Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатыр, — деп хабарлайды Altyn-orda.kz Massaget.kz тілшісіне сiлтеме жасап .
Бұл ақпарат Құқықтық статистика органдарының сайтында пайда болды.
Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелген. Іздеуге бастама жасаған — прокуратура.
Арғын Нығматулин туралы не белгілі?
Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин — Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.
Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылғы сәуірден 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.
Фото: gov.kz
