«Тоқаев енді жемқор шенеуніктерді қамшымен сабайды» — белсенді Дияс Нұрақын
Тоқаев енді қазақтың несібесін ұрлап-жырлайтындардың басына әңгіртаяқ ойнатып, қамшы үйірмек. Ұлттық ақпарат кеңістігінде Қазақ елінің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарға маңыз танытып, дырау қамшы [үлкен қамшы] сатып алған видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәтті саудасына қатысты ақпар айтып, ерекше пікір білдіргендің қатарында журналист Диас Нұрақын да бар. Ол:
— Қасым-Жомарт Тоқаев қамшы сатып алды. Енді жұмыс істемейтін, тапсырманы орындамайтын, қымбатшылыққа жол берген, ақша жеген шенеуніктерді шықпыртып тұрып сабайтын шығар?!
Қамшы 16 мың теңге тұрады екен. Президент төс қалтасынан әмиянын шығарып, 20 мың теңге ұстатты да, сдача керек емес деді. Біз каспий голдпен жүрсек, президент әлі наличка ұстайды екен.
Кезінде Назарбаев бір дүкенге кіріп, ақша таппай, күзетшісінен сұрап еді. Қазіргі президенттің қалтасында қашанда ақша жүретін сияқты, — деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram