«Бейбіт бірде-бір рет ұрған жоқ»: Шүменовтің әйелі Астанадағы төбелес туралы айтты

Астанада сауда орталығындағы төбелеске қатысты оқиға тағы жалғасты. Бейбіт Шүменовке қатысты сын толқынынан кейін оның әйелі АҚШ елшілігіне жүгінген, — деп хабарлайды Tengri Sportқа сілтеме жасаған sn.kz

Белгілі қазақстандық боксшының әйелі Кэридің (АҚШ азаматы) редакцияға айтуы бойынша, Бейбіт Шүменов өзін қорғау мүддесінде ғана әрекет еткен. Кэри «жанжалды ушықтырмас үшін, бала көтерген ер адамнан кетуді өтінгенін» айтты.

«Мен кетуін сұрап, бірнеше рет айғайладым… Бейбіт ол кісі ұстаған баланы бірде-бір рет ұрған жоқ», — деп жалғастырды ол.

Кэридің айтуынша, ол «АҚШ-тағы ресми өкілдерден көмек сұрауға мәжбүр» болған. Ол Қазақстанның мемлекеттік органдарын «әрекет жасамады» және «деректерді елемеді» деп айыптады.

Бұл ретте Кэри оқиға болған күні бөлімшедегі полиция қызметкерлері оған сыпайылық танытып, кәсіби түрде әрекет еткенін атап өтті. Бірақ содан кейін «органдар тарапынан немқұрайлық» пайда болғанын айтқан.

Кэри ойын алаңында баласын басқа бала ұрып, жанжалдың екінші қатысушысы Шүменовке пышақ ала ұмтылды, кейінірек сынған бөтелкемен шабуыл жасады деп санайды. Әйел төбелес кезінде жарақат алғанын, ал күйеуі өзін қорғағанын айтады.