«ҚТЖ» Әзербайжанға астық жеткізуді 25 есеге арттырды

Altyn-Orda.kz хабарлағандай, Бакуде өткен ТМД Теміржол көлігі кеңесінің отырысына қатысқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тасымал қарқыны айтарлықтай өскенін мәлімдеді.
КТЖ төрағасы Талғат Алдыбергеновтың айтуынша, соңғы төрт жылда екі ел арасындағы жүк айналымы 7 еседен астам ұлғайып, биылғы 10 айда 4,1 млн тоннаға жетті.
Негізгі өсім транзиттен байқалады: Қытайдан ТМТМ арқылы 292 контейнерлік пойыз өтіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% жоғары көрсеткіш.
Қазақстандағы рекордтық астық өнімі нәтижесінде Әзербайжанға жеткізілген астық көлемі 25 есеге артты — 600 мың тоннадан асты.
Бакудегі кездесулерде тараптар Транскаспий бағытын дамыту, «Қытай–Еуропа–Қытай» жолының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мультимодальды шешімдерді кеңейту мәселелерін талқылады. Келісілген шаралар аймақтағы транзиттік тасымал позицияларын одан әрі күшейтпек.
Altyn-Orda.kz
Қонаев қаласында шетелдік инвесторлар екі жаңа казино салып жатыр
27.11.2025, 17:35Қазақстандық жасымық экспорты Түркия бағытында рекорд жаңартты
26.11.2025, 15:09
Соңғы жаңалықтар
-
«ҚТЖ» Әзербайжанға астық жеткізуді 25 есеге арттырды
01.12.2025, 11:26 -
Қазақстандық мобильді операторлар байланыс тарифтерін қымбаттатуда
28.11.2025, 11:38 -
Қонаев қаласында шетелдік инвесторлар екі жаңа казино салып жатыр
27.11.2025, 17:35 -
Қазақстандық жасымық экспорты Түркия бағытында рекорд жаңартты
26.11.2025, 15:09
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










