Ақтөбе облысында 54 миллионның дәптерлерін өртеп жіберген адам ұсталды

Ақтөбе облысында 54 миллионның дәптерлерін өртеп жіберген адам ұсталды, — деп хабарлайды 

Altyn-orda.kz  Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып 

Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады. Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 миллион теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.