Желіде «Росатом» басшысы Тоқаевпен кездесуге өтініш жасағаны туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желілерде ресейлік «Росатом» компаниясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесу өткізгісі келетіні туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне құрмет білдіре отырып, 2024 жылдың қараша айының соңына дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.А. Бектеновпен «Росатом» мемлекеттік атом энергетикасы корпорациясының Бас директоры А.Е. Лихачевтың кездесулерін ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұрайды», – деп жазды «Қазақстан Мұнай және Газ» өзінің Telegram-арнасында.
Хат 11 қазанда жіберілген. Ал Ресей тарапы 28 қазан немесе 14 қарашада кездесуді ұсынып отыр.
Бұған дейін “Росатом” Қазақстанға екі атом электр станциясын салуды ұсынған еді.