Қазақстанда әйелдер вагондары бар пойыз бағыттарының тізімі кеңейтілді

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар қызметі кеңейіп келеді. Бүгінде мұндай вагондар 12 бағытта жүреді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға сілтеме жасап.
Әйелдер вагондары қолжетімді бағыттар:
-
№77/78 Алматы – Маңғыстау облысы
-
№351/352 Алматы – Маңғыстау облысы
-
№45/46 Павлодар – Түркістан
-
№37/38 Маңғыстау облысы – Семей
-
№47/48 Атырау – Астана
-
№33/34 Ақтөбе – Алматы
-
№4/3 Астана – Алматы
-
№71/72 Астана – Шымкент
-
№354/353 Астана – Семей
-
№24/23 Ақтөбе – Алматы
-
№25/26 Алматы – Шымкент
-
№614/613 Орал – Маңғыстау облысы
Жүру шарттары
Мұндай вагондарда жол жүру билеттері тек әйелдерге арналған. Қызмет көрсету де тек әйел жолсеріктер арқылы жүзеге асырылады. 7 жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат етіледі.
Онлайн билет сатып алу кезінде «ЖН» белгісіне назар аудару қажет — бұл таңба орын әйелдер вагонында екенін білдіреді.
Билетті қайдан және қалай сатып алуға болады:
-
Теміржол кассаларында — алдын ала әйелдер вагонынан орын қажет екенін айту жеткілікті
-
Онлайн — тасымалдаушының сайтынан «ЖН» белгісі арқылы
-
Билеттер жөнелту күніне 45 күн қалғанда сатыла бастайды
Жаңа бағыттар бола ма?
«Жолаушылар тасымалы» компаниясы 2025 жылы бағыттар тізімін кеңейту жоспарланбағанын хабарлады. Алайда, жолаушылар тарапынан тұрақты сұраныс пен оң пікірлер болған жағдайда жаңа бағыттарды қосу мүмкіндігі қарастырылады.

Павлодарда төрт метрлік кимешек дүниежүзілік гинестер кітабына енді
19.06.2025, 12:02
Соңғы жаңалықтар
-
Павлодарда төрт метрлік кимешек дүниежүзілік гинестер кітабына енді
19.06.2025, 12:02 -
Абай облысында көптен күткен жаңа мектептің құрылысы басталды
19.06.2025, 11:34 -
Қазақстанда әйелдер вагондары бар пойыз бағыттарының тізімі кеңейтілді
18.06.2025, 09:45 -
Қарағандыда қазақ тілін үйренуге арналған тегін тілдік лагерь ашылады
18.06.2025, 09:26
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru