«Алматыны жер бетінен жою керек»: Астаналық әйел желіде қазақтар туралы әдепсіз сөздер айтты (видео)

Желіде Астана тұрғынының қазақтар туралы әдепсіз сөздер айтып, тәртіпсіздікке шақырған видеосы тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеоны egov.press Telegram-арнасы жариялады. Онда әйелдің Астанада тұратыны және бұл оның ұлтаралық араздықты қоздырып, қазақтар туралы әдепсіз сөздер айтқан жалғыз жазбасы емес екені жазылған.

«Бұл қазақтарды барып қорғаудың қажеті жоқ еді. Жаңаөзендегідей бірін-бірі өлтірсін. Сондықтан мен тонау басталғанын қалаймын. Сол кезде кімнен көмек сұрап, кімге қарай жүгіретініңді көрер едік. Алматыны жер бетінен жойып жіберу керек» – дейді видеодағы әйел.

Астана полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қылмыстық іс аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады» — делінген хабарламада.