«Қалб…», «мамб…»: Семейде әйелді қорлаған ер адам ұсталды

Семейде полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің подъезінде шу шығарған ер адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.
Оқиға Утепбаев көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Әлеуметтік желіде жарияланған шағымға қарағанда, мас күйдегі белгісіз ер адам пәтерге кірмек болған. Үй иелері есік ашпағаннан кейін ол біраз уақыт баспалдақ алаңында күтіп тұрған.
Кейін пәтер иесінің анасы келген кезде ер адам оған дөрекі сөздер айтып, балағаттаған. Тұрғындардың айтуынша, ол әйелге әдепсғз сөздер айтып , артынша басқа подъезге кіріп кеткен.
Оқиға әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол Семей қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Полицияның мәліметінше, ер адам оқиға кезінде алкогольдік масаң күйде болғанын және пәтерді шатастырып алғанын айтқан.
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар сотқа жолданды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










