Ақтауда балалар мерекесі күніне орай тегін балмұздақ таратқан кәсіпкердің басы дауға қалды

Ақтауда Балаларды қорғау күніне арналған мереке адамдардың жаппай жиналуымен және тәртіпсіздікпен аяқталды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Балалар киімін сататын дүкендердің бірінің алдында ұйымдастырылған іс-шара аясында балаларға тегін балмұздақ пен қантты мақта таратылып, көңіл көтеру бағдарламасы ұсынылды. Акцияны жергілікті кәсіпкер ұйымдастырған.
Алайда игі ниет күтпеген жағдайға ұласты: мерекеге келушілер саныкөбейген кезінде кейбір балалар жоғалып кеткен оқиға орнында адамдар жаппай итерісіп, қысылып қалды
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, тәртіп орнатуға және жоғалған балалардың ата-аналарын табуға көмектесіп жатыр.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ақтау әкімдігі мен полиция департаментінен ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.
