Алматы полициясы электросамокаттарға бақылауды күшейтті

Алматыда жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды рейд өтті. Тексеру барысында электросамокат пайдаланушылары да назарға алынды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Бір тәуліктің ішінде 800-ден астам құқықбұзушылық тіркелді. Олардың қатарында — белгіленбеген жерлерде жүру, жаяу жүргінші ережелерін бұзу, бейберекет тұрақ жасау және ата-аналардың балаларға тиісті бақылау жасамауы бар. Нәтижесінде 259 самокат айыптұраққа жеткізілді.

Жыл басынан бері электросамокатқа қатысты 16 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған. Тәртіпті күшейту үшін қалада қосымша 50 патрульдік бағыт ашылып, полицейлердің бір бөлігі операторлар ұсынған самокаттарды мініп жүр.

Жергілікті полиция бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, микромобильділікті бақылау қоғамдық тәртіпті сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларының басым бағыттарының бірі болып отыр.