«Отбасымнан бөлек тұрамын»: белгілі актер Қуандық Шәкіржан ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
Танымал актер Қуандық Шәкіржан » Алғашқы» бағдарламасында отбасы, әйеліне қатысты сырымен бөлісті, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.
Актер «Бауыржан шоу» театрында жүрген кездерін еске алып, жас отбасы кезінде балаларының тәрбиесіне араласа алмағанын мойындады. Сөзінше әйелі өзіне әлі күнге өкпелі.
«Әр нәрсенің себебі болады. Қызым бой жетті, ұлым ер жетті. Жұбайым Арай балаларға жақсы тәрбие берді. Гастрольмен көп жүрдік. «Бауыржан шоуда» билет өтпей қалады деген ой мүлде болмайтын. Қай облысқа, қай ауданға барсақ та, билет жоқ. Алматыда әрі кетсе 10-15 күн болып, тағы кетеміз. Өтірік айтпасам, он жылдай солай жүрдік-ау.
Он жылдың жартысы жолда, жартысы Алматыда өткен шығар. Отбасы болған соң, әр жанұяның жеке сыры болады. Сырын көп айтпайтынмын. Қазір жанұядан жырақ, уақытша гастрольде жүрмін, шынын айтқанда. Солай болуы керек шығар.. Мінезіміз де жараспады ма?! Ұл-қызыммен жиі араласып тұрамын. Мамасы сұхбат беруге келмесе, маған өкпесі бар шығар. Өмір болған соң, бәрі де болады. Қайтадан қосыламыз ба? Оны құдай біледі. Қосылмай, сериал аяқталуы мүмкін», — деді Қуандық Шәкіржанов.
Бағдарлама танымал адамдардың ешжерде айтылмаған сырлары мен өмір тарихындағы ерекшеліктерді алғаш болып айтуға тырысады. Бірақ, актер Қуандық жайлы санында оның алаларының анасы түсірілім мен сұхбаттан түбегейлі бас тартқан.