Қарапайым кеш қалай қорқынышты түнге айналды. Ақнар Гүлстаннның ісі қалай қаралуда

2024 жылғы 19 шілдеде КИМЭП университетінің 22 жастағы түлегі Ақнар Гүлстан құрбыларымен бірге олардың бірінің үйіне қонаққа барады. Қыздар көңіл көтеріп, караоке айтып, әңгімелесіп отырған. Алайда бір сәтте бәрі күрт өзгеріп кетеді…
Түнде Ақнардың құрбысы оның әкесінің телефонына түсініксіз дауыс жазбаларын жібереді. Ал біраз уақыттан соң Ақнардың денесі үйдің терезесінің астынан табылады. Оның денесіндегі жұмбақ жарақаттар — Ақнардың өлер алдында азапталғанын көрсетеді. Алайда тергеушілер бұл деректерге көз жұма қарайды.
Бір жыл өтсе де, бұл атышулы іс бойынша тергеу ешқандай нәтиже берген жоқ.
