Қытай мен Қазақстан 2030 жылға дейін тауар айналымын екі еселеуді көздейді

2025 жылдың 20 тамызында Бейжіңде Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шәкәрлиев пен Қытайдың Сауда министрі Ван Вэньтао келіссөздер өткізді деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Тараптар 2030 жылға дейін екіжақты сауда айналымын екі есеге арттыруға ниетті екенін растады.

2024 жылы өзара сауда көлемі 43,8 млрд долларды құрап, 9,2%-ға өсті. Ал 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш 21,8 млрд долларға жетті. Қазақстан шикізатты сатудан жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге көшуді басты басымдық деп атап өтті.

Кездесуде кедендік рәсімдерді цифрландыру, электронды сауда, қазақстандық тауарлардың қытайлық платформаларда танылуы және бірлескен өндірістерді дамыту мәселелері талқыланды.