Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Қазақстанның тұңғыш президентінің  жұбайы Сара Назарбаева екі жарым айдан астам уақыттан бері Президент істері басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталіне жатқызылған.

 Нақты қандай ауру екенінің бәріне беймәлім . Медициналық мекеме бұл мәліметтерді дәрігерлік құпиялылық пен этикамен түсіндіреді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Сара Назарбаеваның ауруханаға түскені туралы алғашқы ақпарат 2025 жылғы мамыр айының басында пайда болды.

Ол кезде дереккөздер бұрынғы бірінші ханымның жағдайы ауыр екенін хабарлаған. Артынша әлеуметтік желілерде оның қайтыс болғаны туралы сыбыстар тарап, бұл мәліметтер ресми түрде жоққа шығарылған болатын.

Қазіргі таңда белгілісі — «емдеу шаралары бекітілген стандарттарға сай және білікті мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр».

Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы саясат сахнасында көлеңкеде қалып келгенімен, 1990 жылдардың ортасына қарай қайырымдылық саласында елеулі рөл атқара бастады.

Ол «Бөбек», «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» және «Демография» сияқты балалар қорларының негізін қалаушылардың бірі болды. Оның әлеуметтік жобаларға қосқан үлесі ДДСҰ мен Қызыл Крест секілді бірқатар халықаралық ұйымдар тарапынан мойындалған.

Дегенмен, соңғы жылдары, Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасынан кейін, Сара Назарбаеваның есімі көпшілік алдына сирек шыға бастады.  Сондай ақ ол кісінің қәзіргі жағдайы құпия түрде  қалып отыр 

Altyn-orda.kz