Абай облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Абай облысының Мақаншы ауылында мектеп оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті.
2011 жылы туған Қайсар Қайратұлы 9 сәуір күні сағат 14:30 шамасында жасыл түсті электросамокатпен еркін күрес жаттығуына кетіп, сол күйі үйіне оралмаған, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Әкесі Қайсардың спортмодульге бара жатқанын айтқан, бірақ содан бері оның қайда екені белгісіз.
Іздеу жұмыстары ауқымды түрде жүргізілуде:
- 
Жедел іздестіру топтары құрылды 
- 
Іске полицейлер, мұғалімдер, әкімдік пен еріктілер жұмылдырылды 
Жасөспірімнің жүрген жерін көрген немесе ол жайлы қандай да бір мәліметі бар адамдардан 102 нөміріне немесе ең жақын полиция бөлімшесіне хабарласу сұралады.
Ерекшеліктері:
- 
Жасы: 13 
- 
Жасыл түсті электросамокатпен жүрген 
- 
Спортзалға бет алған 
Ақпарат көзі: Altyn-orda.kz
 
                     
                			
                                        			 
                                                









