Қазақстандағы ең көп алкоголь тұтынатын өңірлер аталды

Шығыс Қазақстан облысы алкогольге жұмсалатын шығындар бойынша көш бастады — жергілікті тұрғындар спирттік ішімдіктерге жылына орта есеппен 45 мың теңгеге жуық қаражат жұмсайды екен

Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан (39,7 мың) және Қарағанды облыстары (38,2 мың). Бес үздік өңірдің қатарына Алматы мен Павлодар облысы да кірді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Ал ең аз алкогольге қаражат жұмсайтын өңірлер — Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы. Бұл өңірлерде тұрғындар жылына 11 мың теңгеден аз қаражат жұмсайды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, қазақстандықтар көбіне сыра, арақ, шарап және коньяк сатып алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, Қазақстанда бір адамға шаққанда жылына 5,4 литр таза этанол тұтыну тіркелген — бұл қауіпті деңгейден жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар, алкогольден өз еркімен бас тартқан ауылдардың саны артып келеді. Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында 100-ден астам елді мекен спирттік ішімдіктерді сатуды толығымен тоқтатқан.

Кейбір ауылдарда бірнеше жыл қатарынан бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Altyn-orda.kz