Дастан Сәтпаев ресми түрде Лондонның «Челси» клубының ойыншысы атанды.

Қазақстандық футболдың ең жарқын жас таланттарының бірі Дастан Сәтпаев ресми түрде Лондонның «Челси» клубының ойыншысы атанды деп хабарлайды Altyn-orda.kz

12 тамызда Дастан 18 жасқа толды. Осы күннен бастап бұған дейін жасалған трансферлік келісім толық күшіне енді. «Челси» қазақстандық шабуылшының трансферін 2025 жылдың ақпанында рәсімдеген болатын, алайда футболшы кәмелетке толғанға дейін «Қайрат» сапында өнер көрсетті.

Сәтпаев Англияға бұған дейін барып, «Челсимен» бірге жаттығу өткізіп, команданың жолдастық кездесулеріне де қатысты. 28 шілдеде ол «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына гол соғып, «Челси» сапындағы алғашқы добын енгізді.

Дастанның ағылшын алпауытына ауысуы Қазақстан футболы үшін тарихи оқиға. Енді жас шабуылшы әлемдегі ең бәсекелі футбол ортасының бірінде өзін көрсетуге мүмкіндік алады.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін ендігі басты сұрақ – Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамынан орын ала ала ма?