«Борат» образы үшін кешірім сұрады: танымал бренд басшысы қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

Қазақстандықтардың наразылығынан кейін «Борат» образын жарнамасында пайдаланған танымал брендтің басшысы кешірім сұрады.

Компанияның бұл шешімі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қазақстандықтар елдің жағымсыз стереотиптік бейнесін коммерциялық мақсатта қолдануға қарсылық білдірді.

Бренд басшысы Қазақстан халқын ренжіту мақсаты болмағанын айтып, болған жағдай үшін кешірім сұрады.

Оқиға қоғамның «Борат» бейнесіне деген көзқарасының өзгергенін және Қазақстанның халықаралық имиджіне қатысты талаптың күшейгенін көрсетті.

“Мен – қазақтың қара домалақ,  баласымын, Тараз қаласының тумасымын, “Shoqan” брендінің негізін қалаушымын. Менің хабарсыз кеткенім – барлығының тынышталғанын күттім. Ең алдымен, біздің брендтің атынан шыққан ролик үшін кешірім сіздерден  сұраймын.

Бұл қателік үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын”,       Балаларыңызды кешіріңіздер – деді Ұлықбек Шәріпов.

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ШАРИПОВ УЛУГБЕК (@sharipov_ulugbek)