[:kz]
Замира әншілер көп ақша тапса да арзан киінеді деп сөкті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oybay show бағдарламасына сілтеме жасап.
Отандық әншілерді атышулы келіншек Замира сынның астына алды. Ол өнерде жүрген қыздар көп ақша тапса да, өздерінен қаражаттарын қимайды дейді. Тіпті мен құрлы жоқ, арзан киім киіп, жетіп келіпті деп мысқылдады атышулы келіншек.
«Шомылатын жер болғаннан кейін купальник алып келдім. Оған накидка таба алмай, мынау көйлектің накидкасы. Бағанадан бері әртүрлі әнші-пәнші көрдім. Мен әнші-пәнші емеспін, олар бір өлеңге 3000 долар алады, накидкалары жынды шығар десем. Қарапайымдары келіп жатыр ғой», — дейді Замира.
Замира әншілер қауымы барын үстіне жабыстырып, алтын, гаухарларын тағып келеді деп ойлаған көрінеді. Бірақ бәрі жай біреулер екен, өнер адамы деуге қиын дейді ол. Бір әні бірнеше доллар тұрса да арзан киінеді деді Замира.
«Не купальниктері жоқ, жылтырақтарының бәрін, гаухарларын киіп келеді ме десем арзан бәрі. Елден қалмайын деп 25 мыңның накидкасын киіп шыққанмын ғой. Сендер менің әлі көзілдірігімді көрген жоқсыңдар», — дейді Замира.
[:]