Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді
![](https://altyn-orda.kz/kaz/wp-content/uploads/2024/06/full_1719731688d2e14c3a4422a411bdbdca5361fc5f87_webp-905x613.webp)
Ақорданың хабарлауынша, сапар 2024 жылы 2-4 шілдеде болады. Қытай басшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі шақырды.
Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. ШЫҰ саммиті 3-4 шілдеде елордада өтеді.
Сондай-ақ осы уақытта БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 7 жылда алғаш рет Қазақстанға келеді.
Айта кетейік, ШЫҰ — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйымы. Ұйым 2001 жылы Шанхайда құрылған.
Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
![](https://altyn-orda.kz/wp-content/uploads/banner_smaleev_site.jpg)