Біз қазақтарға көмектесуіміз керек-Украиналық саясаткер Алексей Гончаренко
Украиналық саясаткер Алексей Гончаренко Еуропарламентте сөйлеген сөзінде Ресейдің Қазақстанға деген көзқарасы мен Ресей мемлекетінен төніп тұрған қауіп-қатер туралы айтты деп хабарлайды altyn-orda.kz
Оның пікірінше, Қазақстан қазірдің өзінде көршілес Ресейдің гибридті ақпараттық шабуылына ұшырады.
Күн сайын орыс насихаты Қазақстан, әсіресе оның солтүстік бөлігі Ресейдің бір бөлігі, Ресей билігі орыстілді халықты қорғауы керек деп айтады.
Гончаренконың айтуынша, ол Ресейдің басқыншылық саясатынан басқа елдің зардап шеккенін қаламайды.
Қазақстан да бүкіл Орталық Азия аймағы сияқты екі империяның ортасында орналасқан. Біз олардың азат әлеммен бірге болуына көмектесуіміз керек, олардың бізге жақындауына мүмкіндік беруіміз керек, – деп түйіндеді ол.