Астанадағы банктердің бірінің бөлімшесі мен келген халықты қарулы азамат басып алған

Астанадағы банктердің бірінің бөлімшесі мен келген халықты қарулы азамат басып алған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы болған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізуде.

Хабарлама бұған дейін жексенбі күні әлеуметтік желіде тараған болатын. Пайдаланушылар филиалдың «Керуен» сауда үйінің ауданында орналасқанын көрсететін бейнематериалдарды таратып жатыр.