«Оның жетістігін мойындағысы келмейді»: Роза Рымбаеваның Димашқа берген жауабы сынға ұшырады

Концерттің сахна сыртындағы шағын ғана эпизоды әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды: Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Димаш Құдайбергеннің құрмет сөздеріне жауап ретінде тәкаппарлық танытты деген айыптауларға тап болды.

Бұл туралы Altyn-orda.kz  qaz365.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сахнаға шығар алдында, грим бөлмесінде Димаш аға буын әріптесіне жылы тілегін білдірді:

«Сізбен бір сахнада өнер көрсету – мен үшін үлкен құрмет. Денсаулығыңыз мықты болсын», – деді ол.

Алайда Роза Рымбаева жауап ретінде күліп:

«Ой, жетер енді!» – деп қысқа қайырған.

Бір қарағанда әзіл сияқты көрінген бұл жауап әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік Рымбаеваның әрекетін салқынқанды және құрметсіз деп бағалады.

Әлеуметтік желілерде жазылған пікірлердің бірқатары:

 «Роза апай неге бұлай деді? Жас әрі дарынды әріптеске бұлай сөйлеуге бола ма?»

 «Димаштың жетістігін мойындағысы келмейтіндей әсер қалдырады»

«Тым тәкаппар – комплиментті лайықты түрде қабылдауға болар еді ғой»

Қазіргі таңда қос өнер иесінен де ресми түсініктеме берілмеді.