркістандықтарды  сөзге тартқан Гастолге жазған  құпия  мәліметінде  ол былай дейді. “Түркістан  легионшысы  өз өміріне  риза, тамағы тоқ,  қару алып майданға  барғысы келмейтінің  былай жалғастырды  “Арьеж” төңірегіндегі  түркістандықтардың  француз, партизан бөлімдеріне  қосылғаны  жөнінде   тари департаментінде  біздің  партизандарға өткен  түркістандықтардың  саны  одан да көп” деп көрсетті.

Тұтқынға түскен түркістандықтардың  көпшілігі орыс  тілін  білмеуі де  жағдайларын қиындата  түсті.  Кеңестік тұтқындардың жағдайының соншалықты ауыр болуы оларды,  әйтеуір тірі  қалу үмітімен  немістер құрған  ұлттық құрамаларға  кіруге  итермелеуі мүмкін  Осы ұлттық құрамалар  Г. Нойленнің  айтуынша  968 000 болған,  соның ішінде  Түркістандықтар  180 000 (түркістандық легионерлер саны  шетелдік зерттеулерде  әр түрлі  мөлшерде көрсетіледі).

1941 жылы күзде  кеңестік тұтқындар  шоғырланған  лагерлерді  аралап  тұтқындардың  жағдайы мен көңіл күйін  байқау үшін құрылған  Гайбель  басқарған комиссияға  М.Шоқаймен  бірге   татар, өзбек тағы да  басқа халықтардың  эимграциялық  өкілдері кіргізілді.  Солардың бірі Ахмед – темір  Еділ -Орал бойынан  келген түрік тектес  және мордва, удмурт тұтқындарымен кездесулері туралы баяндамасының  неміс  тіліндегі  нұсқасында  тұтқындардың  көпшілігінің  тоталитарлық жүйелену саясатына, отаршылдық  бұғауға наразы  екендігі көрсетіліп,  олар халықтың  тәуелсіздігі  үшін кеңестік  отаршылдарға қарсы  қолына қару алып күресуге дайын  екендігі айтылған.  Демек,  соғыс  тұтқындарымен  кездесу жалғыз  Мұстафа Шоқайдың  идеасы емес,  кеңестік отаршылдардың  бұғаудан  құтылуды аңсаған  барлық эмиграциядағы  өкілдердің  әрекеті еді.

И.А. Дугастың  айтуынша  ұлттық  легиондар  құру туралы  алғашқы  құпия бұйрық 1941 жылы  желтоқсанда беріілген.  Бұл бұйрықтың берілуіне  себеп болған  1941 жылы күзде  түрік генералы  Эрклиттің  Гитлермен  кездесуі кезінде  кеңестік  түркі тілдес  тұтқындардың жағдайын  жақсарту үшін жасалған  өтініші.  Осы бұйрық бойынша  тұтқындардан үш  легион – грузин,  армиян және  кавказ мұсылмандарының  легиондар құруға  тиісті болды.

1942 жылы қазақтардан бастап  кавказ халықтарының  эмиграциядағы  өкілдерінен құралған  арнайы комиссия  лагерлерді аралап,  легион құру жұмысына  кіріскен.  Шығыс легиондарының  әскери қуаты төмен  соғысқа жарамдылығы нашар  болған. Мысалы  Курск  шайқасындағы  жеңілістен кейін  Гитлер  басты  айыпкерлердің  бірі  ретінде  Шығыс  легиондарын  атаған.  Олардың  кеңес әскерлері  тұжырымдарын айтқанда, түркістан легионшыларын  не сатқын,  не қаһарман деп айтуға  келмейді,  себебі  бұл соғыс оларудың  соғысы емес болатын.

Профессор Клод  Дельпла  екінші дүние жүзілік соғыс, оның ішінде  Түркістан легионы  жөнінде  бір -ақ  мақалалар жазса,  қазір кітап шығару  үрдісінде  екен.  Бізге оның “Римон  мен  Кастелько  Дюрбан  түбіндегі шайқастар” зерттеуінде тек қана  оқиғаларды  сипаттап қоймай  тұрғындардың куәліктерін де  көрсеткен.

Түркістан ұлтшылдарының  ел тәуелсіздігі  жөніндегі  армны  жарты ғасырдан  кейін ғана жүзеге  асып отыр.

Түркістан легионы  екінші дүниежүзілік  соғыс кезіндегі жеке  бір оқиға емес,  керісінше терең  иірімді, ауқымды  тарихи процесс.  Аталмыш  мәселе біздерді  өзіміздің ұлтымыз, ұлтшылдығымыздың  тағдыры мен еліміздің  әлемдік  қауымдастықта  алатын орны  жөнінде  жоғары  сана сеім  тұрғысынан ойлауға  тиіс.

 

   2 .2  Отанына оралған Түркістан легионерлерінің тағдыры.

 

     Фашистік Германияны КСРО  жеңгеннен  кейін  Еуропа елдеріндегі  кеңес үкіметі жоғарғы шенді әскерилерді Еуропа елдеріне   жібереді, олар бұрынғы әскери тұтқындарды  ешқандай жазалау болмайтынына кепілдік береді. Адамдар бұған сенгісі келді және Отанының оларды күтетініне сенді де. Кеңес эмиссарлары Еуропадағы партизан қозғалысы жағына  өткен бұрынғы әскери тұтқындарға қолданатын арнайы қызметтер ұйымдастырады. Бұл қызметтер бұрынғы кеңес азаматтарын репатриациалаумен айналысады (213). КПСС Орталық Комитеті еуропа елдеріндегі туысқан коммунистік партиялардың орталық комитеттеріне сол елдердегі партизан қозғалысына қатынасқан бұрынғы   кеңестік қызылармияшылардың толық тізімін беруді ұсынып, хат жолдады.

    Енді ғана КСРО-да Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің 1941 жылғы 27 желтоқсандағы әскери тыл шеңберінде құрама-аударма пункттерін құру туралы қаулысы белсенді түрде тарала бастады. Бұл пункттерге барлық тұтқында болғандарды  және жау қоршауында қалған бұрынғы қызыл армияшыларды  олардың арасында шпиондар мен диверсанттар бар-жоқтығын анықтау мақсатында жіберу керек болды. Олар Ішкі істер Наркомы Л.П.Берияның 1942 жылғы 13 қаңтарда бекіткен «НКВД-ның  арнайы лагерлерінде тұтқында және жау қоршауында қалған бұрынғы Қызыл Армия әскерлерін ұстау тәртібі туралы уақытша нұсқауымен»  жау әскерінің тұтқын солдаттары ретінде жіктелді. Арнайы лагерлер  жүйесі құрылды.  Кеңестер Одағына оралушы әскери тұтқындар ағымы 1944 жылдан бастап бірден көбейді, осыған байланысты НКВД, НКГБ және «СМЕРШ» әскери бақылау-барлау  /контрразведка/ қызметі  органдарының алдында  әрбір оралушыны тексеру  міндеті тұрды. Бұл жерде әңгіме тек ондаған немесе жүздеген емес, миллиондаған азаматтар туралы еді. Ресей Федерациясы Комиссиясы  баяндаған құжатта «әскери тұтқындарға деген қатаң, аяусыз қарым-қатынас жеңістен кейін де көптеген жылдар бойы сақталды» деп көрсетілген (214).

     Соғыс біткенге дейін бір жыл бұрын, яғни, 1944 жылы жазда барлық елге оралушы әскери тұтқындар мен репатриацияланғандарды  сүзгіден өткізу мен тексерудің жаңа жүйесін мемлекеттік қауіпсіздік органдары жасап, енгізді. Соғыстан кейін  тексеру мен  сүзгіден өткізу тәртібі бірден қатаңданды. Шекараларда бақылау-өткізу пункттерінің жүйесі құрылды, ал кеңестік территорияның шекаралық сызықтарында – тексеру-сүзгіден өткізу (ПФП)  жүйесі  құрылды. ПФП-да отырған адамдарды азықтандыру ГУЛАГа мөлшері бойынша арнайы  қаулымен белгіленді. ПФП-ға азаматтарды жеткізу НКВД, НКГБ және «СМЕРШ» әскери конвойымен НКВД өкілінің жетекшілік етуімен жүзеге асырылды (215).

     1944 жылғы қарашада шыққан ГКО-ның қаулысына сәйкес Қызыл армияның барлық әскерилері тұтқыннан босатылды, олар әскери округтердің  запастағы бөлімдеріне  жіберілді, онда НКО «СМЕРШ» бақылау-барлау органдары тексеру жүргізді. Тәртібі бойынша арнайы запастағы бөлімдердің НКВД-ның тексеру-сүзгіден өткізу лагерлерінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ.

    1944 жылы болған кескілескен шайқастар Қызыл Армия жоғалтқан адамдардың орнын қайтадан толтыруды талап етті. Сондықтан тексеруден кейін әскери тұтқындардың бір бөлігі шайқасып жатқан армияға жіберілді.

Неміс армиясы қызметінде жүрген көптеген әскери тұтқындар мен «власовшылар» ұрыстар кезінде және Германия құлағаннан кейін ұсталды. «Власов» армиясының командалық кадрлері, кеңестік   және одақтық армиямен бейбіт азаматтарға, партизандарға қарсы  неміс әскерлерінің қанқұйлы операцияларына белсенді қатысушылар  айқындалды. Бұл адамдардың істерін, ережеге сай, үштік, яғни, НКВД, НКГБ, және «СМЕРШ» өкілдері қарастырды (216).        

      Соғыс біткеннен кейін тірі қалған адамдар одан ары тексерілу үшін есепке алынды, олардың көпшілігі, тіпті барлығы дерлік лагерлерде болды.

       Тексеру  мен  сүзгіден өтуге жіберілгендерді тікен сымдармен қоршалған зоналарда ұстады, туысқандарымен хабар алысу құқығынан айырды.

        Жабылғандарға сияқты, тексерушілерге де белгілі бір ақшалай табыс келтіру жоспарланды, ал жалақының едәуір бөлігі мемлекет кірісіне жіберілді.

         Тексерудің ұзақтығы бірнеше айдан бірнеше жылға жетті. Осы лагерлердегі тәртіп сипатының, тексеру мен сүзгіден өткізу реті мен әдістерінің үлгісі, РФ комиссиясының  материалдарында көрсетілгендей, хаттар болуы мүмкін, оның авторы Шахта қаласындағы №48 лагерінен былай деп жазды: «Бұл жерде барлық жастағы және барлық ұлттың адамдары ұсталып отыр. Олардың барлығы Румыния, Германия, Франция тұтқынында болған». Осы туберкулездік орынға жабылған адамдар өз тағдырының шешімін ойлап, жылдап күтеді. Егер адам лагерде  6-ай отырған болса, жетінші айда тегеуге шақырылады. Тергеп болған соң, тағы жарты жылдан кейін тергеуге шақырылады. Ол уақытым бітті-ау дегенде оған:      «Сіздің жұмысыңыз отыру, қарсылық көрсету мәнсіз, тағы тексереміз, содан соң аржағы белгілі болады» деп жауап берді.

       Басқа ұлттың адамдарына ерекше тергеу жүргізілді. Бұл жерде сен кінәлісің бе, жоқ па, отырасың басқа ешқандай шара жоқ.

        Тергеуді қызық жүргізеді: «Тұтқынға қай жерде түстің?» — жауап «сол жерде», «қалай» — жауап «осылай». «Сен неге тұтқынға түсесің, неге өзіңді-өзің атпадың?» және т.с.с. «осы лагерде шіримін»(217).

          Түркістанның бұрынғы  легионерлеріне жүргізілген сот процестері  соғыс біткеннен кейін бірнеше жылға созылады. Легионерлер «істі» кеңестік республикаларда  қарастырылады. Қазақстандағы ең белгілі іс болып танылған бұрынғы легионерлердің 49 -ның соты болды, оларды Мұстафа Шоқаймен байланысты деп айыптауға тырысты. Бұл жөнінде «Ұлтшылдар» мен «Халық жауы» деп аталатын  коммунистердің көзін жойған компанияларына арналған тарауда баяндалған. Түркістандық Манас Нұғманов пен оның отандастарының тағдыры басқаларға үлгі болды. Олар туралы 1994 жылы түсірген француз кинематографистерінің документальды лентасында айтылған. Манас Нұғманов фашистердің тұтқынында болған. Түркістан легионына өтеді, жерлестерімен бірге легионнан қашады, Француз  партизандарымен бірге соғысады. Олардың арасындағы соғыста сіңірген ерліктерін командование атап көрсетеді. Елге оралған соң Манас Нұғманов Новокузнецкідегі  лагерде 10 жыл отырады(218). Оның Француздан туған қызы Моник – Светлана  Легра – Нұманов әкесінің соғыстан кейінгі өмірін дұрыстауға көп күш -жігер жұмсады, бұл «Жер дәні үшін»фильмінде  көрсетілген.

        Шетелдерде қалған түркістан лигионерлерінің  тағдыры.

   Кеңес эмиссарлары ұйымдастырған үгіт -насихат   жұмыстарына қарамастан Мұстафа Шоқайдың ұлт – азаттық  қозғалыс жөніндегі идеяларымен жақсы таныс болған Түркістан легионерлерінің көпшілігі үгіт — насихатқа  сенбестен шетелдерде қалуды ұйғарды. Мұстафа Шоқай құрған түркістан ұлт – азаттық  қозғалысы Екінші дүниежүзілік соғыстан  кейін де  өз жалғасын тапты, осы Жекеленген идеяларға сенген  адамдар коммунистік идеологияға қарсы болды. Солардың бірі Карис Қанатбай. Мұстафа Шоқайдың идеялары  «суық соғыс» кезеңінде «Еркіндік» радиосы редакциясы бағдарламасының негізі болды, оның хабарламалары кеңестік Орталық Азия республикаларында бірнеше  тілде беріліп тұрды.

 Шет елдерде өмір сүруді жалғастырып жатқан түркістандықтардың өмір тарихы мен қызметтері әлі  толық зеріттеліп біткен жоқ. Ол, біздің пікірімізше, жеке кітап тақырыбы болуы тиіс, және осы зерттеудің келесі бөлімі болары хақ, келесі зерттеу тақырыбы түркістандық  саяси 7 миграцияға арналады.   

Шетелдерде қалған  түркістан легионерлерінің  тағдыры. Кеңес  эмиссиялары  ұйымдастырған  үгіт насихат  жұмыстарына  қарамастан Мұстафа Шоқай  ұлт азаттық  қозғалыс жөніндегі  идеялармен жақсы таныс болған Түркістан легионерлерінің  көпшілігі үгіт насихатқа  сенбестен шетелдерде  қалуды ұйғарды.  Мұстафа Шоқай  құрған Түркістан  ұлт азаттық  қозғалысы  Екінші   дүниежүзілік  соғыстан кейін де  өз жалғасын тапты, Осы жекеленген идеаларға  сенген адамдар  коммунистік идиологияға  қарсы болды.  Солардың бірі  Карис  Қанатбай. Мұстафа Шоқайдың идеалары “Суық соғыс” кезеңінде  “Еркіндік” радиосы  редакциясы бағдарламасының  негізі болды, оның хабарламалары  кеңестік  Орталық  Азия  республикаларында  бірнеше тілде  беріліп тұрады.

Шет елдерде  өмір сүруді жалғастырып  жатқан түркістандықтардың  өмір тарихы мен қызметтері әлі толық  зерттеліп біткен  жоқ.

Соғыс тұтқындарының  Кеңес одағына оралғаннан кейінгі  тағдыры да  өте ауыр  болды М.Геллеер  мен ненристің  Лондонда  Н.Толстойдың  Парижде  басылған зерттеулерінде  мынадай мәліметтер берген.  1943 47  жылдары кеңес  одағына  бес жарым миллионға жуық  соғыс тұтқыны  мен Германияға  жұмысқа айдалған  азаматтар қайтарылған.  Солардың 20 % атылған немесе 25  жылға айдалған, 15-20 % 5-10 жылға  лагерлерге жіберілген.  10 % Сібірдің соғыс  аудандарына  жер аударылды. Соғыста қиратылған аудандарда  ауыр жұмысқа салынды, 15-20 % ғана  тұрған жеріне оралды, бірақ оларға жұмысқа  орналасуға тұтқын  болған  “айыбы” үшін  үнемі кедергі  жасап отырған.  Ал 15-20 % тағдыры белгісіз мүмкін қашқын болар мүмкін  түрмеде болар. Демек,  соғыс  тұтқындарын  кеңестік  “отанын” екі рет сатты. Әуелі неміс  тұтқынында жүргенде  қорғаудан бас тартты, ал кейін елге қайтқанда ауыр жазаға  ұшыратты.  Егер  бүгін сол апат соғысты  бастан кешірмегенде  ұрпақ,  шындықты іздемей, соғыс тұтқындарына  “сатқын” ретінде қарайтын болса, бұл оларды  үшінші рет  сату болар еді.  Ресейде  аталған  мәселені  жан жақты  зерттеу  басталды.

 

2.3  Мұстафа Шоқай және  Түркістан  легионы

 

Ондаған ұлттар мен ұлыстардың басын күштеп бір ноқтаға теліген зорлықшыл ( тоталитарлық) жүйе бір кісінің жасына жетер-жетпесте түбі шіріген   емендей   құлап   түсті.   Миллиондаған   жазықсыз   жандардың ғұмырын қиған, әрбір тұрғынды кезінде бір талқаны шықты. Мызғымастай көрінген одақ түбегейлі күйреді, оның     құрамындағы     одақтас     елдер бостандық   алып,   құлдық қамытынан босанды.

Міне, еліміз тәуелсіздік алып, көк байрағын жер жүзіне желбіреткелі де  он жылдан асты. Мұстафа Шоқай тәрізді алаштың ардақты азаматтарының аңсағаны      орындалды.      Әлемдік      аренада      Қазақстан      дүниежүзілік қоғамдастықтың  тең  кұқықты   мүшесі,   Орталық  Азияның  айбынды  да айдынды мемлекеті ретінде бой тіктеді. Егемендіктің арқасында өшкенміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күй кештік. Жылдар өтісімен Тәуелсіздіктің буыны беки түсіп, еліміз айбарлы мемлекетке айналуда. Бұл жолда Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  айтқандай:  «Жас тәуелсіздіктің жолын малды да, жанды да қия алатын ауыз бірлік керектігі» де күннен-күн; айқындала түсуде. Ұзағынан сүйіндірсін деп тілейік!

Тәуелсіздік тұсында өткенімізді қайтадан зерделей бастадық, кеңестік идеологияиың салқыны шалған құндылықтардан саналы түрде бас тарттық. Ал  патшаны тақтан тайдырып, самодержавиені құлатқанымен,     сорақылықылығы оны    он    орап    кететін    «кеңестік қитұрқылықтар мен сорақылықтардадан”арыла  бастадық.   Заман  талабы   ғылым   мен   мәдениетіміздегі   көптеген «жаңсақтықтарды» кайта қарауға міндеттеді.    Соның нәтижесінде, әсіресе гуманитарлық   ғылымдардағы   ақтаңдақтар   мен   қаратаңдақтардың беті  ашылды.   Айталық,   кейінгі   ұрпақ   көркем   әдебиет   саласында   ондаған жылдар   бойы   үстемдік   құрып   келген   «социалистік реализм» әдісімен жазылғаи, Ленин мен коммуиистік партияны «жоғары   санаға»   жеткізген  шығармалардан    қалай   бас   тартса, гуманитарлық ғылымдар саласындағы асыра сілтеулер мен асыра айыптауларды        жазбай      тани        бастады.  Қазақстан  тарихы   егеменді, демократиялық республикаға айналғаннан кейін  отандық ғылым салалары     кеңес    үкіметі    кезінде    «жабық    тақырьп саналған тұстарды   ашуға  мүмкіндік  алды.  Мұндай  мүмкіндік  Қазақстан тарихы ғылымына да тиесілі еді…

Кеңес өкіметі кезінде «тыйым салынған» тақырыптар тарих ғылымында аз еместі. Олардың қай-қайсысы да зерттеушілер үшін аса қауіпті ері жабық мәселелер  болатын.  Ондай  тақырыптарды  зерттеуге  жағдай  туғызылған күннің өзінде зерттеуші оны кеңестік идеологияға сәйкес етіп, жаланы үйіп төгіп, қара бояуды қалыңдата түсіп жазуы тиістің. Қазақстан тарихындағы сондай тақырыптың бірі — саналы ғұмырын түбі бір тектес түркілердің тұтастығына арнаған     және сол    жолда басын бәйгеге тіккен,     ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайға қатысты. Осыған сабақтас тағы бір тақырып -кешегі       екінші       дүниежүзілік       соғыс       тұсында       Еуропа  территориясында құрылған атақты Түркістан легионы жайлы болатып Бұл  екеуі   бір-біріне  тығыз   байланысты   болмаса   да,   кеңестік  тарих ғылымы    оларды    қолмен   сабақтастырды.   Тіпті,   Мұстафа   Шоқайды Түркістан легионын құрып, оған тікелей басшылық еткен кісі ретінде көрсетті. Нәтижеде, онсыз да жалалы болған Мұстафа Шоқай есіміне өшпестей боп тағы бір таңба басылған еді.

Қазақстан тарихында Түркістан легионы туралы дақпырт күні бүгінге дейін өлі ақ-қарасы толық ашыла қоймаған меселе күйінде қалып отыр. Кеңес өкіметі тұсындағы тарихнамада оны тек біржақты түсіндіру, антикеңестік күш ретінде қарастыру бел алды. Айталық, кезінде әйгілі шығармаға айналған С.Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты повесінің аннотациясында «нақты деректер негізінде жазылған» делінгенімен, Түркістан легионы жайлы шындық бұрмаланып көрсетілді . Онда Мұстафа Шоқай мен тұтқынға түскен кеңес офицерлері мен жауынгерлері атына қарғысқа бергісіз ауыр сөздер айтылды. Бүгіннің биігінен қарағанда, бір жағынан, идеологиясы темірдей қатты кеңес одағында солай болуы заңды да сияқты көрінеді. Әйтсе де, Түркістан легионына қатысты Мұстафа Шоқайдың атына жабылған жала күні бүгінге дейін үзілді-кесілді алына қоймағаны кісіні қынжылтады.

Тағы бір басын аша кетерлік мәселе мынада: Бұл еңбегімізге Түркістан легионы туралы арнайы тарау енгізбеуге де болар еді. Мұны біз саналы түрде кірістіріп отырмыз. Мақсатымыз — мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізу.

Сонымен, Мұстафа Шоқайдың Түркістан легионына нендей катысы бар? Жалпы оған байланысы бар ма, әлде кеңестік жүйенің алдын-ала ойластырылған айып-жаласы ма? Ол өз ажалынан өлді ме, жоқ әлде , қастандықтың құрбаны болды ма? Міне, осы және осыған ұқсас сауалдар өздігінен туындап, кісіні жұмбақ өлемге жетелейді. Осының дұрыс не бұрысын салмақтауға әрекет жасап көрелік.

Мұстафа Шоқайдың 1929-1939 жылдар аралығында «Яш Түркістан» атты журнал шығарып тұрғандығы белгілі. Ол сұңғыла саясаткер ретінде әлемдегі саяси жағдайлар туралы талдау мақалаларын жиі жариялап тұрумен бірге, халықаралық қатынастарға да сараптама жасап отырды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында (1939 жылдың бас кезі — Ғ.Ж.) Мұстафа Шоқай Еуропадағы саяси жағдайларды қапысыз бақылап отырды. Әсіресе, мына мәселелерге жіті көз тігіп, көзқарасын білдірді:

—  Англияда жалпыға міндетті әскери борыштың жариялануы;

—  Гермаиия мен Польша арасындағы қатынастың шығуы;

—  Еуропада  туындаған қарама-қайшылыққа Ресейдің де араласа

   бастауы.

Мұстафа Шоқай әз еңбектерінде әлем халқының төрттен бірін Англияда бұған дейін жалпыға бірдей әскери қызмет өтеу міндеті енгізілмегенін жазды. Осы тұрғыда ол көптеген көзқарастарын білдіріп мақалалар жазды. Сонымен бірге, 1936 жылдың өзінде Еуропада екі тенденцияның: коммунистік және фашистік идеология майданының орнағанын атап көрсетті. Ол екінші дүниежүзілік соғысы болатынын алдын-ала көре біліп және айтып қана қойған жоқ, соғысқа тікелей қатысатын елдерді де дәл көрсетіп берген болатын. Айтса айтқанындай, көп ұзамай, әлемді адамзаттың сан ғасырлық тарихында бұрын-соңды болып көрмеген қиян-кескі соғыс бұлты торлап алды.Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында, 1936 жылы Орталық Азияның бүкіл территориясы ұсақ бөлшектерге бөлінді. Түркістан халықтары мен ұлыстарға, этникалық топтарға жіктелді. Коммунистер небәрі ширек ғасырға жетер-жетпес уақыт ішінде Түркістанда үш рет алфавитті өзгертті. Мұның барлығы жымысқы пиғылдан туған іс-әрекеттін.

1941 жылдың маусымында Қазақстанның әрбір төртінші тұрғыны майданға аттанды. Олардың ұзын саны 1 млн. 200 мың адамды құрады. Жаппай майданға жіберуге жергілікті тұрғындар ешқандай қарсылық жасаған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде түркістандықтарды тыл жұмыстарына алуға жергілікті халық тарапынан үлкен кедергі жасалғанын ескерсек, екімші дүниежүзілік соғыс басталғанда жұртшылықты қарсылық көрсетуге жұмылдыратын ешкім де қалған жоқты. Ұлттық зиялылар түгелдей қуғын-сүргінге ұшырады, көзі тірілері не бағытын өзгертіп, не өкіметтің қолдан жасаған терроры мен зорлық-зомбылығынан қатты қаймығып қалған болатын.

Соғыстың алғашқы айлары кеңес жауынгерлерінің сәтсіздіктерімен жалғасып жатты. Оның негізгі себептерін зерттеушілер төмендегіше түсіндіреді:

Біріншіден, Сталиннің 1941 жылдың маусым айында нацистер тарапынан төнуі мүмкін болған қатерді жете бағаламауы, Германияның КСРО-ға дайындап жатқан шабуылы жайында көптеген мәліметтер келіп жатса да, армияны ескери даярлық күйіне келтіруден бас тартуы.

Екіншіден, ескери концепция сол кездегі ахуалға сай еместі, басқыншылыққа бағытталды. Соның салдарынан елдің батысындағы шекаралардың қорғаныстық қабілеті төмен деңгейде болды.

Үшіншіден, Сталин жәие оның әкімшілігі офицерлік корпусқа елеулі нұқсан келтірген болатын. 1937-1938 жылдардағы «тазалау» Қызыл Армияны да айналып өтпеді, армия моральдық-психологиялық тұрғыдан әбден жанышталған, абақтыларда ауыр соққының астында қалып рухы түскен офицерлер мен әскери оқу орындарын жаңадан тәмамдаған бітірушілердің қарамағында болды. Соғыс басталған кезде офицерлік корпус пен саяси комиссарлар корпусының үштен екі бөлігінің стажы әлі жылға да жетпеген».

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында командирлердің 7 процентінің ғана жоғары білімі болса, ал 37 проценті орта әскери білім де алмаған еді. Жазалауға ұшыраған әскери мамандардың орнына бейбіт мамандық иелері шақырылған. Олар арнаулы дайындықтан өтіп үлгермей-ақ соғыс басталып кетеді.

Осының нәтижесінде соғыстың алғашқы үш айында кеңес әскері жаудан ойсырай жеңіліп кері шегінуге мәжбүр болды, мыңдаған офицерлер мен жауынгерлер тұтқынға түсіп жатты. Ресми құжаттарда 1941-1945 жылдар аралығында жау қолына түскен тұтқындар саны 5,27 миллион деп көрсетіледі. 1941 жылдың жазында екі миллионға жуық әскери қызметші жау тұтқынына түсті, бүл екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңес тұтқындарының   жалпы    санының   49    пайызын    құрайтын.    1942    жылы Қызыл Армия өзінің 1 млн. 339 мың адамынан тірідей айрылса (33 пайыз), 1943 жылы бұл шығын 487 мыңды құрады (12 пайыз), 1944 жылы 203 мың адам жау қолына түссе (5 пайыз), ал, 1945 жылы бұл көрсеткіш 40,6 мың  адамға  жетті (1 пайыз) .

Түркістан легионы негізінен жау қолына тұтқынға түскен кеңестік әскерилерден құрылды емес пе, жоғарыдағы фактілерді соған байланысты келтіріп отырмыз.

Немістер жаулап алғанда Парижде болған Мұстафа Шоқайға сол кездері Берлинде тұратын және гестапоға жұмыс істейтін Уәли Каюм келіп, әңгімелеседі. Алайда, шақырылмаған қонақты жақтырмай, әңгімеден тартыншақтаған Мұстафа, Уәли Қаюмды тіпті, шайға да шақырмастан шығарып салады. Екі аптадан кейін, яғни, 1941 жылы сәуір айындатағы келген Уәли Қаюм бұл жолы Мұстафа Шоқайды Берлинге шақырады. Бұл жолы да қонағына ығғай бермеген Шоқай әйгілі турколог, профессор Герхрд вон Мендемен хат алысқаннан кейін, ықтиярсыз болғандықтан, Берлинге баруға бел байлайды. Берлинде Кеңестер Одағы, оның әскери қуаты сияқты сұрақтар сұраған қызметкерлерге өзінің тек Түркістан аймағының жай-күйімен ғана таныс болып, қалған жайттардан хабары жоқ екенін айтып жауап береді. Осылайша бір аптаның ішінде Парижге қайтып кетеді. Бұл жайттар бізге Мұстафа Шоқайдың фашистік үкіметті жек көретінін, онымен байланысқысы келмейтінін және Уәли Қаюмды жақтрмайтынын аңғартса керек.

1941 жылдың 22-ші маусымында, фашистік Германия КСРО территориясына баса-көктеп кірген күні, Парижде Ресейден қоныс аударған 300-ге тарта эмигранттар тұтқындалып, «құрметті кепілдер» ретінде Компьен қамалына жабылады. Олар ішінде Мұстафа Шоқай да бар болатын. Ол үш апта бойы қамалда тұтқында отырады. Мұстафа Шоқайдың тұтқындалуы жайлы жұбайы Мария Яковлевна былай жазады: «Күндізгі үштер шамасы еді. Баспалдақтан кенет етіктердің тарсылы естілді. Көп кешікпей есік қоңырауы шалынды. Біреу «Бұл Шоқайдың пәтері ме?» деп сұрады. «Есікті аш» деді Мұстафа… Неміс әскерилерінің киіміндегі үш адам тұрған екен. Барлығы ішке кірді. Мұстафа менің алаңдамауымды өтініп, тез арада оралатынын айтты. «Бұл жай әншейін құжат тексеру ғана, сосын дереу жібереді», — деді ол. Мұстафаның заттарын жинастыра бастадым. Немістердің бірі соңымнан ілесіп жүрді. Мен одан: «Біз большевик емеспіз ғой, неге тұтқындап жатырсыңдар?» дегенімде, ол бұйрық солай болғанын, оны өздері де түсінбейтіндіктерін айтты…

Күндер мен түндерді күтумен өткіздім, Мұстафа орала қоймады. Кейіннен тұтқындалған орыстарды Компьен қамалында ұстап тұрғанын кездейсоң естіп қалдым. Екі аптадан соң Мұстафадан хат алдым, хат тұтқындалған күннің ертесіне, 23 маусым күні жазылған еді. Тағы бір апта өткенде бір күні кешке қарай, сағат алтылар кезінде есік коңырауы шырылдады. Есікті ашсам, Мұстафа келіп тұр. Бұл мен үшін күтілмеген қуаныш еді».

Мұстафа Шоқай  өзінің Компьен  қамалында болған  үш аптасы  (22-ші маусымнан 13-ші шілдеге дейін) туралы былай жазады: «Бір сағат бұрын маған радио арқылы сөйлеуді ұсынды, мен, әрине, бас тарттым, тұтқындағы отандастарыммен жүздеспейінше, үгіт-насихат жүргізбейтінімді айттым. … Мен өте қызық адамдармен кездестім, олардың арасында орыстар да, шетелдіктер де бар еді. Сол кезде өзімді бейнебір жасарып кеткендей сезіндім, Петербургтегі студенттік жылдарымды, лекцияларды еске алдым. Компьенде ашық аспан астында қызғылықты лекциялар, саяси пікірталастар өтті. Мен де Түркістан жайында баяндама жасадым. Тыңдаушылар әр түрлі кісілер еді, менің баяндамам оларда үлкен кызығушылық сезімін оятты, тағы да оқуымды өтінді. Лекция күнін белгілемек болғанымда, кенет мені комендатураға шақыртты да, босатылғанымды  айтты. Алдағы уақытта тұтқындағы Түркістандықтармен кездесу өтпек, іштей қатты абыржулымын. Ортақ тіл табыса алар ма екенбіз?».

Мария Яковлевнаның жазуынша, Мұстафа Шоқай тұтқыннан оралғаннан кейін бір күн өткенде таңертеңгі сағат алтылар шамасында екі әскери кісі келеді, Мұстафа: «Әрі асса бір айдан соң қайтармын…», деп жылы киімдерін де алмайды. Бірақ Мұстафа осы сапарынан үйіне оралған жоқ…

Мария Яковлевнаның жазбаларынан белгілі болуынша, біздің жағдайымызды жіті сұрастырып, лекциялар оқыды… » «… Берлинде 6 ай болғаннан кейін, тамыз айында қаладан кеткен». Мұны неміс тұтқынында болған Қарыс Қапатбайдың Мария Яковлевнаға жазған хатынан да аңғару қиын емес. Онда былай делінгенді: «1941 жылдың қыркүйек айында әскери тұтқындар орналасқан Сувалка лагеріне біздің президентіміз Мұстафа Шоқайұлы келді. Мен өз Отанымда жүрген кезімде оны шетелдегі ұлттық козғалыстың жетекшісі ретінде білетінмін. Он екі күн ішінде ол бізге күн құрғатпай келіп тұрды.

Мұстафа Шоқай лагерден алғаш рет қараша айында әйеліне хат жолдайды. Содан кейінгі тұста Мария Яковлевна Сувалка мен Ченстохов лагерлерінен открыткалар алып тұрады. Өзінің соңғы хабарында Мұстафа Шоқай былай жазған еді: «Менің түркістандықтармен өткізген кездесулерім көп жағдайды өзгертті. Болжамдарымның дәл шыққандығына көзім жетті. Тұтқындар арасынан өзімнің туысымды таптым. Қайтарда оны өзіммен бірге үйге ертіп бармақшымын. Үндеулерім елеулі ықпал еткен сыңайлы. Атқарар жұмыс шаш-етектен. Жалғыз өзім үлгермей жатырмын. Көмекші кажет. Лагерді караитинге жапқанша үлгеру тиіс.

Мұстафа Шоқай комиссияның басқа да мүшелерімен бірге Полынадағы әскери тұтқындар лагерлеріне (Сувалка, Ченстохов, Вустрау) барып тұрды. Мұстафамен     бірге     комиссияда     М.Тоғай,     Т.Алпаути ( Азербайжан), Арутинян (армян), Тоганидзе (солтүстік кавказдықтар), Х.Гейбел және Ю.Зетлер   бар   еді.      25-30   шақты   комиссия   жүмыс   істеді,   олардың құрамында 500-ден 600-ге дейін адам болды. Солар ішінде туркиялық татар азаматы   Ахмет   Темір,   дағыстандық   Әлихан    Қантемір,    әзербайжан Абдурахмап Шафи Алмастар бар еді. Ахмет Темірдің куәлік етуінше, комиссия бірнеше топтарға бөлініп жұмыс жүргізеді. Бұл орайда айтакетерлік жайт, комиссия мүшелері көбіне жастардан құралған еді. Өйткені профессор Ахмет Темірдің айтуы бойынша, немістер бұл уақытта ұлт көсемдері мен өзіндік идеясы бар кәнігі саясаткерлермен істесуден гөрі, албырт әрі айтқанға көнгіш жастармен жұмыс істеуді ыңғайлы деп тапқан болатын. Комиссия кұрамында Уәли Қаюм жоқ еді, өйткені ол маңызды шаруаларын бітіру үшін Берлинде қалған еді. Алайда ол ертесі күні жолға шығып, комиссия мүшелеріне қосылады. Бұл күтпеген кездесуге барынша таңырқаған Мұстафа Шоқай Уәли Қаюмның неге келгенін сұрайды. Сұраққа әзілмен жауап берген Қаюм тұтқындардың көп болуына байланысты арнайы шақыруы бойынша келгенін айтады.

Мұстафа Шоқай Сувалки концлагеріндегі тұтқындарға саяси жағдай жөнінде лекциялар оқиды. Біз Мұстафаның оқыған нақты мазмұнын әлі білмейміз. Бірақ Қарыс Қанатбайдың хатынан Шоқайдың тұтқындарға қауіп-қатерлер төнгенін, олардың алдында сан алуан қиыншылықтар тұрғанын біліп отырмыз. Мұстафа Шоқайдың сөйлегендері, жазғандары тұтқындардың жүректерінде сенім тудырып, оларға тірек болады. Мұстафаның абыройы осы себептен коп өсе түседі. Түркістандықтардың алдында еселеп өсе түскен оның беделін фашистік вермахт та өз мақсатына пайдаланбақ болады. Бірақ Шоқай фашистермен бірге болуды да қаламайды, кеңес үкіметінің де саясатын қабылдамайды. Демек, теоретик Мұстафа Шоқай екі оттың ортасына түскен отандастарына үшінші жолды ойлаған. Ол қандай жол екенін тек Шоқайдың еңбектерімен, оқыған лекцияларымен танысқанда ғана білеміз.

Мұстафа Шоқай әйеліне жазған хатында неміс лагерлеріндегі отандастарының жағдайы туралы да айтып, олардың аянышты ахуалдары, немістердің тұтқындарға көрсеткен қорлықтарын ашына баяндайды. Ол лагерлерге барып жүргенінде түркістандық әскери тұтқындардың тізімдерін жасап, олардың аты-жөнін, лагерь нөмірін тіркеп отырады. Бұл тізімдер Мұстафа Шоқай өлгеннен кейін оның заттары арасынан табылған. Бұған қоса, Каюмхан Мария Яковлевнаға «өте құпия» деген белгі соғылған папканы табыстайды. Бұл папканы Мұстафа өлімінен біраз уақыт бұрын Вели Қаюмханға берген болатын. Онда Мұстафаның лагердегі тұтқындар жағдайы туралы мәліметтерімен бірге, нацистердің жазықсыз адамдарға жасаған айуандық әрекеттері де көрсетілген еді.

М.Шоқайдың араласуымен жүздеген түркістандықтар ату жазасынан аман қалады. Ол жерлестерінің аса ауыр жағдайларын жеңілдетуге де елеулі септігін тигізеді. Мұстафа Шоқай немістерге бірнеше талап та қояды. Оның бірсыпырасы кеңестік арнайы қызмет бөлімдеріне мәлім еді. Бұл жайлы Қазақ КСР-і Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің №85 ісі бойынша     айыптау қорытындысында былай көрсетіледі:

— Германияның оқу орындарында болашақ Түркістан мемлекеті үшін

   кадрлар даярлау;

— Тұтқындағы түркістандықтардан әскери бөлімдер түзу, оларды тек

   Түркістан шекараларына жеткен кезде ғана пайдалану.

Тәуелсіз Түркістан мемлекеті үшін кадрлар даярлау және әскери бөлімдер құру мәселесі Мұстафа Шоқайды Қоқан   автономиясының құлауынан бері қатты алаңдатып келетінді. Себебі, Автономия Ұлттық кадрлардың тапшылығынан және оны қорғайтын күштің болмауынан толыққанды мемлекетке айнала алмаған болатын. Ал, Мұстафа алға тартқан екінші шартқа келсек, оны айыптауға таптырмас себеп болған да, «өз халқына қарсы соғыспақ болды» дейтін жаланы тудырған да осы соңғысы еді.

Шыитуайтына келгенде, Мұстафа неміс лагерлерін аралап, жерлестерінің адам нанғысыз қасіретті жай-күйін көрді, Сталиннің Женева конвенциясына қол қоймағанын да білетінді. Ол отандастарының аянышты өлім құрығына ілікпеуін көздеп, тұтқындағы жерлестерінен ұлт-азаттық армия құру жайында немістерге ұсыныс жасайды. Бірақ, бір атап айтарлығы, бұл армия кеңес әскерлеріне қарсы соғыстарға қатыспауы тиіс еді. Мұстафа аталған армия Түркістан шекараларына жетпестен ұрысқа кірмеу жайын немістерге баса ескертеді. Мұндағы мақсат, алдағы тактиканы ойластырып, айқындау үшін бір жағынан уақыттан ұту болса, ал әскери тұтқындар үшін — алдағы күреске күш жинау болған еді.

Дегенмен, бұрынғы Түркістан легиоиерлері Әлім Алмат пен Жөке Бапыштың куәлік етуінше, Мұстафа Шоқай Түркістан легионының құрылуына үзілді-кесілді қарсы болады! Ол: «кескілескен қанды ұрыстар тозағында болған және концлагерлердің ауыр азабын тартқандарды қайтадан шайқасқа кіргізу адамгершілікке жатпайды», деп ашықтан-ашық мәлімдейді.

Бұрынғы әскери тұтқын Хамза Абдуллиннің айтуынша, Мұстафа Шоқай немістерге ұсыныс білдіріп, түркістандық тұтқындарды қантөгіссіз пайдалану варианттарын да алға тартқан. Мәселен, оларды Түркияға жұмысқа жіберіп, Германияның түрік мемлекеті алдындағы қарызын өтеу үшін пайдалануды айтқан.

Кеңес кезіндегі көптеген еңбектерде Мұстафа опасыз, халық жауы ретінде көрсетіліп келген болатын. Оған, тіпті, Түркістан легионын тікелей өзі құрған, генерал атағын алған дейтін де айыптар тағылғанын білеміз. Бұл шындыққа тіптен жанаспайтын жайт. Мұстафа ғұмыр-бақи Отанын сағынып өмір сүрді, тірісінде Түркістанның азат мемлекет болуын ғана армандап өтті және осы бағытта ақтық демі таусылғанша күресті. Ал, кеңес идеологиясының бар мақсаты, бұрыннан Тәуелсіздікті көксеп, осы жолда табан тіресе күрескен алаш ардақтысын өз еліне қарсы соғысушы ретінде жала жауып, халықтың оған деген өшпенділігін туғызу еді десек қателеспеспіз.

Енді Мұстафа Шокайдың Түркістан легионыиың құрылуына мүлде араласпағанын, тіпті оған үзілді-кесілді қарсы болғанын айғақтайтын бірнеше фактілерге тоқталайық. Бұлтартпас фактілердің бірі — Мұстафа Шоқайдың дүние салған кезі мен Түркістан легионының құрылуы арасындағы уақыт алшақтығы. Нақтылай айтқанда, Түркістан легионы Мұстафа өлімінен едәуір кейін құрылып, қалыптасты. Дәлелге жүгінейік.

1941 жылы тамыз айының соңына таман Шығыс министрлігінің (Остминистериум) арнайы комиссиясы жұмысын бастайды. Бұл комиссия түркі тектес әскери тұтқындарды (Орта Азия, Волга жағалауы, Кавказ) басқалардан   беліп  тастады.   Олар  кейінше   Польша,   Балтық  жағалауы, Белоруссия мен Украинаның жаулап алынған территорияларындағы арнайы лагерлерге жөнелтіледі. Немістердің тұтқындардан әскери бөлімдер құру жайындағы алғашқы тәжірибесі түркі тектес мұсылмандарға жүргізіледі. Оның себебі, неміс жағының пікірінше, түркі мұсылмандары кеңес үкіметіне оппзицияда деп есептелінген еді.

1941 жылы 22-ші желтоқсанда ОКW ( Obecomando der Wehrmacht) Германия қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшылығы) түркімен,өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, тәжіктерден Түркістан легионын, ал әзербайжан, дағыстандық, ингуш, лезгин, чечендерден Кавказ-мұсылман легионын құру жөнінде бүйрық шығарады. Легиондарды жасақтау Польша территориясында болып өтті де, ол 1942 жылдың жаз-күз айларында аяқталды.

Сол кезде, дәлірек айтқанда 1942 жылдың қаңтарында Шығыс министрлігі (Остминистериум) өзбек эмигранты Вели Қаюмды Түркістан Ұлттық Комитетінің президенті етіп тағайындап, осы ұйымды жасақтауға кіріседі. Неміс зерттеушісі Патрик фон цур Мюленнің мәліметтеріне қарағанда, Түркістан легионы құрамында 110 мыңнан 180 мыңға дейін түркістандықтар болған. Бұл цифрлар сол кезгі Түркістан Ұлттық Комитетінде әскери  министр болған Баймырза Хайыттың айтқанына жуықтайды. Б.Хайыт Түркістан легионы құрамында 181 мың 402 түркістандық болды деп атап көрсеткен.

Түркістан Ұлттық Комитетінің президенті Вели Қаюм Рейхсфюрер Гиммлерге жолдаған хатында ТҮК-ның құрылған кезін 1942 жылдың 14-ші қарашасы  деп көрсетеді. Бұл Комитеттің Үшінші рейх тарапынан ресми түрде танылған кезі еді. Ал шын мәнінде, Түркістан Ұлттық Комитеті өз қызметін әлдеқайда  бұрынырақ — 1942 жылы қаңтар айынан бастаған болатын. Неміс тарихшысы   Патрик  фон   цур  Мюленнің  мәліметтері   бойынша,  ТҮК-ның Ұлттық органы саналатын «Милли Туркистан» журналы 1942 жылғы тамыз айынан шыға бастаған.

Түркістан  Ұлттық Комитеті  құрылымы  жағынан  саяси  ұйым  еді, Түркістан   легионын   құру   және   жүйелеу   жауапкершілігі   тікелей   соған жүктелді. Вели Қаюм неміс тарапының қолдауына арқа сүйеді, әсіресе, шығыс  істері жөніндегі министрлік басшысы Альфред Розенберг пен рейхтың барлық құрылымдарынан  нақтылай көмек алып тұрды.

Жалпы, Түркістан легионы жайында айтар әңгіме көп, бірақ басты мақсатымыз ол болмағандықтан, легион туралы негізгі мәліметтерді ғана келтіріп өтуді жөн санадық.

Мұстафа Шоқайды немістер өз мақсаттарына пайдаланбақ болып көп әрекеттенгені мәлім. Бірақ Мұстафа немістердің қолшоқпары ретінде бірден радиодан  сөйлеуден бас тартып, отандастарымен кездестіруді өтінеді. Тамыз айының соңынан қарашаның басына дейін (2 ай шамасы) бірнеше лагерьде ондаған   мың  түркістандықтармен   кездесу  жүреді.   Бұл   кездесулерден Мұстафа   төмендегідей   қорытындыға   келеді:   «26   тамыз,   сейсенбі   күні, штурмбанфюрер Гейбердің жетекшілігімен комиссия ретінде Берлиннен Ганнмоверге   жол   тарттық.   Айта   кету   керек,   соғыс   тұтқындарының лагерлердегі ахуалы менің жоспарымда екінші кезекте еді. Өйткені олар Германияда дұрыс орналастырылып, басқарылып жатыр деп ойлайтынмын. Соғыс тұтқындарымен алғашқы кездесулер әуелгі мәселелерге байланысты күмәндарымды түгелдей жоққа шығарса, лагерлердегі жағдай ойлағанымнан мүлдем басқаша болып шықты».

Бұл арада тұтқындағы кеңес әскерлері басқа ел өкілдерімен салыстырғанда ерекше ауыр халде болғандығын, Сталиннің бұйрығы бойынша олар сатқындар деп жарияланып, Кеңес үкіметінің оларға, яғни тұтқындарға байланысты халықаралық келісімдерге қол қоймағандығы себепті оларға Қызыл крест қоғамы тарапынан көмек берілмегендігін еске саламыз. Мұстафа Шоқай осының куәсі болып, жары Марияға жазған хатында түркістандықтар аштықтан амалсыз өліктердің өкпе-бауырын суырып жеуге дейін барғанын баяндайды.

Кеңестер көсемі өз патриоттарына соғыс жағдайында осындай опсыздық жасап, өгейлік көрсетсе, эмигрант ұлтшыл Мұстафа Шоқай отандастарының өмірін сақтап қалуды өзінің бірден-бір борышы санайды. Тұтқындағылардың бұл үрейлі ауыр жағдайы туралы Германияның билік орындарына жолдаған хатында Мұстафа былай деп жазады: «Сіздер — немістер, өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сіздерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер XX ғасырда өмір сүре отырып, XIII ғасырда Шыңғыс хан жасаған зұлымдығынан асып түстіңіздер. Мәдениетті халық екендеріцізді айтуға хақыларыңыз жоқ! » Ол бұл хатты СС офицерлерінің біреуіне табыс етеді. Офицердің «пікіріңді тым тура айтыпсың, мұның артықтау емес пе? » — деген сөзіне Мұстафа: «Егер сіздер осыған байланысты маған ату немесе асу жазасын берсеңіздер, — қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмір сүргеннен гөрі өлгенім артық. Бұл қорқынышты жағдайлардан соң тіпті де өмір сүргім келмейді», — деп жауап бергенін Мария Яковлевнаға жазып, ұйқысы қашып ешнәрсеге зауқының жоқ екендігін, терең рухани күйзеліске ұшырағандығын сөйтіп білдіреді. Осыны сезгендей кері қайтуға шешім қабылдаған қайран ер соңғы хаттарында былайдеп жазған еді: «Мұндағы байланыстарым бітті. Мен Парижге қайтамын деп шештім… Тезірек карантинге жауып тастамай тұрғанда құтылып шығуым керек».

Профессор В.П.Булдаковтың айтуынша,  «Түркістан легионын  құру туралы қаулыны Гитлер 1941 жылы 22-желтоқсанда шығарады. Бұл күні Мұстафа Шоқай ауруханаға жатқызылған еді. Ал Түркістан легионы 1942 жылы ақпан айында құрылды» — дейді. Міне, Мұстафа Шоқай және осы уақытқа дейін оған телініп келген Түркістан легионы туралы шындық пен дақпыртты ұлт қайраткерінің соңғы сөздері-ақ тайға таңба басқандай етіп ап-айқын айғақтап тұр емес пе?!

Алайда  тағдыр  оған   Парижге  жетуді   жазбапты.   Кемеңгердің   күдігі шындыққа айналды. Комиссияның жұмысы бітер кезде лагерь басшылығы миссия мүшелерін жинап, тұтқындар арасында сүзек ауруының қауіпті қарқынмен белең алып отырғанын алға тартып, екі апта крантин жариялады. Арада 10-12 күн өткеннен кейін комиссия мүшелерінің  арасында ешқандай рудың жоқ екенін айтқан әскери дәрігерлер, генерал шеніндегі дәрігердің қарауынан кейін олардың Берлинге қайта берулеріие рүқсат етеді.

Жолға  шыққанға  дейін  бәрі   бір  қалыпта  болатын.   Мұстафа  Шоқай  орналасқан  купеде одан  басқа Али  Қантемір және  Уәли  Қаюм  бар еді. Кавказдық Али Қантемірдің естелігінде, Берлинге кетіп бара жатқанда Мұстафа Шоқай басының ауырып, ыстығының көтерілгенін және су ішкісі келгенін айтқан. Содан кейін серіктері шай беріп, Мұстафа бірнеше стакан шай ішеді. 1941 жылы 19-желтоқсанда пойыз Бсрлинге келгенде ыстығы 40 градус болған Мұстафа Шоқайдың ауруы үдейе түседі. Диагноз қою үшін профессор Рудневті шақырғамымен, науқасты анықтай алмаған ол, «Сүзек болуы мүмкін» деп Шоқайды ауруханаға жолдайды. «Виктория» ауруханасында оның жағдайы жақсармайды, керісінше, ыстығы күннен күнге көтеріліп, діңкесі құрып, әбден әлсірейді. Ауруханада Мұстафа Шоқай өзін Ножандағы үйіне қайтаруын сұрап, қанша жалбарынса да оны тыңдайтын ешкім болмады. Өйткені Ресейде екі рет сүзекпен ауырған кезде іші емес, бас ауруынан қатты қиналғанын білетін ол, қазір іші ауырмағандықтан, өзінің сүзек емес екеніне сенімді еді. Алайда оны үйіне жіберу былай тұрсын, тіпті, жанына жұбайын да шақырмай қойды.Ауруханада жасалған ресми анықтама бойынша, Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27- желтоқсанда қайтыс болды. Бұл күні профессор Сағадат Шағатай ханымның сөзімен айтқанда, «шындықтың беті ешқашан ашылмайтын осы бақытсыз өліммен бірге Түркістанның қайғылы тарихи дәуіріеде алып бір тұлға , орны толмайтын  саяси кайраткер бір ойынның  құрбаны болып кетті».

Ия,   бүкіл   саналы   ғұмырын   елінің   азаттығы   жолында   империяның итаршыларымен  және отаршылдықпен  күресуге арнаған Мұстафа Шоқай, озбырлықтың әлдебір ойынына құрбан  кетті.  Өйткені  Түркістанның ұлы тұлғасы  опат болған соң, ресми мәлімдемеге және озбыр биліктің ызғарына қарамастан , Шоқайдың өлтірілгені жөнінде әңгіме тарады. Шоқайдың жары мен шыйайы шәкірттері, большевиктік билікке қарсы күрескен достары мен тұтқындар лагерінде бірге болғандар, тіпті, фашистік биліктің ресми адамдары мен  Кеңестік «жансыздар» да Шоқайдың «өз ажалымен өлмегені» жайында айтып жатты.

Берлинге сол күні кеште келген Мария Яковлевнаны, арадан бірнеше күн өткеннен кейін, яғни, 31 желтоқсан күні ғана күйеуінің мәйітін көруге алып келді. Алайда  оған түсініксіз себептермен   күйеуімен  жақынырақ барып қоштасуға рұқсат берілмейді. Ертесі күні де моргқа жіберілмеген Мария Шоқай жан жарын тек 2-қаңтар күні жерлеуге апарғанда ғана көреді. Мұнда да Шоқайдың бетін ашып көруге тыйым салынады. Өлім хабарын естіген сәттен бастап Мария Шоқай жұбайының өз ажалымен емес, кісі қолынан өлгеніне сенімі  нық еді. Оның үстіне, көсемдерінің жаназасын шығармай жатып, Уәли Қаюмның қуанышты мереке ретінде үлкен салтанатпен жаңа жыл мерекесін тойлауы да Мария Шоқайдың күдігін арттыра түседі.