Қазақстанда 10 жаңа су қоймасы салынады

Қазақстанның оңтүстігінде 2028 жылға дейін 10 жаңа су қоймасын салу және үш қолданыстағы нысанды қайта жаңарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысы тұрғындарымен өткен есепті кездесуде вегетациялық кезеңнің қорытындыларын шығарып, өңірдің негізгі жобалары туралы айтты. 2026 жылы Ақмола және Қалғұт су қоймаларының құрылысы басталады, сондай-ақ Теріс-Ащыбұлақ және Қаракөніз қоймалары қайта жаңартылады. Жаңа жеті нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Бұдан бөлек, ирригациялық арналарды кең көлемде қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бес ауданда ұзындығы 415 шақырым болатын 76 арна модернизацияланып жатыр. Бұл 24 мың гектардан астам суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартады. Тағы 23 жоба аясында шамамен 20 мың гектар егістікке су жеткізу жоспарланған. Жыл соңына дейін ұзындығы 103 шақырымнан асатын бес жобаны аяқтау көзделген.
Бұған дейін төрт жаңа су қоймасын салу және төрт жұмыс істеп тұрған қойманы қайта жаңарту, сондай-ақ 115 арнаны, соның ішінде Астана су қоймасын толық жөндеуден өткізу жоспарланғаны хабарланған болатын.
Altyn-orda.kz










