Ердоған Қазақстанды «ата-бабамыздың жері» деп атады
Астанада сапармен жүрген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанды «ата-бабамыздың жері» деп атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Ata topraklarımızda… («Ата-бабаларымыздың жерінде»)», — деп жазды Түркия басшысы Instagram парақшасында Қазақстан астанасынан түсірілген суретте.
Түркия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен сәрсенбі, 12 қазанда Астанаға келді.
Ол Тоқаевпен екіжақты кездесіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты.
Тоқаев Ердоғанмен кездесуінде оған 1-дәрежелі «Достық» орденін тапсырып, Түркияны «Қазақстанның ең жақын және сенімді стратегиялық серіктесі» деп атады.
13 қазанда Түркия басшысы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) алтыншы саммитіне қатысады.