Ұлттық шапан киген Меладзе Алматыда үлкен қошеметке ие болды

Меладзе Алматыда өткен концерті барысында көрермендерді ерекше құрметпен таңғалдырды. Әнші сахнаға дәстүрлі қазақ шапанын киіп шықты. Залдағы көрермендерден ұзаққа созылған қол шапалақ пен жылы қошемет алды деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Әнші концерт басталар алдында қазақ мәдениетіне деген құрметін жеткізгісі келгенін атап өтті. Ұлттық өрнектермен көмкерілген шапан оның сахналық бейнесіне өзгеше сән беріп, қазақ тыңдармандарының жүрегіне жол тапты.
Кеш барысында Меладзе өз репертуарындағы ең танымал әндерін орындап, залды ерекше атмосфераға бөледі. Алматы көрермендері оның өнерін жоғары бағалап, шапан киюі бұл кешті одан әрі есте қаларлық етті.
Жергілікті жанкүйерлер әлеуметтік желілерде оның осы қадамын мақтап, “қазақ халқының мәдениетіне деген құрметтің белгісі” деп атап өтті. Концерттің соңында Меладзе алматылықтарға қонақжайлық пен махаббаттары үшін алғысын білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










