Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру талқылануда

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 200 мың теңгеге дейін көтеру жөніндегі петиция қоғамда қызу талқылануда.

GosRating.com сайтында азамат Диас Абайұлы бастаған бұл бастаманы 300-ге жуық адам қолдаған деп хабарлайды  Altyn-orda.kz.

Қазір ең төменгі жалақы – 85 мың теңге (шамамен 160 доллар). Салыстыру үшін: Түрікменстанда – 200 мың, Балтық елдерінде – 500-600 мың, Эквадорда – 270 мың теңгеге жуық.

Абайұлының айтуынша, қазіргі еңбекақы отбасының негізгі қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз, әсіресе ірі қалаларда.

Ресми билік әзірге ең төменгі жалақыны қайта қарау жоспары жоқ екенін мәлімдеді. Вице-премьер Серік Жұманғарин бұл мәселе күн тәртібінде тұрмағанын айтты.