Алматыда Tinder қосымшасы арқылы алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

фото tengrinews.kz сайтынан алынды
Ол Tinder қосымшасы арқылы әйелдермен танысып, сеніміне кіріп, ақшаларын иемденіп отырғандеп хабарлайды Altyn-orda.kz
Бұған дейін ол аса ауыр баптар бойынша — кісі өлтіру және ұрлық үшін сотталған ,болып шықты
Сот оны 14 жылға бас бостандығынан айырған, алайда 2021 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.
2025 жылы ер адам қайтадан алаяқтық әрекеттерге барған. Оған екі әйел алданған екен : бір жағдайда 2,5 миллион теңгеден астам, екінші жағдайда 900 мың теңге көлемінде ақша алған.
Ол жүргізуші куәлігін алып беруге және iPhone смартфонын арзан бағамен сатып әперуге уәде берген.
Ақшаны алған соң, ізін суытқан. Жәбірленушілер полицияға жүгініп, күдікті ұсталды.
Сот оны кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.










