Астанада азық -түлік дүкені алдағы Тәуелсіздік мерекесіне орай көк шарлар мен Мемлекеттік Ту іліп, әдемі безендіріп қойды.

Азық-түлік дүкенінде көк шарлар мен Мемлекеттік Ту іліп, ішкі орынды әдемі безендіріп қойған, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.

Бұл туралы Threads қолданушысы zzhantaeva21 хабарлаған.

«Жаңа жыл, әрине, жақсы, бірақ алда әлдеқайда маңызды мереке бар екенін ұмытпау керек!» — деп жазды ол.

Адамдар бұл ойды қолдап, қуана жауап берді.

Әлеуметтік желілер мен 2GIS платформасында дүкен директорының еңбегіне алғыс айтып, жылы пікірлер қалдырады.

Еске салсақ, желтоқсан айында әр жыл сайын айнала қызыл-жасыл түстерге боялып, Жаңа жылға дайындық белсенді басталады. Соның әсерінен маңызды мереке — Тәуелсіздік күні көбіне назардан тыс қалады.

Қазақстандықтардың Тәуелсіздік күніне деген көзқарасы туралы материалды The Village жариялаған.

Бұған дейін біз Украинадағы Тәуелсіздік күні жайлы жазған болатынбыз.