Қазақстандық блогер Айгерім Бердалиева Алматы көшелерінің қазіргі атауларын мойындамайтынын айтып ,басы дауға қалды

Фото: Threads.com/@mini_knopka
Қазақстандық блогер Айгерім Бердалиева Алматы көшелерінің қазіргі атауларын мойындамайтынын айтып, әлеуметтік желіде сынға қалды.
«Ура, Ленин көшесіндегі билбордта менің суретім тұр. Мені қызғаншақ құрбым сияқты құттықтаңдаршы»
«Маған бәрібір – Ленин. Одан да артық айтайын: маған бәрібір 2 – Фурманов! Ешқандай Достық, Назарбаев, Наурызбай батыр, Желтоқсан деген атауларды қолданбаймын. Нағыз алматылықтар Ленин, Фурманов, Дзержинский, Мира, Виноградов, Комсомольская деп айтады»- деп тредс желісінде жазба қалдырған
Ол Достық даңғылын Ленин, Назарбаев көшесін Фурманов деп атайтынын мәлімдеп, «Нағыз алматылықтар ескі атауларды қолданады» деген пікір білдірді.
Бұл сөздер қазақстандықтардың наразылығын туғызды. Желі қолданушылары блогерді ел тарихы мен ұлттық құндылықтарға құрметсіздік танытты деп айыптады.
Дау күшейген соң Eurasian Fashion Week ұйымдастырушылары блогердің суреті бар жарнамаларды Алматыдағы билбордтардан алып тастау туралы шешім қабылдады.
Кейін Айгерім Бердалиева эмоцияға берілгенін айтып, көпшіліктен кешірім сұрады.
Видео сипаттамасы
Алматы көшелерінің атауына қатысты блогердің мәлімдемесі үлкен дау туғызды. Eurasian Fashion Week оның жарнамаларын алып тастады. Блогер кешірім сұрады.












