Елімізде мектеп пен балабақша күзетшілеріне тексеріс жүргізіледі.

Мектеп пен балабақша күзетшілеріне тексеріс жүргізіледі. Оқу-ағарту министрлігі күзет қызметіне жаңа талаптар енгізуді ұсынды. Енді балаларға қатысты қылмыс жасап, жазасын өтегендер білім беру мекемелерінде күзетші бола алмайды.

Министрлік мәліметінше, күзет агенттіктері бірнеше тексерістен өтеді, ал күзетшілер ішкі істер органдарының базасы арқылы қаралады. Қызметтік қару ұстауға рұқсат және салықтың толық төленуі де талап етіледі.

Қоғамда бұл бастамаға қатысты пікір екіге бөлінді. Кейбіреулер жеңіл қылмыс жасағандарға екінші мүмкіндік беру керек десе, басқалары балалар қауіпсіздігі үшін жаңа талаптарды қолдайды.

Жаңа өзгерістер 27 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Еске салсақ, Павлодарда мас күзетші 6-сынып оқушысын ұрған оқиға тіркелген еді.