«Кімдікі дұрыс»: Әнші Кенжебек Жанәбілов тойда шашын тартқан адамды итеріп жіберді (видео)

«Музарт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің шашын тойда белгісіз адам тартқылаған. Ал өнер иесі белгісіз ер адамды итеріп жіберді. Жанәбілов бұл видеоны Instagram желісіне жариялап, көпшіліктен кімнің ісі дұрыс екенін сұраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода ән айтып тұрған әншіге тойда жүрген азаматтардың бірі жақындап келіп, шашын тартып көрген. Ал Кенжебек Жанәбілов белгісіз ер адамды итеріп жіберді. «Менің орнымда басқа біреу болса… Кімдікі дұрыс?», — деп жазды Кенжебек Жанәбілов. Желі қолданушылары белгісіз ер адамның бұл әрекетінің дұрыс еместігін жарыса жазды. «Әрине, сіздікі дұрыс», «Жас жігіт емес, ересек ер адамның әрекеті дұрыс емес», «Баланың тірлігін жасапты», «Шашыңыздың бұйрасын рас па, өтірік пе деп тексеріп көрген шығар», «Мынау ұят енді», «Дұрыс істедіңіз», — деп жазды желідегілер. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кенжебек Тұрсынбайұлы (@kenzhebekmuzart)