Семейде тұрғындар “Семей” деп аталатын дәретхана қағазы сатылымға шыққанына наразы

Семейде тұрғындар қаланың аты жазылған дәретхана қағазы сатылымға шыққанына наразылық білдірді. Айтуларынша, бұл киелі жердің атын қорлау. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала тұрғындары әкімдікке көп шағым түсірген.
“Семей” деп аталған дәретхана қағазын жарнамалап жатыр. Бұл – Абай облысының орталығы, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев туған қала. Сондықтан мұндай атау дұрыс емес деп санаймын”, – деді Болат Жұнұсбаев.
Әкімдік мұны этикалық нормаға сай емес, халыққа құрметсіздік деп бағалап, өндірушіге атауды өзгерту жөнінде хат жіберген. Белгілі болғандай, қағаз Петропавлда жасалады. Компания түсіністік танытып, атауды “Семейная” деп өзгертуге уәде берген.










