Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 700 миллиард долларға жеткен адам атанды.

Ол бұл деңгейге зауыт, мұнай не банк арқылы емес, жаңа технологиялар арқылы жетті. Tesla электромобильдерді кең таратты, SpaceX ғарышқа ұшуды арзандатты, ал Starlink әлемнің түкпір-түкпіріне интернет жеткізіп отыр деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Масктың байлығы – қолма-қол ақша емес, оның компанияларының құны. Адамдар оның идеяларына сенеді, сондықтан акциялары қымбаттай береді.
700 миллиард доллар — бұл бір адамның ақшасы ғана емес, технология мен батыл ойдың қаншалықты күшке ие болғанын көрсететін белгі.










