Трамп мұнайдың бағасын $70-тан төменге түсірді

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың даулы мәлімдемелерінен кейін күрт төмендеді. Brent маркалы мұнай баррелі психологиялық шектен төмен түсіп, $70-тан асты, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Астана уақытымен таңғы 08:20-да Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері 2,08%-ға арзандап, бір баррель үшін $68,89-ға дейін төмендеді. Ал WTI мұнайы бойынша тамыз айындағы фьючерстер 2,67%-ға құлдырап, $66,62-ны құрады.

Бағаның құлдырауына не себеп болды?

Бағаның құлауына Дональд Трамптың мәлімдемелері себеп болды. АҚШ президенті Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымын қатаң сынға алды. «Біз өте ренжуліміз. Мен Ресейге ренжідім», — деді ол Ақ үйде НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесу барысында.

Сонымен қатар, Трамп 50 күн ішінде келісімге келмесе, қатаң сауда тарифтерін енгізетінін ескертті. Ол 100%-дан кем емес «қосымша тарифтер» болуы мүмкін екенін айтты. Бұдан бөлек, Украинаға миллиардтаған доллар көлемінде әскери техника жеткізу жоспарын жария етті.

🇰🇿 Бұл Қазақстан үшін неліктен маңызды?

Қазақстан үшін мұнай нарығындағы мұндай ауытқу — алаңдатарлық белгі. Себебі 2025 жылғы мемлекеттік бюджетте мұнайдың бір баррелі $75 деңгейінде жоспарланған. Бұл межеден төмендеу мемлекеттік кірістерге елеулі әсер етуі мүмкін, өйткені республика экономикасы әлі де мұнай экспортынан қатты тәуелді.