Астанада банкке келген ер адамның адамдарды кепілге алуы : Kaspi мәлімдеме жасады

Kaspi Bank баспасөз қызметі әзірге филиалда тек банк қызметкерлері ғана екенін, филиалда клиент жоқ екенін хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауыңызды және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуіңізді сұраймыз. Кез келген жалған ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін», — деді Kaspi Bank баспасөз қызметі.

Бұған дейін Астанадағы банктердің бірінде белгісіз біреудің бірнеше адамды кепілге алғаны белгілі болған.
«Мекемеге келушілермен бірге Достық көшесіндегі Kaspi Bank ғимаратында ер адам өзін құлыптап алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы», — деп хабарлады POLISIA.KZ Telegram арнасы.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүргені, ер адаммен келіссөздер жүргізіліп жатқаны хабарланды. Тәртіп сақшылары елордалықтардан сабыр сақтап, құзырлы органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрады.

ТегтерKaspi