AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабы мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары Атырау медициналық колледжінде жалғасты

AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабы мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары Атырау медициналық колледжінде жалғасты.

Білім беру нарығында 75 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан салалық білім нысаны жергілікті маман дайындау ісіне үлес қосып келеді. Бүгінгі күнге дейін оқу орнын 16 мыңнан астам орта буын медицина мамандары тәмамдаған. Жыл санап, салаға қызығушылар саны артып келеді. Мәселен, аталған колледжге 2000-ға жуық талапкер құжат тапсырады екен. Барлығы бірдей қабылданбайтыны белгілі. Десек те, жергілікті бюджет арқылы бөлінетін гранттар да көбейіп отыр. Соған сай, алдыңғы жылы 200, былтыр 305 студент қабылданған.
Еңбек ұжымымен кездесу барысында проблемалық мәселелер де айтылды. Оқу тиіптік ғимарат пен спорт залы жоқ екені белгілі болды. Ақылы топ арқылы студенттер санын арттыру жоспарда болғанымен, оқу ғимараты жоқтығы қолбайлау.

Рас, ұлт саулығын қалыптастыру жолында сала мамандарының еңбегі өлшеусіз. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында таяу бесжылдықта облыс бойынша 20 медициналық нысан құрылысының сапалы және уақытылы салынуын бақылауға алу жоспарда. Стратегиялық мәнге ие құжатта денсаулық сақтау саласын дамытуды көздейтін өзге де іс-шаралар жеткілікті. AMANAT партиясының атынан алдағы сайлауға түсетін кандидаттар мен сенімді өкілдер осыны атап, дауыс беру, таңдау жасаудың маңызды екенін де жеткізді.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді