Абай облысындағы қайғылы жағдай: үш бала қаза тапты

Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Toyota автокөлігінің жүргізушісі алты баланы қағып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, үш жасөспірім қайтыс болды: екеуі оқиға орнында, біреуі жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Қалған үш бала ауыр халде жергілікті ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр, деп хабарлайды
Президент тапсырмасына сәйкес, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін өңірге Астанадан Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен білікті дәрігерлер жіберілді.
Абай облысы әкімдігі қаза тапқан балалардың отбасына материалдық, психологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсетілетінін хабарлады.
55 жастағы жүргізуші ұсталды. Сараптама оның мас күйде болмағанын көрсетті. Полиция қылмыстық істі тергеуді бастап, жүргізушілерге әсіресе тұрғын үйлер маңында абай болуды ескертті.
