“Вагнер” қатарында Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандық 4,5 жылға сотталды

Талдықорғанда “Вагнер” жекеменшік әскери компаниясы (ЖӘК) қатарында Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандық жігіт сотталды. Бұл туралы Altyn-orda.kz   Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды. 

Тергеу барысында Талдықорған тұрғынының бірнеше жыл бұрын ресейлік “Вагнер” ЖӘК-мен келісімшартқа отырғаны, кейінірек “Редут” ЖӘК-мен келісім жасағаны анықталды. Ол 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін Украина аумағындағы әскери қақтығысқа дәрігер және кезекші қызметкер ретінде қатысып, жалақы алып отырған. 

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот 27 жастағы қазақстандықты “шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу” бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.