Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламаларының 500-ден астам қатысушысы тұрақты жұмысқа орналасты

Қазақстанда уақытша субсидияланған жұмыс орындарына қатысқан жүздеген азамат тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.
Бұл еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті әкімдіктердің үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде мүмкін болды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылдың басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламасы аясында еңбек ұтқырлығы орталықтары 189 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен (ӘӘҚКО) келісімшарттар жасасты. Бұл келісімдер шеңберінде шамамен 3,8 мың жұмыссыз азамат уақытша субсидияланған жұмыс орындарына жолданды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 519,8 млн теңге бөлінді.
2025 жылғы қаңтар–наурыз аралығындағы жұмыспен қамту нәтижелері:
-
728 адам – қоғамдық жұмыс тарға
-
100 адам – жастар практикасына
-
75 адам – «Күміс жас» жобасы аясында
-
8 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына
-
7 адам – «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша
-
1 адам – «Ұрпақтар келісімі» жобасы аясында
Барлық қатысушылармен еңбек шарттары жасалып, жалақы жергілікті бюджет есебінен төленді. Алайда министрлік түсіндіргендей, ӘӘҚКО-лар да мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландырылатын болғандықтан, қосарлы қаржыландыру қаупі туындаған.
Бұл сәйкессіздікті жою үшін Еңбек министрлігі мен әкімдіктер аудит жүргізіп, 540 адамның ӘӘҚКО-лардың тұрақты штатына ресми түрде жұмысқа орналасуын қамтамасыз етті. Бұл бюджет қаражатын оңтайландырып, 212,6 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Аталған қаражат әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталады.
Бағдарлама жұмысын жалғастырып жатыр және ол жұмыссыз азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, әлеуметтік салада тұрақты жұмыс орындарының құрылуына серпін беруде.
Altyn-orda.kz
