Нұрлан имам: Үйім жоқ, бала-шағаммен мешітте тұрамын
Заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы үйі жоғын ашық айтты. Алайда имамға үй ұсынғандар да болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz порталына сілтеме жасап.
Нұрлан Байжігітұлы көп балалы әке. Бүгінгі таңда 7 баланы тәрбиелеп отыр.
Журналистің бала-шағаны қалай асырап жатырсыз деген сауалына имам былай деп жауап берді.
«Ел бар, халық бар. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі, оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның проектісі болғым келмейді»,- деп жауап берді имам Нұрлан Байжігітұлы.